Екі шеңбердің өзара орналасуы

 

Сыныбы 7Күні   13.03
Сабақтың тақырыбыЕкі шеңбердің өзара орналасуы
МақсатыШеңбер және оған жүргізілетін жанама, екі шеңбердің өзара орналасуы туралы біледі және оның  қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады
Күтілетін нәтижеА. Шеңбер және жанаманың анықтамасын біледі

В. Шеңберлердің орналасуы қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады

С. Күрделі есептерді қарастыра алады

Керекті жабдықтарАКТ мүмкіндігі, оқулық, презентация, әдістемелік құралдар, үлестірме парақтары, бояу қарандаштар, бағалау парақтары
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдеріМұғалімнің әрекетіОқушының әрекеті
Кіріспе

 

Шаттық шеңбері

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен

Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сәлемдесіп бір-біріне сәттілік тілейді.

Дайын жауабы арқылы есептерін тексереді. Өзін-өзі бағалау

Тұсау кесер

 

 

 

Өткенді қайталау арқылы  жаңа сабақты меңгеруін ұйымдастыру. Оқушыларды топпен жұмыстандыра отырып оларға түрткі сұрақтар қою.

1.Шеңбер, шеңбердің центрі, радиусы деген не?

2.Шеңбердің хордасы деген не? Қандай хорда диаметр деп аталады?

3.Қандай түзу шеңберге жанама деп аталады?

Оқушылар жұптаса отырып қойылған сұрақты оқулық арқылы еске түсіріп талдау жасайды.

Сабақтың мақсатын құрады

Негізгі бөлім

Сергіту сәті орындату

«Телпек»

Телпегім  менің дөңгелек

Дөңгелекше  телпегім менің

Егер ол  дөңгелек  болмаса,

Ол емес  менің  телпегім

 

Жаттығудың  ережесін  түсіндіру:

Телпек  дегенде басымызды, менің  дегенде  өзімізді, дөңгелек  деген  кезде  ауада шеңбер сызып көрсетеміз.

Жұптаса отырып диалогтық оқыту модулі бойынша жұмыстанады, зертеушілік әңгіме, топтық әңгіме, жоғары деңгейлі сұрақтар беру, есептер  шығарту.

Шеңберлердің қандай жанасуы сырттай жанасу, ал қандай жанасуы іштей жанасуларын қарастырыңдар.

Мына есептерді № 12 (Погорелов) №219,221 шығарыңдар.

Топпен талдау жасап, бір-біріне түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді, ойларын А3 форматына түсіреді, жұп өз постерін қорғайды.

Дұрыс дәлелдемені дәптерге барлық оқушылар түсіреді.

Есептер шығарады:

Жұпта шығарып, есепті талдайды, өзара бағалайды.

Қортынды

 

 

Бүгінгі сабақты ыстық орындық әдісімен қортындылаймыз

Үйге тапсырма №217 өзіңді тексер

Өзара және өзін-өзі бағалау арқылы бағалау парағын толтырады.

Бір оқушы ыстық орындыққа отырады қалған оқушылар оған  сұрақтар қояды, ол жауап береді. Смайликтер арқылы рефлексия

Сабақтың өзіндік талдауы
Сабақ бойынша өзгертулер