Жай бөлшектерді қосу

 

Сабақтың тақырыбы:Жай бөлшектерді қосу
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. — Оқушыларды бөлімдері әр түрлі жай бөлшектерді қосуға үйрету;

— жай бөлшектерді қосу ережесін айтуға үйрету.

2. Дамытушылық. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін жай бөлшектерді қосуда және өрнектерді ықшамдауда қолдана білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.Оқушыларды ұқыптылыққа және үйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типіҚайталау сабағы
КөрнекілігіСлайд-шоу, карточкалар, баға парақтары

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Өткен материалды қайталау.
  3. Жай бөлшектер дегеніміз қандай сандар?
  4. Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандар дегеніміз қандай сандар?
  5. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру дегеніміз не?
  6. Жай бөлшектерді қалай қосамыз?
  7. Үй тапсырмасын тексеру. №629

 

  1. Математикалық турнир.

Жай бөлшектерді қосу тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау үшін «Математикалық турнир» өткіземін. Ол үшін сынып оқушыларын қатар бойынша 2 командағы бөлемін.

 

1 ойын «Орнын тап»

Бұл ойында тақтада тұрған карточкалардың араларында бос орындар қалдырылған. Сендердің мақсаттарын бос орындарға тиісті жай бөлшектерді қойып, реттеу. Ойынның мақсаты сандардың орналасу ретін көрсету.

 

Есептер шығару №631

 

2 ойын «Арифметикалық домино»

Бұл ойын ауызша есептеу дағдыларын бекітуге, меңгеруге тиімді. Ойын кәдімгі өзіміз білетін доминоға ұқсас, тек нүктелердің орнына сандар жазылған.

 

 

 

3 ойын «Жекелеген рекордтар»

Командалар арасында ойналатын ойын. Командалардың келісімі бойынша жай бөлшектердің қорытындысы 1 болатын сандар тізбегін орнату. Бірінші команда бірінші жай бөлшекті қояды, ал екінші команда жауабы 1 болатын екінші бөлшекті қатарына апарып қояды.

 

4 ойын «Кім жылдам?»

Мұғалім әрбір команда үшін карточкалар дайындайды. Карточка кестелері әр командаға таратылады. Мысалы, 1-ші команда мүшесі үшін 1-кесте. Кестені алған команда мүшелерінің әрқайсысы кестенің бір қатарына белгі (нүкте) қояды да, кестені қарсылас командаға тапсырады. Белгі соғылған кестені алған команда мүшелері сол белгі тұсындағы жай бөлшектерді қосып, нәтижесін кестеге толтырады. Кестедегі қорытындының дұрыс табылғаның алғашқы 1-команда мүшелері тексереді. Қай команда қосындыны дұрыс және жылдам есептесе, сол команданың нәтижесі жақсы деп есептелінеді.

 

 

  1. Жұмбақ фигуралар

Төрт түзу сызықтың көмегімен тоғыз нүктені қалай бөлуге болады?

 

  1. Сабақты қорытыңдылау. Бағалау.

— Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек және аралас сандар дегеніміз қандай сандар?

— Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру дегеніміз не?

 — Жай бөлшектерді қалай қосамыз?

 

  1. Үйге тапсырма. №643, №651