Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
Сабақтың тақырыбы: | Теңдеу | ||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты : | Теңдеуді шеше білуге дағдыланады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Әдісі: | сұрақ-жауап | ||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер: | А: Теңдеудің анықтамасын, қасиеттерін біледі. В: Теңдеудің қасиетін пайдаланып, теңдеуді шеше алады. С: Теңдеуді өмірмен байланысты түсіндіре алады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар: | Жұмыс дәптері, қалам, слайд, ресурс парақтары, бағалау парағы, АКТ мүмкіндіктері | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері: | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе
| 1. Тұлғааралық байланысты орнату 1. Сыныппен амандасу. 2. «Мен сыныппен жұмысты қалай бастаймын?» Оқушыларды үш топқа бөлу. (Формула, дәреже, пайыз) 2. Үй тапсырмасын тексеру: №300 Ң. x+187:11=21; Д. 16*25-28x=612:3; Е. 27:x+405:9=48; У. 581:83+51:x=24; Т. 216:x+16*18=324; Е. 24x-345:23=105. | 1. -мұғаліммен сәлемдесу; — кезекшілік қызметін атқару; — сабаққа зер салу.
2. оқушылар берілген теңдеулерді шешіп, бүгінгі күннің тақырыбын табады.
| |||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | Ерте, ерте, ертеде сиқырлы математика әлемінде Теңдеу атты шаһар болыпты. Бұл шаһарды Теңдік атты патша билепті. Патша айналасындағы елдерге өзінің билігін жүргізіпті. Патша бір санды х немесе у, немесе тіпті басқа әріптер арқылы жасырып , есептер құрастыруды әдетке айналдырыпты. Ол сонымен қатар өз шаһарына тек білімді, зерек адамдарды жинапты. Бүгінгі біз білімізді дәлелдеу үшін сол патшалыққа саяхат жасаймыз. Ол үшін біз математика амалдар қалаларынан өту керекпіз. Патша шаһарына жету үшін жол бойындағы тапсырмаларды тиянақты орындауымыз керек. 1. Цифрлар елі 2. Қосу елі 3. Азайту елі 4. Амалдар елі 5. Бөлу елі 6. Теңдеу шаһары 1. Цифрлар елі Тақтада сандар жапсырулы. Оқушылар сұрақты таңдайды. 1. Қандай теңдік теңдеу деп аталады? 2. Теңдеуді шешу дегеніміз не? 3. Белгісіз қосылғыш қалай табылады? 4. Белгісіз көбейткіш қалай табылады? 5. Белгісіз бөлгішті қалай табамыз? 6. Белгісіз азайғышты қалай табамыз? 7. Белгісіз бөлінгішті қалай табамыз? 8. Белгісіз азайтқышты қалай табамыз? 9. Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз? 2. Қосу елі Кеспе қағаздарымен жұмыс
3. Азайту елі Сәйкестендіру тесті 4. Амалдар елі «Айналмалы бекет» әдісі бойынша топта «ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясын пайдаланып, келесі тапсырмаларды орындаймыз. Теңдеуді шешіңдер: 1-топ 1. Себетте бірнеше саңырауқұлақ болды. Оған 27 саңырауқұлақ қосқаннан кейін, себетте барлығы 75 саңырауқұлақ болды. Алғашқыда себетте қанша саңырауқұлақ болды? 2. 3. 2-топ 3) Бірінші қапта 46,3 кг, ал екінші қапта 38,5 кг қант бар. Екі қаптағы қанттың массаларын теңестіру үшін неше килограмм қантты бірінші қаптан екінші қапқа ауыстырып салу керек? 3-топ 1)
3) Елдостың тауықтары мен қозылары бар. Қозылар тауықтардан 3 есе кем. Қозылар мен тауықтардың барлығында 40 аяқ бар. Елдостың неше қозысы, неше тауығы бар? 5. Бөлу елі Формула тобы Теңдеуді шешіңдер:
Пайыз тобы Дәреже тобы 5.Теңдеу шаһары Жарайсыңдар балалар! Сонымен біздер Теңдеу шаһарына да келіп жеттік. |
Әр топтан 3оқушы сұраққа жауап береді.
Топ бірін-бірі бағалайды. 1-топты 2-топ, 2-топты 3-топ, 3-топты 1-топ тексереді. Есептерді орындауға қойылатын критерийлер:
Оқушылар теңдеуді шығарып сәйкес санды анықтайды.
Топтар бір-бірінің алдындағы тапсырмаларды айналмалы бекет әдісімен топтарды айнала отырып орындайды. Есептерді орындауға қойылатын критерийлер:
| |||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды | Жеке жұмыс: Тест. 3. Үй тапсырмасы: А : №1034; В: №1035; | 1. Оқушылар жазбаша орындап, жауап береді. 2.Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. 3.Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
Бағалау парағы
| |||||||||||||||||||||||||||