Ең кіші ортақ еселік

 

 

Сындарлы оқытуға негізделген сабақ

 

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен білімді меңгеруге дағдыландыру мақсатында өз іс-тәжірибемде сындарлы оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға тырысамын.  Сындарлы оқытуда оқушылар әр сабақта оқу үдерісінін барлық аспектілеріне белсенді қатысуы керек: олар топ болып жұмыс жасайды, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырып, бір-біріне кеңес береді, өз алдарына мақсат қояды, алған нәтижелерін қадағалайды, идеяларымен эксперимент жасайды және «қателер оқудың ажырамас бөлігі» екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Топпен жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады.  Оқушылар өзін және бірін-бірі бағалайды, өз білім деңгейін біледі және мұғаліммен бірге алдағы мақсаттарға қарай жылжиды, өз білімін қадағалау және бағалау қабілеттерін бойына сіңіреді.  Бұл болса оқушының оқу үлгерімінің жоғарылауына септігін тигізеді.

Төменде 5-сыныптағы математика сабағында «Ең кіші ортақ еселік»тақырыбын оқушылардың өз бетінше меңгеруіне арналған және Блум таксономиясы бойынша құрылған сабақ үлгісін ұсынып отырмын.

 

Сабақтың тақырыбы         Ең кіші ортақ еселік
Жалпы мақсаттар Ойлау қабілетін дамыту; ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу; сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; топтық жұмысқа бейімдеу; өзін-өзі реттеуді үйрету.
Негізгі мақсаттар Ең кіші ортақ еселік туралы білім қалыптастыру; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге,  түсінгенін математика тілінде жеткізе білуге  баулу.
Оқыту нәтижелері         Ең кіші ортақ еселік туралы үйренгендерін есептер шығаруда пайдалана біледі, түсінгендерін математика тілінде баяндай алады, санның еселігі, ең үлкен ортақ бөлгіш туралы алған білімдерімен байланыстыра алады.
Ресурстар  5 сынып математика оқулығы(Алдамұратова Т. «Атамұра» 2010), жұмыс парағы, өзін-өзі бағалау парағы, топтық бағалау парағы.
Оқыту әдістері      Блум таксономиясы, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Түйінді идеялар     ЕКОЕ- берілген сандардың әрқайсысына бөлінетін сандардың ең кішісі. Өзара жай екі санның ЕКОЕ-сі олардың көбейтіндісіне тең. Егер берілген сандардың біреуі қалғандарына бөлінетін болса, онда сол сан берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.
Кезеңдер            Мұғалімнің әрекетіОқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі                                     Сәлемдеседі, түгендейді, сынып оқушыларының көңіл-күйін сұрайды, дайындығын тексереді, жақсы тілек тілейді, топқа бөледі, топтық және өзін-өзі бағалау парағын таратадыМұғаліммен сәлемдеседі, топқа бөлінеді, бір-біріне сәттілік тілейді
 Білу 1.Өткен сабақтағы үй жұмысына талдау жасайды.

№302, №303, №304.

2.Жалпы білімін тексеру мақсатында топтарға бақылау қимасын таратады.

1.Қателіктерін айқындайды, түзетеді.

 

2.Топтық жұмыс.

Мақсат қоюСабақтың тақырыбын хабарлайды, жұмыс парағын таратады.Мақсат қояды.
Түсіну

(Жаңа сабақ)

Жұмыс парағында жаңа тақырыпқа арналған сұрақтар ұсынады, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Топтық жұмыс:сұрақтарға жауап жазады, тақырыпты үйренеді.
Қолдану    Тапсырмалар ұсынады.

1.№307.

2.308(1-5), №309(1-5).

3.№311

Тапсырмаларды орындайды.

1.     Ауызша.

2.     Топтық жұмыс.

3.     Жеке жұмыс.

Талдау  ЕКОЕ табу кезінде кездесетін жағдайлар туралы сұрақтар қояды.Тапсырмаларды талдайды.

 

Сұрақтарға жауап береді.

Жинақтау Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар қояды.Жеке оқушылар жаңа тақырып бойынша үйренгендері туралы баяндайды.
Үйге тапсырма Үй жұмысын ұсынады, түсіндіріп өтеді.Белгілеп алады.
Тақырыпты бағалау              ЕКОЕ табу қажеттілігіне мысалдар келтіруді сұрайды, жауаптарын толықтырады.Мысалдар келтіруге тырысады.
Бағалау Оқыту үшін және оқуды бағалайды.Бақылаушылар топ мүшелерін бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Рефлексия Бүгінгі сабақ туралы пікірін сұрайды.Сабақтан алған әсерлерін жазып қалдырады.

 

Білу

1.Өткен сабақтағы үй жұмысын тексеру. Тақтада орындату.

№302, №303, №304. Оқушылар өздерін тексереді.

  1. Топтық бақылау қимасын алу( мұғалім тапсырмалардың жауаптарын ауызша айтады, топтар өздерін өздері тексеріп, бағалайды).
  2. 12 санының бөлгіштерін жазыңдар.
  3. 8 санының алғашқы үш еселігін жазыңдар.
  4. 42 санын жай көбейткіштерге жіктеңдер.
  5. 10 мен 14 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.
  6. ЕҮОБ(10,11)=?
  7. 25 пен 50 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең?

 

Түсіну

Жаңа тақырып. Ең кіші ортақ еселік.

Оқулықты пайдалана отырып, жұмыс парағындағы көп нүктелердің орнын толтыру, тақырыпты өз бетінше үйрену.

 

4 саны мен  6 санына  ортақ еселік болатын үш санды жаз. Олардың ең кішісі қандай сан? Оны 4 пен 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі деп атайды. Жазылуы: ЕКОЕ(4,6)=… .

Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі(ЕКОЕ) — ……………………………………. .

Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін табу  тәсілдері:

1-тәсіл. ……………………………………………………….. .

Мысалдары:

28=2•2•7                                                          18=2•32

24=2•2•2•3                                                       120=23•3•5

ЕКОЕ(28,24)= …………………… = ……. .           ЕКОЕ(18,120)=………………. = …….. .

2-тәсіл.  ……………………………………………………… .

Мысалы, 15 пен 20 сандарының ең кіші ортақ еселігін табайық.

Берілген сандардың ең үлкені-20. 20-ның еселіктері: 20,40,60, 80,100, … .

20 санының осы еселіктерінің ішіндегі 15-ке бөлінетіндері: ……., ең кішісі …. .

Онда ЕКОЕ(15,20)= …… .

Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі ……………………………………………. .

Мысалы, ЕКОЕ(8,9)= ……. .

Егер берілген сандардың біреуі қалғандарына бөлінетін болса, онда сол сан ………………. .

Мысалы, ЕКОЕ(7,21)=……. .

 

Қолдану.

Топтық жұмыстар(әр топтан бір оқушы тақтада, қалған оқушылар орнында орындайды,тақтадағы оқушы қателескен жағдайда сол топтың басқа мүшелері көмекке келеді).

1.№307. (ауызша). Сандардың ең кіші ортақ еселіктерін табыңдар.

  • 2 мен 5; 3) 6 мен 12;             5) 3,5 және 10;
  • 3 пен 4; 4)  2 мен 10;              6) 6,8 және 24.
  1. №308(1-5). Сандардың ең кіші ортақ еселіктерін тиімді тәсілмен табыңдар: 1)6 мен 8; 2)4 пен 7; 3) 9 бен 15;      4) 5 пен 15;       5) 6 мен 10.
  2. №309(1-5). Жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың ең кіші ортақ еселігін табыңдар:

1) а=2·3 және b=2·7;               2) с=3·5 және d=3·3·5;                                                  3) е=2·2·5 және f=2·3·5;         4) m=2·2·3 және n=2·3·5;

5) p=2·2·7 және t=2·3·7.

 

Жеке жұмыс. Мәтінді есеп.

№311.

2)Таңертеңгі сағат 8-де элеватордан астық таситын  үш машина шықты. Машиналардың біріншісі 3 сағатта, екіншісі 4 сағатта, ал үшіншісі 6 сағатта элеваторға қайтып оралып отырады. Егер машиналар бірқалыпты жүріп тұрса, олар сағат нешеде элеваторда қайта кездеседі?

Шешуі: 3-ке, 4-ке және 6-ға бөлінетін сандардың ең кішісін табамыз. ЕКОЕ(3,4,6)=12. Олар 12 сағаттан соң кездеседі. 8+12=20. Сағат 20-да элеваторда қайта кездеседі.

Жауабы: сағ. 20-да.

Талдау

Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі неге тең?

Берілген сандардың біреуі қалғандарына бөлінетін болса, олардың ең кіші ортақ еселігі неге тең?

Жинақтау. Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

Үй жұмысын беру, түсіндіру. №310(7,10), №312, №313, №314.

Тақырыпты бағалау.

Қай есепті шығару үшін ең кіші ортақ еселікті табуды пайдаландық? Ең кіші ортақ еселікті табуды үйрену бізге қажет пе екен?

Бағалау. Мұғалімнің бағалауы, бақылаушының бағалауы және оқушылардың өзін-өзі  бағалауы.

 

Өзін-өзі бағалау парақтарының артына рефлексия жасау.

Бүгінгі сабақ қалай өтті?

Ұнады ма?

Түсінбеген сұрақтарың көп болды ма?