Үшбұрыш және оның түрлері

 

Күні: 
Пәні, сыныбы:Геометрия     7-сынып
Сабақтың атауы Үшбұрыш және  оның  түрлері
Сілтеме7-сынып геометрия  оқулығы Ж.Қайдасов, Г.Досмағанбетова, А.Абдиев

Сабақ  жоспары

Жалпы мақсаты

 

    Үшбұрыш туралы  білімдерін  кеңейту,  элементтерімен,  түрлерімен танысу,  есептер  шығаруда  қолдана білу, қабырғаларының ұзындықтары бойынша периметрін есептеуге үйрету, үшбұрыштарды салу  дағдыларын  қалыптастыру

Оқушылардың  ізденісін,  зейінін,  тұрақты ой  қорытындысын  жасай  білу  қабілеттілігін дамыту, топпен  жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа,сенімлікке тәрбиелеу

  Оқылған материалды, қорытындылай, салыстыра білу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.

 

Міндеттер

 

Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу

Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау

Геометриялық  фигураларды әрі қарай зерделеу

 

Мұғалім үшін оқу нәтижелеріОқуға бағыт-бағдар беру;

Топта жұмыс істеу  арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

Үшбұрыштың  түрлерін  ажырата білу арқылы  білім негізін қалау

 

Сабақтың түрі:

 

Жаңа білім беру сабағы

 

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер:Топта  жұмыс істеу, диалогтік оқыту,деңгейлеп оқыту, СТО  стратегиялары,

сұрақ  -жауап, түсіндіру, топтық,  жеке жұмыс, іздендіру, талдау, қорыту

Сабақта          

7 модульдің кіріктірілуі:

 

Ынтымақтастық  атмосферасын  қалыптастыру; Оқытудағы жаңа тәсілдер; СТО; Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту;  Талантты  және дарынды  балаларды оқыту; Оқуды  және  оқытуды бағалау
Сабақтың көрнекілігі:

(Дереккөздер, қажетті  құралдар)

Кеспе  қағаздар,  тірек -сызбалар, бағалау парағы,  А3 форматы, маркер,сызғыш

Оқулық, таратпа материалдар

 

Күтілетін нәтижеҮшбұрыш  түрлерін,  үшбұрышты  салуды, элементтерін  біледі, Топпен  жұмыс  жасауға  машықтанады, ережені  өздері  қорытып  шығаруға  үйренеді, танымдық  қабілеттері дамиды
     

                                                  

Сабақтың   өтілу  барысы:

 

Кезеңдер

 

Мұғалімнің  іс-әрекеті

 

 

Уақыты

 

Оқушының   іс-әрекеті

 

Бағалау

Ресурстаркөрнекі

ліктер

ҰйымдастыруОқушылардың   назарын сабаққа аудару,амандасу;

Оқушылардың  көңіл — күйін сұрау;

Топқа  бөлу

«Үш  бәйтерек»,  «Үш  би»

2 мин

 

Оқушылар амандасады, өз көңіл күйлерін білдіреді

Кеспе қағаздар  алған оқушылар  өз топтарына жиналып, топ  құрамын айқындайды.

 

 

 

Смайлик-

тер,

Кеспе  қағаздар

Өткен материалды қайталау

 

«Миға  шабуыл»

Жаңа сабаққа  қажетті материалдарды қайта  жаңғырту үшін  оқушыларға сұрақтар қойылады

Бұрыш, бұрыштың  түрлері

 3минОқушылар еске түсіру арқылы сұрақтарға  жауап бередіБағалау  парағына топ басшысы бағалайды
 

 

Сабақтың  іздендіру−

зерттеу кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Практикалық жұмысты орындауға  нұсқау  беру:

1) Бір түзудің  бойында  жатпайтын үш нүкте  белгілелеңдер;

2) Осы үш нүктені  тізбектей  қосыңдар;

3) Пайда  болған  фигураны  ата, төбелерін  белгіле

4) Қабырғаларын,  бұрыштарын  (элементтері) жазыңдар;

5) Барлық  қабырғаларының  ұзындықтарын  қосыңдар

 

Оқушыларға сұрақ  қойып, бағыт бағдар беру,ойларын толықтыру

 

Өміріміздегі  үшбұрышты заттарды еске  түсіру
Негізінен үшбұрыштар үшкір болады, сондықтан оның ауаны тесіп өтетін қасиеті бар деуімізге болады. Мысалы: ұшақтардың басы, құстардың тұмсығы, майшамның жанып тұруы

 

5 мин

Оқушылар    әрқайсысы  өз  дәптерлерінде  орындайды, топ  мүшелері  бір біріне  көмек береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

— Таулар, пирамидалар, жол жүру ережесіндегі ескерту белгілері және т. б.

Бағалау  парағына топ басшысы бағалайдыСызғыш

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нақыл  сөздер,

суреттер

 

Оқулықпен, мәтінмен  жұмыс жасап  негізгі  ойды анықтауға бағыт  бағдар  беру

Үшбұрыштың  түрлері

І топ

А) қабырғаларына  қатысты

ІІ топ

Ә) бұрыштарына  қатысты

 

18 минТоптық жұмыс

«Инсерт» әдісі  бойынша  мәтінмен жұмыс жасайды, жұпта,топта  талқылайды.

Топтық  таныстырылым дайындайды

Бағалау парағына топ басшысы бағалайды, «Үш  шапалақ»

 

 

 

 

Оқулық, Үлестірме қағаздар

Үшбұрыш модельдері

 

А -3 форматы

Маркер

Сызғыш

Сергіту  сәті«Телпек»

Телпегім  менің үшбұрышты

Үшбұрышты  телпегім менің

Егер ол  үшбұрышты  болмаса,

Ол емес  менің  телпегім

 

Жаттығудың  ережесін  түсіндіру:

Телпек  дегенде басымызды, менің  дегенде  өзімізді, үшбұрышты  деген  кезде   үш саусағымызды көрсетеміз.

2 мин

 

 

 

Оқушылар  орнынан  тұрып  орындайды

 

 

 

 

Білімді алғаш рет қолдануБекіту  тапсырмалары

Әр оқушыға сәйкестендіру  тест беріледі

 

Оқулықпен  жұмыс

№133 (1)

№134

7 мин

 

Жеке  жұмыс

Әр оқушы  жеке  орындайды

 

Топтық  жұмыс

 

 

 

 Бағалау парағына топ басшысы бағалайды, «Үш  шапалақ»

 

 

 

 

Оқулық, Таратпа  материал

дар

 

 

 

 

Қорытынды лауЕртегі  — сұрақ:

Бірде барлық үшбұрыштар орман  алаңқайында  жиналып қай  үшбұрышты  патша сайлаймыз деп кеңесті.Олар ұзақ  уақыт  айтысып, бір тоқтамға  келе алмады.Сонда бір  үлкен  үшбұрыш «Бәріміз үшбұрыштар патшалығына  жолға  шығайық, қай  үшбұрыш  патшалыққа бірінші болып  кірсе, соны  сайлайық» депті. Барлық  үшбұрыш  осыған келісіп, жолға шығады. Жолда  келе  жатса алдарынан  өзен шығып: «менен  тек  барлық  бұрыштары сүйір үшбұрыштар  ғана  өтеді» дейді.Сонымен үшбұрыштардың  кейбіреуі  өте алмай  жағада қалады, қалғандары  өтіп  әрі  қарай  жолға  шығады.

Жолда келе жатса, алдарынан  тау шығады, ол айтады «тек екі  қабырғасы  тең  үшбұрыштар өтеді» деп, бұл өткелден  өткен  үшбұрыштар одан  әрі жүріп отырады.олар бір кезде  тік  жарға  кездеседі,онда өте  тар  көпір тұрады. Көпір «менен  тек  барлық  қабырғалары  тең  үшбұрыш  өте алады»  дейді.Сонымен  көпірден  бір үшбұрыш өтіп үшбұрыштар  патшалыға барады, патша болады.

Қай  үшбұрыш  патша болды?

Қай үшбұрыш негізгі  қарсылас болып кқпірге  дейін келді?

Жарыстан  бірінші  шығып қалған  үшбұрыш  түрі

5 минТоптық  жұмыс

Үшбұрыш модельдерін пайдаланады.

 

Бағалау парағына топ басшысы бағалайды

 

 

Үшбұрыш модельдерітірек  сызбалар

 

«Рефлексия» Бағалау

 

Топтық бағалау

Бағалау  парағы бойынша

2 минСабаққа   қатысымы бойынша бағалау, бағалауға анализ жасау.

«Білдім, түсінбедім, білгім  келеді» кері  байланыс жасайды.

Бағалау  парағы бойынша  қорытынды баға  қойылады

 

 

Жетондар
Үйге тапсырмаОқулықпен  жұмыс

№  133

Ізденіс жұмысы

Үш санына  қатысты ұғымдар;

Үшбұрышқа  ұқсас  заттар, ұғымдар т.б

 

1 мин