Кейбір сандарға бөлінгіштік белгілері
Сабақтың тақырыбы: Кейбір сандарға бөлінгіштік белгілері
- Сабақтың мақсаты:
а). Бөлінгіштік белгілері жайындағы ережелерді есептеулерде қолдана білу, өтілген тақырыпты оқушы санасында бекіту
б). Тиянақтылыққа, дәлдікке сабырлылыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу
в). Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ынтасын арттыру және оқушылардың білім-дағдыларын арттыру - Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
4. Пәнаралық байланысы: қазақ тілі - Сабақтың барысы: 1. Сабақты ұйымдастыру
2. Өтілген материалдың игерілу барысын тексеру
3. Жаңа сабаққа есептер шығару
4. Үй тапсырмасын беру
5. Қорыту, оқушыны бағалау
Оқушылар екі ауылға бөлінеді.
Мұғалімнің сөзі: Халқымыздың ұмыт болған болжамдарын еске түсіреміз.
3-ке бөлінгіштік ережесіне байланысты 3 санына арналған атадан қалған қандай асыл сөздерді білесіңдер
Үш арсыз: Ұйқы, тамақ , күлкі
3- ке бөлінгіштік белгілеріне байланысты: « досыңды үш күн сынама, үш жыл сына», «Ат баспаймын деген жерін үш басады», « Ер кезеңі үшке дейін»
“5”-ке- «Бес саусақ бірдей емес»
«5- қару- Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
5 асыл-Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
5 дұшпан- Өсек өтірік мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ
9-ға – « Тойған жерде тоғыз кеш», «Тоғыз тоқылдақ, бір селкілдек»
Жарысымызды бастау үшін, екі ауылдың сәлемдесуі басталады.
2-ге бөлінгіштер ауылы
Бөлінгіштер, есептер, көз қуантқан.
2-ге бөлінгіштер сағындырып ат шалдырған,
2-ге бөлінгіштер ауылы білімімен
таң қалдырып, сусыныңды қандырған.
3-ке, 5-ке бөлінгіштер ауылы:
Қусаң да, сен қаншама
Жолатпайым шаңыма.
Білім сынап, жарыспа
Адасып кетпе, шаңыма.
Ал, енді, жарысымызды бастаймыз. Әр есепті шығарып болған соң, киіз үйді тақтаға тігіп отырамыз. Қай ауылдың киіз үйі бұрын тігіліп болса, сол ауыл жеңіске жетеді.
Екі жарысы:
- Мына сандардың қайсысы 2-ге бөлінеді, қайсысы 3-ке бөлінеді 837,578,1134,6023,2751,7196,5973,1849
2
Мына сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді, қайсысы 5-ке бөлінеді 310, 405, 822, 38848, 6100, 1845, 475
- 0, 2, 5 сандары арқылы жазылатын барлық үш таңбалы сандарды жаз, олардың қайсысы 2-ге, 5-ке бөлінеді
4 3n+1 түріндегі сандардың 5-ке бөлінетін үшеуін тап
- Мына сандардың қайсылары жұп, қайсылары тақ.
125, 856, 6750, 907, 119, 548, 13, 17, 344 - Тапқырлық сайысы:
1). « Бұл не?»
бір қазақ, желтоқсан, екібастұз, бесік, жеті қарақшы,
тоғыз құмалақ, сегіз аяқ, алтын.
2). « Кім жылдам»
Мына сандардың қайсысы жұп, қайсысы тақ.
274, 519, 1000, 672, 991, 4283, 1176, 2228, 4445
- Жеке оқушыларға перфакарта беріп, дұрыс шығарылуын тексерелік
- Төрт әріптен тұратын,
Түрлі сөзді құрамын.
Т-ны кесіп тастасақ
Биігірақ жер боламын
Қайта ойланып қарасақ
Сый құрметті жарты Т-дан
Лаулап жанған от болам
Жауабы: 4
6. Капитандар жарысы: (ауыл ағасы)
Екі топтың ауыл ағасын тақтаға шақырып есеп шығарады.
№194, №198 шығарылады
Жеңімпаз ауыл аталып білгіштер бағаланады.
Сабақ қорытындыланады
Оқушылар білімін бағалауҮй тапсырмасына: № 258-260 есептері беріледі
Оқушылардың білімі бағаланып тиісті бағалары қойылады