Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.
Сабақтың мақсаты: білімділік:Екі сызықтық функция графиктерінің қиылысу және параллель болу шарттарын қорыту; сызықтық функция және тура пропорционалдықтың графиктерін тұрғыза білу;
дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, өз бетінше жұмысты ұйымдастыра отырып салыстыру, заңдылықты табу, жалпылау, зерттеу қабілеттерін дамыту
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке, сабақты ынта қойып тыңдауға, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, зерттеу, есептер шығару
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сұрақ-жауап
ІІІ. Қатемен жұмыс
- Жаңа сабақ
- Сызықтық функциялардың графиктерін зерттеу
- Қорытынды шығару
- Бекіту
- Оқулықпен жұмыс
VII. Үйге тапсырма
VIII. Қорытындылау, бағалау
Экспресс-сауал:
- Қандай функция сызықтық деп аталады? (y=kx+l түріндегі түріндегі функцияны сызықтық функция деп атайды)
- Сызықтық функцияның графигі қандай болады? (Сызықтық функцияның графигі түзу сызық болады)
- Тура пропорционалдық қандай формуламен беріледі? (y=kx түріндегі функция тура пропорционалдық )
- Түзу мен Ох осьінің оң бағыты арасындағы бұрыш неге байланысты өзгереді? (Егер k>0, онда сүйір бұрыш; егер k<0,онда доғал бұрыш.)
- х=а және у=b теңдеуінің графигі қандай болады? ( х=а – ОУ осіне параллель түзу;
у=b – ОХ осіне параллель түзу.)
Қатені тап:
Оқушы функциялардың бірінің графигін салғанда қате жіберді. Қай суретте қате бар?
Сызықтық функциялардың графиктерін зерттеу
Графиктерді бір координаталық жүйеде салып, сұрақтарға жауап бере отырып, қорытынды шығарып көр:
- Барлық түзулер қалай орналасқан?
- Барлық формулаларда ортақ не бар?
- Әр функцияның бұрыштық коэффициентінің мәні қандай?
Тексеріп көрелік!
Дұрыс жауапты табыңдар:
Зерттеуге тағы да сауал!
- Алдыңғы суреттен өзара перпендикуляр екі түзуді табыңдар!
Бұл у= 0,5х+3 және у= — 2х түзулері
Ал міне тағы бірнеше мысалдар
Перпендикуляр түзулердің теңдеулеріне мұқият қарап, сұрақтарға жауап беріп көріңдер:
Қандай жағдайдар екі түзу өзара перпендикуляр болады?
у= 0,5х+3 және у= — 2х
у= — 5х+3 және у= 0,2х+1
у=3х – 1 және у=- 1/3 х+3
Міне бірінші көмек:
Бұрыштық коэффициентке көңіл бөліңіз:
0,5 және — 2 — 5 және 0,2 3 және – 1/3
Екінші көмек:
Бұрыштық коэффициенттерді көбейтіңіз:
0,5 *(-2)= -1 — 5*0,2= -1 3* (-1/3)= -1
Сонымен, екі түзу қай кезде перпендикуляр?
Қорытынды : екі түзу перпендикуляр болады, егер олардың бұрыштық коэффициенттерінің көбейтіндісі -1-ге тең болса
Ендеше барлық зерттеулеріміздің нәтижелерін қорытындылап, нақтылайық …
- k бұрыштық коэффициенті неге «жауап береді»?
- Түзудің орналасуына l саны қалай «әсер етеді»?
к саны
сызықтық функция : | шарты : | қорытынды : |
у= k1x +l1
y= k2x + l2 | k1=k2 | Түзулер параллель. |
k1= k2 | Түзулер қиылысады. | |
k1 * k2= — 1 | Түзулер перпендикуляр |
l саны
Өздік жұмыс
- y=k1x+l1 және y=k2x+l2 екі сызықтық функциялары берілген. Мына шарттар орындалатындай k1, k2 , l1 , l2 сандарын таңдап алыңдар:
— параллель болатын;
— қиылысатын;
— тік бұрыш жасап қиылысатын;
— беттесетін.
Сәйкес формулаларын жазып, салыңдар
Оқулықпен жұмыс
№1388(ауызша), №1391, №1396, 1400
Үйге тапсырма: №1389(ж),1390,1392, №1397
Қорытындылау, бағалау.