Ондық бөлшектер тарауы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау жаттығуларЫ
Сабақтың мақсаты:
а) Ондық бөлшектер тарауын пысықтау, шыңдау, қорытындылау
ә) Шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
б) Логикалық ойлау қабілетін, өзбетімен жұмыстана білу дағдысын, шығармашылық қабілетін, тез, дәл есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, ойын, тест, деңгейлік, жеке оқушымен жүмыс
Көрнекілігі: Кесте, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары, суреттер
Сабақтын өту барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру
Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда ұшақпен ондық бөлшектер әлеміне саяхатқа шығып, ондық бөлшектерден алған білімізді саралап, қорытындылаймыз. Ұшаққа отыру билетін алып, қандай ұшақпен ұшатынымызды біліп, ұшаққа орналасайық.
- «Шапшаңдық гимнастикасы»
Тақтаға алдын ала ілінген (бір жағында сұрақ, бір жағында әріп) дөңгелекшелерде жазылған сұрақтарға жауап алу.
- Ондық бөлшектерді салыстыру ережесі (И)
- Ондық бөлшектерді қосу, азайту ережесі (Л)
- Ондық бөлшекке айналдыр: бір бүтін төрттен бір (‑)
- Ондық бөлшектерді көбейту ережесі (1)
- Мына ондық бөлшектерді оқы: 0,013; 1,24; 12,008; (1)
- Ондық бөлшекті натурал санға қадай бөлеміз? (0)
- Ондық бөлшектерді бөлу ережесі.
Сонымен біз ИЛ-110 ұшағына орналастық.
Ал ұшақта негізінен жолаушылар музыка тыңдайды, газет оқиды, сөзжұмбақ шешеді, ал біз «Білім мен дәстүр» сынынан өту үшін мына тапсырмаларды орындайтын боламыз.
- «Білім және дәстүр» сыны тапсырмалары
№1 тапсырма
- «Білім сыны» сұрағы: а) Кестемен жұмыс
Жай бөлшек | 3 4 | 7 25 | ||
Ондық бөлшек | 0,32 |
- «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Айт мейрамдарын ата
№2 тапсырма
- «Білім сыны» сұрағы: а) «Тізбек» ойыны
Ондық бөлшектерді салыстыр:
3,8 * 3,08 6,279 * 6,28
1,52<*<1,6 2,8<*<2,9
0,59 * 0,5 5,4039 * 5,404
0<*<0,1 12,6<*<12,66
- «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлыстың ұлы күні туралы не білесің?
№3 тапсырма
- «Білім сыны» сұрағы: а) Тест жұмысы (ауызша)
Алдарыңдағы түрлі-түсті сигнал карточкалар арқылы дұрыс жауапты көрсетіңдер.
А В С
- Қосуды орында: 5,2+13,058=
А) 63,060 Ә) 18,060 Б) 18,258*
- Азайтуды орында: 3-2,66=
А) 2,63 Ә) 0,34* Б) 2,36
3.Көбейтуді орында: 3,2 * 4=
А)128 Ә) 1,28 Б) 12,8*
- Бөлуді орында: 0,84 : 7 =
А) 0,12* Ә) 12 Б) 1,2
- «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлттық ойындарды ата
Міне, «Білім мен дәстүр» сынынан өтіп, межелі жерге де жеттік.
Қандай сөз жазылған? «Көктем»
Ал көктем туралы не айтасыңдар? Күтілетін жауаптар: Күннің жылынуы, аналар мерекесі, көрісу айт , ұлыс күні, жыл құстары, құстардың ұя салуы.
III. « Кім тапқыр?» ойыны
«Қандай құстың ұясы екен?»
Қарылғаштың ұясы 3. Теңдеуді шешіңдер:
(8,8-х)-2,5=3,3
- Есептеңдер: 4. Өрнектің мәнін тап:
— 0,85 = а=35 а-17*0,7
- Есептеңдер: 5. Амалдарды орында:
20 : 25 = 1,39+4:2,5 =
№1 | №2 | №3 | №4 | №5 |
2,3 | 0,8 | 3 | 22,82 | 2,99 |
Сұқсыр | Бізтұмсық шөже | Қамысторғай | Шүрілдек | Құрқылтай |
- «Кім күшті» ойыны (гир көтеруден жарыс)
Деңгейлік тапсырма
1) Амалдарды орында: (0,98+-0,27)*6 Ж: 8,46
2) Ауданы ұзындығы 7,5 м, ені 3,2 м бөлменің ауданымен бірдей, ұзындығы 6,4 бөлменің енін тап. Ж: 3,75 м
3) Автомобильдің бензин бағына жол жүрерден бұрын 54 л бензин құйылды. Ол 240 км жүргенде бақтағы бензиннің -ін шығындады. Автомобиль 1 км жолға қанша бензин шығындады? Ж: 0,1 л
- Қорытындылау
Міне, қайтатын да уақыт жетті. Саяхатқа шыға отырып, ондық бөлшектер тарауынан алған білімдерімізді көрсеттік. Бізді әуежайда туыстарымызбен бірге журналистерде күтіп тұр екен. Журналистердің: «Ондық бөлшектерге саяхат жасауда Не ұғындың? Не білдің?» сұрақтарына жауап берйіп, сабақты қорытындылайық..
- Үйге тапсырма
- Бағалау