8-сынып оқушылары арасында «Брэйнг ринг» ойынын өткізу тәжірибемнен
8-сынып оқушылары арасында «Брэйнг ринг» ойынын өткізу тәжірибемнен
Сабағымның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, зеректілікке, алғырлыққа, ойын анық жеткізуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға баулу. Жүрісі: Әрбір сыныптан 6 оқушыдан алып, команда құру. 8 «ә». «Алғырлар» тобы. 8 «б». «Зеректер» тобы. 8 «г». «Тапқырлар» тобы. 8 «д». «Жүйріктер» тобы. Әрбір топтың басшылары сайланады.Әрбір топтың эмблемасы, ұраны болады. Үй тапсырмасы: Геометриялық модельдер жасау.
Әділқазылар алқасы таныстырылады.
1.Жақашева Нағима. 2.Жұбанов Қабай. 3.Тілеулинова Жадыра
Ойын шарты:
1-бөлім.Жеребе бойынша әр екі топ аттарын алып жарысқа шығады. Әрбір екі топқа 15 викториналық сұрақтар қойылады.Жеңіп шыққан топ екінші бөлімге қатысып, тағы да екеу ара жарысады.Осыдан кейін әділқазылар алқасы қай топтың жеңімпаз екенін хабарлайды. Содан кейін 2-бөлімге қатысатын топтар сахнаға шақырылады.
2-бөлім.Бұл бөлімде логикалық есептер, жұмбақтар, ауызша тез есептеуге арналған сұрақтар қойылады.Ойын арасында математика-лық «Функция» биін 8- сынып оқушысы Мамақова Ж. билейді.
3-бөлім.Топ басшылары сайысқа қатысады.
1-бөлім. «Алғырлар» және «Зеректер» тобына қойылатын викториналық сұрақтар.(Шарты:Қай топ сұраққа көп, әрі тез және дұрыс жауап берсе, сол топ жеңімпаз болып, екінші бөлімге жіберіледі.)
1.Екінің алтыншы дәрежесі нешеге тең? 2.Тәуліктің төрттен бір бөлігі. 3.Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де алтыға тең.Ол қандай сандар? 4.Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан, ал Астанадан Алматыға қарай 90-ақ минут ұшқан, неге? 5.Квадраттың бір бұрышы 540.Оған қарсы жатқан бұрыш неше градус? 6.Қолымызда 10 саусақ бар, 10 қолда неше саусақ бар? 7.Сызықтық функцияның графигі қандай? 8.Ромбының периметрі 40 см, қабырғасы нешеге тең? 9.Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады? 10. 0-ден 9-ға дейінгі сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 11.Бұрыштары тең үшбұрыш қалай аталады? 12.Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 13.Глобус қандай фигураны елестетеді? 14.Үшбұрыштың медианасы деген не? 15.Барлық бұрыштары тік болатын паралелограммды не деп атаймыз?
ә) «Тапқырлар» мен «Жүйріктер» тобына қойылатын викториналық сұрақтар.
1.Үштің бесінші дәрежесі нешеге тең? 2.Минуттың алпыстан бір бөлігі. 3.Ең кіші жай сан. 4. 8-сынып алгебрасының авторлары кімдер? 5.Тіктөртбұрыштың бір диагоналі 5 см болса, екінші диагоналі нешеге тең? 6.Квадраттың периметрі 10 см, қабырғасы нешеге тең? 7.Қандай үшбұрыштың биіктігі әрі медиана, әрі биссектриса болады? 8. өрнегінің мәні нешеге тең? 9.Квадраттық функцияның графигі не? 10.Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? 11.Үшбұрыштың табаны 7 см болса, орта сызығы нешеге тең? 12.Берілген шаманың 1/100 бөлігі не деп аталады? 13.Екі түзу қиылысқанда қандай бұрыштар пайда болады 14.Геометрия сөзі нені білдіреді? 15.Екі қабырғасы параллель, екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш не деп аталады?
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.Қайсы топтың жеңімпаз болғанын хабарлайды.Осыдан кейін 8-сынып оқушысы Шәудірбаева Жұлдыз «Есеп, есеп, есеп-ай» математикалық әзіл әнін орындайды.
2-бөлім. Жеңімпаз командалар «Тапқырлар» және «Зеректер» топтары сайысқа шығады.Қай команда тез , дұрыс жауап берсе сол жеңімпаз болатындығы ескертіледі.Бұл бөлімде ауызша сұрақтар, логикалық есептер, бас қатырғы ойындар, жұмбақтар болады.
а)Ауызша сұрақтар. 1.Алпыс санының 20% нешеге тең? 2. 5 алма бар.Келген бала алтау.Осы 5 алманы 6 балаға тең етіп бөліп беру керек.Қалайша? (Шарты:Ешбір алманы 6 бөлікке бөлуге болмайды.) 3. 666 санын ешбір жазусыз-ақ 1,5 есе арттыр. ә)Бас қатырғылар. Бұл ойындар проектордан слайдтар арқылы көрсетіліп тұрады. «Шахмат» ойыны.
Да | математика | қамқоршы |
Бастаушы | жанашыры | Де |
сан* | жаңалықтары | ғылымының |
іргетасы | химия | физика |
Жауабы: «Сан – математика ғылымының іргетасы»- бұл цитатаны айтқан Орынбек Ахметұлы Жәутіков, физика-математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы.220-дай еңбегі жарияланған.
Цифрограмма. «Компьютер».
3 | 1 | 23 | 3 | 20 | 16 |
17 | 37 | 24 | 25 | 37 | 19 |
3 | 1 | 24 | 25 | 1 | 17 |
1 | 24 | 37 | 24 | 1 | 18 |
Шарты:Әрбір цифрдың орнына қазақ алфавитінің әріптері реттік нөмірлері бойынша қойылады.
Жауабы: «Бар болмыстың бастамасы – сан». (Пифагор)
Жұмбақтар. 1.Алпыс төрт бөлмеде Отыз екі тұрғын бар. Ақ қара ғып бөлгенде, Бірін-бірі қуғындар. Ханы үшін де,жаны үшін де, Бермейді олар намысын. (Шахмат)
2.Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қағаз қаламсыз. (Компьютер)
Әділқазыларға сөз беріледі.Олар ұпай санын есептегенше 8 «г» сынып оқушыларының «Үшбұрыш» әні орындалады.Содан кейін көрермен оқушыларға викториналық сұрақтар қойылады.
1.Миллионда неше нөл бар? 2.Қай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 3.Бұрыш өлшейтін құрал. 4.Тырна бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса неше кг
- 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма? 6.Үш әке мен алты бала серуенге шықты.Олар 42 алма сатып алды.Әрқайсысына 6 алма тиді.Бұл қалай болғаны?
3-бөлім. «Топ басшыларының» сайысы. Мәңгі бақи есте қалар Қызықты бір жиын болсын. Білімдірек шәкірт озар Сұрақтары қиын болсын, — деп, кезекті сайысты топ басшыларына береміз.
1.Қорада бірнеше тауықтар мен қояндар бар.Олардың бастарын санағанда 15, аяқтарын санағанда 50.Қорада неше тауық, неше қоян бар?
2.Бала дүкеннен 19 теңгеге сауда жасады.Балада 3 теңгеліктер, ал дүкеншіде 5 теңгеліктер бар.Олар қалай есептесті?
Тест. 3.Теңдеуді шеш: х2+3х=0 А)0;3 В)0 С)9;0; Д)-3;0; 4.Бөлшекті қысқарт: . А)-8ав;В)8ав;С)4а-в/4а+в;Д)
Жаңылтпаштар.
1.Рационал сан, иррационал сан Иррационал сан, рационал сан. Біріккен сан, болған сан Нақты сан деп аталған сан.
2.Шеңбер, шеңбер доп емес, Доп сияқты доп емес. Доп деп, доп деп шеңберді, Ойлама шеңбер ол емес.
Әділқазыларға сөз беріледі.Олар жеңген топтардың және топ басшыларының жинаған ұпай сандарының қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты «Тапқырлар» тобы деп хабарлады.
Қорытындылау бөлімі. «Брэйнг ринг» ойынына белсене қатысқан және тез әрі ұтымды жауап берген жеке оқушылар, сайысқа қатысқан сыныптар мадақтап, марапатталды.Мақтау қағаздары берілді.