Кері пропорционал шамалар
Сабақ тақырыбы: Кері пропорционал шамалар
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
Кері пропорционал шамалар туралы түсінік қалыптастыру, тақырыпқа есептер шығару
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
4.Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):
Білу: Кері пропорционал шамалар туралы білетін болады (барлығы);
Түсіну: Кері пропорционалдықтың қасиетін түсінеді (барлығы);
Қолдану: Есеп шығаруда ережені қолдана алады (көпшілігі);
Талдау: Кері және тура пропорционал шамаларды ажырата біледі (көпшілігі);
Жинақтау: Кері пропорционал шамаларға мысалдар келтіре алады (кейбіреуі);
Бағалау: Өзінің және өзгенің жұмысын бағалай алады (кейбіреуі)
- Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу):
Мадақтау, өзін-өзі бағалау, жұптарда өзара бағалау, топтарда өзара бағалау, бағдаршам әдісі
- Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу:
Мен тапсырма мақсатына қол жеткізуге көмектесемін. Мен сондай-ақ қатарларды аралап шығамын.
7.Ресурстар мен жабдықтар (алдын ала тапсырыс беру қажет тех.құрылғылар тізімі): пауер пойнт, үлестірмелер, плакаттар
Сабақ барысы
Бөлім | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар |
Кіріс пе | Оқушыларды топқа бөлу
| Стикерлерге ондық бөлшектер, жай бөлшектер және натурал сандар жазылады, сол сандар арқылы топтарға отырады | Стикерлер, жұмыс парағы
|
Психологиялық тренинг «Көтеріңкі көңіл-күй» | Оқушылар бүгінгі сабаққа тілегін жазып, бір-біріне береді | ||
Тұсау кесер
| Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырамын және жұмыс жоспарымен таныстырамын | Оқушылар күн мен сабақтың тақырыбын жазады.
| Үлестір ме қағаздар |
Үй тапсырмасын сұрау | Тапсырманы жұптарда өзара тексеріп бағалайды | ||
Негізгі бөлім | Математикалық диктант /ортақ жеке жұмыс/
Жұмыс кері байланыс парақтары арқылы тексерілетін болады | Оқушылардан сұралатын болады, біліммен бөліседі а) Сөйлемді толықтырыңдар: «Екі қатынастың теңдігі…деп аталады» «Егер бір шама бірнеше есе артқанда (кемігенде), екінші шама сонша есе артатын (кемитін) болса, онда мұндай шамалар … деп аталады» «Натурал санды бөлшекке немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін…» «Картадағы кесінді ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын … деп атайды» | Плакаттар, жұмыс парағы |
Ой қозғау /топтық жұмыс/ 1. Кері пропорционал шамалар дегеніміз не? 2. Кері пропорционал шамалардың қасиеті 3. Кері пропорционал шамаларға мысалдар
Топ жұмысы бағдаршам арқылы бағаланады | Оқушылар топпен талқылайды. Талқылап болғаннан кейін тақырыпты топ баяндамашысы түсіндіреді. | ||
Оқулықпен жұмыс /топтық жұмыс/ 1-топқа: №172 (1) 2-топқа: №172 (2) 3-топқа: №174
| Оқушылар есептерді топта талықлап содан кейін тақтаға жазатын болады (Әр топтан орындығына стикер жапсырылған оқушы есепті тақтада шығарады) | ||
Венн диаграммасы Тура және кері пропорционал шамалар | |||
Бөшкеден шыққан басқатырғылар /топтық жұмыс/ №1. Жылдамдығы 75 км/сағ поезд екі қаланың арасын 6 сағат жүрді. Поезд осы аралықты 5 сағатта жүріп өту үшін қандай жылдамдықпен жүруі керек? №2 Кітапта 132 бет бар. Бір бетте 40 жол, бір жолда 27 әріптен жазылған. Егер бір бетке 48 жол, бір жолға 30 әріптен жазылса, осы кітапта неше бет болар еді? №3 Дайындалған мал азығы 75 сиырға 184 күнге жетеді. Егер сиырлар саны 40 сиырға өссе, осы дайындалған мал азығы неше күнге жетер еді? | Оқушыларға бөшке ішіне салынған есептер беріледі. | ||
Қорытынды | Бақылаушылардың, топ басшылардың пікірін тыңдау. Түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазуды тапсыру | Топ жетекшілері сабақ басында қойылған критерийлер бойынша өз тобын және басқа топтарды бағалайтын болады. Сонымен бірге оқушылар сабақ рефлексиясын және сабақ барысында түсінбеген 1 сұрағын стикерге жазып тапсырады. | Бағалау парағы |