Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Куб сантиметр
Сабақтың тақырыбы: Көлемді өлшеу. Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі. Куб сантиметр
Сабақтың мақсаты: 1. Тік бұрышты параллелепипед туралы ұғымды тереңдету оның көлемін табуды меңгерту, куб сантиметр ұғымымен таныстыру.
Көлемнің өлшем бірлігі жайлы жан-жақты меңгертіп, оқушының ой-өрісін, ауызша есептеу дағдыларын арттыру; көлемді таба білуге төселдіру.
- Өз бетінше ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілетін арттыру.
- Шапшаңдыққа, топтық есеп шығару арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру.
Сабақтың көрнекілігі: Тік бұрышты параллелепипедтер, электрондық оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.
Сабақтың барысы:
І Бағдарлау – мотивациялық кезең (10минут)
Психологиялық дайындық, оқушылар назарын сабаққа аудару.
— Оқушылар, бір-бірімізге сәттілік тілеп, жақсы тілектер айтайық.
— Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — деп бүгінгі сайыс сабақта белсенділік көрсетейік.
(сыныпты 2 топқа бөлу) Геометриялық фигуралар таратып отыру
1.Алдымен үй тапсырмасын тексеріп алайық. (№9 105 бет)
а) 4910645:5-81208:8=88178 б) 94068:9*5-1990=50270
ә) 72102:6+61074:9= 18803 в) 93102:6*7+87061= 195680
- «Күш – білімде» дегендей 2 топ сұрақтарға жауап береді.
1-топқа 2-топқа
|
|
ІІ. Операциялық-орындаушылық кезең (20 минут)
- «Есептер әлемінде» Оқулықпен жұмыс. (Мұғалімнің түсіндірмесі)
№1 106 бет Тік бұрышты параллелепипед тәріздес жәшіктің өлшемдері 5дм, 2дм
және 1дм V — ?
V= 5*2*1=10(дм3) 5дм = 50см
2дм = 20см
1дм = 10см
V= 50 * 20 * 10 = 10000(см3)
- «Кім зерек?» сайысы бойынша 2 топ түсінгендері бойынша есеп шығарады.
1-топ: №2 106 бет 2-топ: №3 106 бет
V= 5*3*2 = 30(дм3) V= 9*4*6 = 216(м3)
- «Сәл, дамылдайық» (музыка ырғағымен)
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
- «Кім жылдам?» жарысында бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. №4 106 бет ауызша
Жәшіктің ұзындығы | 6дм | 6дм | 5дм | 4дм | 6дм |
Жәшіктің ені | 2дм | 3дм | 4дм | 3дм | 4дм |
Жәшіктің биіктігі | 1дм | 1дм | 2дм | 2дм | 3дм |
Жәшіктің көлемі |
- Сурет бойынша есеп құрастыру (әр топтан бірінші кім шығарады?)
Тігінші – 1 сағатта – 5 қалпақ
Шәкірті – 1 сағатта – 3 қалпақ 7 сағатта ? қалпақ
1-тәсіл: 5*7 = 35 (қ)
3*7 = 21 (қ)
35 + 21 = 56(қ)
2-тәсілін кім бірінші шығарып болды?
(5+3) * 7=56 (қ)
Жауабы: олар 7 сағаттық жұмыс күнінде барлығы 56 қалпақ тігеді.
- Сызба бойынша есеп шығар. (кім бірінші өз бетімен шығарады?)
В.19км/сағ 5 сағат М.?км/сағ
380км
19*5 = 95(км)
380 – 95 = 285 (км)
285 : 5 = 57 (км/сағ)
57 : 19 = 3 (есе жылдам)
Жауабы: мотоциклші велосипедшіден 3 есе жылдам жүрген.
ІІІ. Рефлексиялық — бағалау кезең (10 минут)
- «Шапшаң есепте»
1-топ: 2*1380 = 2760 2-топ: 1380 – 5 = 1375
5+1380 = 1385 1340 : 4 = 335
12008 : 8 = 1501 14096 : 8 = 1762
- «Ойлан, тап» шығармашылық тапсырма
С
— Үшбұрыштарды белгіленуі бойынша ата
— Бір кесінді жүргізгенде қандай фигура шығады?
В
Д
А
Е
- «Мен бүгін не үйрендім?» Рефлексиялық жаттығу.
Оқушылар сабақтан алған әсерін, жетістігін, кемшілігін жазады.
Менің жетістіктерім Менің кемшіліктерім
Бағалау, жеңімпаз топты анықтау. (геометриялық фигураларды санау)
Жа – рай – сың – дар!
- Үйге тапсырма.(5 минут)
- №9 106 бет 2,3,4 бағаны
- №7 теңдеулерді шешу тәсілдерін салыстыру 106 бет
- Қожанасырдың өтірік жасын табу. 107 бет