Үшбұрыштың түрлері

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың түрлері

  1. Сабақ мақсаты:
    “Үшбұрыш”, “Үшбұрыштардың түрлері” туралы алған білімдерін шығармашылықпен зерттеу, ой түйіндеу арқылы жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру.
    а) Білімділік. Есептер шығару барысында білімдерін нақтылау, ой қорытындылау арқылы алған білімдерін баяндап, көрсете білуі, пәнге қызығушылығын арттыру;
    ә) Тәрбиелік. Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасау қабілетін тәрбиелеу.
    б) Дамытушылық. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдалана отырып есте сақтау, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.
    2. Түрі: дәстүрлі емес
    3. Әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын пайдалану
    4. Көрнекілігі: кадоскоп, фигуралар, кубик, тірек- сызбалар
    5. Пәнаралық байланыс: алгебра ,сызу

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі

/оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру/

I.Қызығушылықты ояту

  • Ой қозғау
  • Семантикалық карта

ІІ. Мағынаны ажырату

  • Есептер шығару

ІІІ. Ой толғаныс

  • Анықтаманы жалғастыр
  • Кубизм әдісі
  • Сабақты бекіту
  • Үйге тапсырмалар

І.  Берілген үшбұрышқа сәйкес келетін формулаларды тауып, өз                     орындарына қойыңыз!


∆ АВС
                АВ=c, BC=a, AC=b
P=AB+BC+AC
     P=a+b+c       

 

                      

 

В

 

         а        В       а                        

а                

А                  а               С

∆ АВС
AB=BC-бүйір қабырғалары
P=AB+BC+AC
AC- табаны. P=2a+c

 

 

 


 ∆ АВС
           AB=BC=AC; AB=a
P= AB+BC+AC
P=3a


  • Семантикалық карта
авсрҮшбұрыштың түрлері
12см3 см7 см??
23 см3 см3 см??
36 см6 см2 см??
4???9 смТең қабырғалы
53 см??11 смТең бүйірлі
63 см4 см?10 см?
74 см?2 см10 см?

 

 

ІІ. Есептерді шығару

№1

Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы 5см  тең. Периметрін табыңыз.

№2

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 7 см тең. Периметрі  25 см. Үшінші қабырғасын табыңыз.

№3

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 9 см. Екінші қабырғасы 3 см. Периметрін табыңыз.

№4

Тең бүйірлі үшбұрыш берілген. Бір қабырғасы 5 см тең. Бүйір қабырғасы 4 см ұзын. Периметрін табыңыз.

№5

Әр қабырғалы үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары 3 см, 8 см және 4 см. Үшбұрыштың периметрін табыңыз.

№6

Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 27 см тең. Үшбұрыштың әр қабырғаларын табыңыз.

 

ІІІ. Анықтамаларды  жалғастырыңыздар

Сүйір бұрышты  үшбұрыш деп  аталады егер, …

Доғал бұрышты үшбұрыш деп  аталады егер, ……

Тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады егер оның екі қабырғасы  тең болса……

Тең қабырғалы үшбұрышдеп аталады егер оның барлық  қабырғалары тең болса……

Қабырғалары әр түрлі деп аталады егер оның  қабырғалары  әр түрлі болса……

 

 

  • Кубизм әдісі

Салыстырыңыз: Берілген үшбұрыштарды

Зерттеңіз: Мына суретті бүктеу  арқылы қандай фигураны алуға болады?

Суреттеңіз: Үшбұрыштың катеттерін, гипотенузасын көрсет

 

  • Венн диаграмммасы

 

Тең бүйірлі үшбұрыш                           ұқсастықтары

Тік бұрышты үшбұрыш

Әр қабырғалы үшбұрыш                       айырмашылықтары

 

  • Сабақты бекіту

Қандай фигура үшбұрыш деп аталады?

Үшбұрыштың элементтерін ата

Үшбұрыш бұрыштары бойынша қанша түрге бөлінеді? Оларды ата

Үшбұрыштың медианасы, биіктігі, биссектрисасы дегеніміз не?

Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

Үшбұрыштарды қабырғалары бойынша қанша түрге бөлуге болады?

 

  • Үй тапсырмасы

№132есеп
№139 есеп
§11 ережелерді кайталау

 

  • Бағалау