Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы.
Мақсаты:
Оқушыларда үшбұрыштың бұрыштарының арасындағы қатынас туралы ұғым қалыптастыру. Міндеттері: білімділік: үшбұрыштың бұрыштарының арасындағы қатынас туралы түсінік беру,осы теореманы пайдаланып есеп шығаруды үйрету; Тәрбиелік: пәнге қызығушылығын,өз білімі мен күшіне сенімділікке, ұқыптылық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: оқушының өзін-өі бақылау ,өз бетімен жұмыс жасау ,атқарылған жұмысты талдау қабілетін дамыту
Күтілетін нәтиже: Білімі: үшб-ш бұрыштарының арасындағы қатынас туралы ұғым,теореманы есеп шығаруда талдай отырып пайдалана алатын болады; Біліктілігі:алған білімін сабақ барысында пайдалануды,есеп шығаруды белгілі тәртіппен орындауды игереді; Қабілеті:тапсырманың мазмұнын толық түсініп,оны орындауда өз пікірін айтады,ұқыптылыққа, өз жұмысына дұрыс талап қоюға және баға беруге үйренеді.
|
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру
Көрнекі құралдар: компьютер; презентация;оқулықтар мен оқу құралдары.
Сабақтың барысы | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже
| Түсіндіру тәсілдері мен формалары |
Сабақты ұйымдас-тыру
| 1.Оқушыларды түгелдеу 2.Оқу құралын тексеру 3.Үй тапсырмасын тексеру | Сабаққа белсенді қатысуға дайындалады.
| Мұғаліммен, оқушылармен өзара қатнас жасауды жоспарлайды,білімге деген ынтасы артады |
|
Білсенділік | Жаңа тақырыпты игеру үшін өткен тақырыптағы негізгі ұғымдарды қайталау арналған сұрақтар: №1. Сызбадағы бұрыштардың шамасын табыңдар. Слайд 2 №2. __ В бұрышының шамасын табыңдар Слайд 3 | Тапсырманы орындап, дұрыс жауапты табады
| Параллель түзу- лердің қасиет -терін қайталап, жаңа тақырып ты игеруді жоспарлау,өз білімін бағалау.
| Жеке және топтық жұмыс
|
Жаңа тақы- рыпты иге- руді талап ететін мәсе лені қою
| Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қандай?Ол барлық үшбұрыштар үшін бірдей бола ма? Слайд 4 Практикалық жұмыс Слайд 5 Үшбұрыштың ішкі бұрыштары -ның қосындысы туралы әртүрлі пікірлер айту.
| Тақырыпты белгілеп, оның мақсатын анықтайды, дәптерге үшбұрыштың сызбасын салады . Мақсат: үшбұрыштың ішкі бұрыштарының шамасы туралы пікірді қалыптасты -ру. Салынған үшбұрыш тар -дың шамаларын өлшеп, кесте ні толтыру, нәтижелер туралы пікір айту. | Ауызша өз беті — мен пікір айту, тақырыпты игерудегі мақ -сатты анық -тау және пікір таласу жүрі -туге белсенді қатысу. |
Жұптық жұмыс |
Оқушылар-дың «жаңа білімді» игеруі барысында орындалған амалдар мен қойылған мақсатты салыстыру, оқу үрдісін реттеу | Ішкі айқыш бұрыштардың қасиеттерін пайдаланып,ішкі бұрыштардың қосындысы 180 болатынын көрсету Ішкі бұрыштардың қосындысы туралы тореманы келтіру және дәлелдеу Слайд 6 | Сызба бойынша әртүрлі үшбұрыштарды салыстырып қорытынды жасайды.
Дәптерге сызбаны салып, теореманың дәлелдеуін жа зып алады. | Тақырыпқа қызы ғушылық,өз әрекетін салыс- тыру, баға беру | Жұптық жұмыс |
Алған білімді пайдалану
| Ауызша тапсырмаларды орындау: 1.Екі бұрышы бойынша 3ші бұрыштың шамасын тап Слайд 7 2.Үшбұрыштың белгісіз бұрыштарының шамаларын табыңдар. Слайд 8
№3.Теңбүйірлі үшбұрыштың бұрыштың бұрыштырының шамасын табыңдар: а) табанындағы бұрышы төбесін дегі бұрышынан 2 есе үлкен. Шешуі: ÐВ— төбесі, ÐАжәне ÐС— табанындағы бұрыштар, АВ=ВС ÐВ=х, онда ÐА=ÐС=2х. ÐА +ÐВ+ÐС=180°, х+2х+2х=180, х=36°,онда ÐВ=36°, ÐА=ÐС=72°. Жауабы: ÐА=72°;ÐВ=36°;ÐС=72°. №4.Бір бұрышы 40°-қа тең болған теңбүйірлі үшбұрыштың қалған бұрыштарының шамасын табыңдар.Шешу тәсілдері:а) 40°. 1жағдай:табанындағы бұрышы40 онда 180°-(40°+40°)=100° 2жағдай:төбесіндегі бұрышы 40° онда (180° — 40°):2=70°. Жауабы: 40°; 40° және100° немесе 40°;70° және 70°. | Тапсырмаларды орындап, дұрыс жауаптарды беру
Сызбамен жұмыс, бұрыштар дың шамасын табу
Бір оқұшы тапсырманы тақтада орындап,түсінік береді,қалғандар жазып алады
| Тақырыпқа қызы ғушылық,өзбетімен жұмыс жа -сауға бейімдік
Өзгенің пікірін тыңдауқойылған тапсырманы орындай және түсіндіре білу
| Жеке және топтық жұмыс |
Өзіндік жұмыс (өзін-өзі бағалау) | Берілген үшбұрыштардың бұрыштарының шамасын табыңдар.Слайд 9 Тапсырманы орындау, берілген критерий бойынша өзін-өзі бағалау Слайд 10 | Тапсырманы орындайды, дұрыстығын тексереді | Дұрысбағалауды қалыптастыру. Өз бетімен есеп тің орындалуын талдау қажет болғанда өзгеріс енгізуді білу. | Жеке жұмыс |
Домашнее задание
| Үй тапсырмасына түсінік береді Үй тапсырмасы: § оқу, № (а,ә); № (б,в).Слайд 11 | Тапсырманы жазып алады
| ||
Сабақты қорыту Рефлексия | Сабаққа қойылған міндетті еске түсіріп,оның оқушы тарапынан орындалуын бағалайды
| Алған білімін,өз еңбегін бағалау |
Практикалық жұмыс «Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы»
Мақсаты: ішкі бұрыштарының қосындысы туралы гипотеза қалыптастыру.
Нұсқау : 1.Нәтижелерді кестеге енгізу. 2.Гипотезаны келтіріп шығару
Ð 1 | Ð 2 | Ð 3 | Ð 1 + Ð 2 + Ð 3 | |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 |