Мектепте математика пәнінің мұғалімі болу неліктен ұнайды ?
Мектепте математика пәнінің мұғалімі болу неліктен ұнайды ?
Себебі, математика пәні басқа пәндерге қарағанда өзінің қиындығы мен қызық мол пән. Математика пәнінің осы жақтары мені өзіне қызықтырады. Математика пәнінен сабақ беру кезінде шығарылу қиындық келтіретін тапсырмалар не болмаса жауаптары дәл шығпайтын есептер тобы кездеседі. Осындай тапсырмалардың шешімдерін оқушылармен бірлесе отырып табу, талдау мұғалімді де, оқушыны да шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді. Математика пәнін оқушыларға оқытып, меңгерту арқылы олардың бойында өмірге деген дұрыс ұтымды көзқарас, жақсы әлеуметтік жағдай қалыптастыруға, әртүрлі қаржылық талдаулар жасай білуге және де математикадан алған білімдері арқылы тәуелсіз еліміздің экономикасын көтеріп, өркендетуге болады. Математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеу арқылы осылардың бәріне қол жеткізуге болады.