Жай бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Жай бөлшектерді қосу және азайту ережелерімен таныстыру ,осы ережелер негізінде жай бөлшектерді қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып,алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.Математикаға қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа, белсенділікке шапшандыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс,есеп шығару,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнектілігі:плакат,карточка,топтық тапсырмалар
Сабақта қолданылған әдебиет:Математика 5-сынып оқулық.Әбілқасымова
Сабақтың жоспары:1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткен материалды қайталау
3.Жаңа сабақ
4.Оқулықпен жұмыс
5.Бағалау
6.Сабақты қорытындылау
Сабақ барысы:1.Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
Оқушыларды әр түрлі суреттер арқылы топқа бөлу
Үй жұмысын тексеру топ басшыларға тапсырылады.
2.Өткен материалдарды қайталау үшін,сұраққа жауап беру.
1.Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
2.Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қалай салыстырамыз?
3.Алымдары бірдей жай бөлшектердің бөлімі кем болса,онда қалай салыстырамыз?
4.Жай бөлшектерді ортақ бөлімге қалай келтіреміз?
3.Жаңа сабақ
Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің қосындысы алымы бөлшектердің алымдарының қосындысына,ал бөлімі өзгеріссіз қалдырылған бөлшекке тең болады.
Бөлімдері бірдей жай бөлшектердің айырымын табу үшін бірінші бөлшектің алымынан азайтып,айырымының мәнін алымына жазып,бөлімін өзгеріссіз бөліміне жазу керек.
Бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосу(азайту)үшін олардың ең кіші ортақ бөлімге келтіріп,сонан соң бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу(азайту)ережесін қолдану керек.
Мысалы:
Оқылуы: жетіден екі мен сегізден үштің қосындысы немесе жетіден екіге сегізден үшті қосу.
«Бірлік болмай,тірлік болмас».Есептер жазылған бетшелер тататылады.Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап,бір оқушы тақтаға шығып шығару жолын түсіндіреді.
Қызылдар тобы: 495-есеп(1,4) 496-есеп (2,3,8)
Сарылар тобы: 495-есеп (2,3) 496-есеп (1,4,9)
Көктер тобы: 495-есеп (3,6) 496-есеп (5,6,7)
Сергіту сәті.Оқушылар жаттығу жасайды.
Мына кестені толтырың:»Кім жылдам»
Әр топтан топ басшы шығып кестені толырады.
А | ||||||
В | ||||||
а+в | ||||||
а-в |
Қорытындылау.Жай бөлшектерді қосу және азайту ережелерін қолданып,
формулаларды қандай есеп түрлерін шығару барысында қолданылатындығын жазады.
+ |
Үй тапсырмасын беру. №497 , 499
Бағалау.Сабақ соңында парақтарын жинап оқушыларды бағалау.
Рефлексия.Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы ойларын жеткізу.»Тілек ағашы» арқылы жеткізу,стикерлерге жазу.