Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың білімін пысықтау, жүйелеу, тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау.
- Оқушыларды үнемі өз білімдерін қорытындылауға, пысықтауға, толықтырып отыруға тәрбиелеу, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, білімдерін тереңдету.
- Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме карточка, оқушылардың білімін бағалауға арналған слайдқа жазылған тапсырмалар
Техникалық құрал: проектор, слайд
Сабақтың түрі: іскерлік ойын түрінде білімді пысықтау сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілі: жарыс, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- а) Оқушыларды 2 топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлау.
б) өткенді пысықтау
а) сан аралығының қандай түрлерін білеміз?
ә) мәндес теңсіздіктер дегеніміз не?
- «Кім жылдам?» ойыны. Шапшаңдыққа берілген есептер.
№ 1040. Теңдеуді шешіңдер:
1) 3х- 15= х + 3 3) 2х + 3 = х + 13 3) х – 2 = х + 4
2) 7-3х = х + 11 4) 4 (5 – х) = 3х – 1 6) 5( х – 1) = 4х + 3
№ 1041. Теңсіздікпен жазыңдар:
1) Сыныпта бір күнде 6 немесе 6 –дан аз сабақ болады.
2) Жеңіл атлетика үйірмесінің бір тобындағы балалар саны 12 –ден кем емес, бірақ 16 –дан артық емес.
№ 1042. Теңсіздіктерді мүшелеп қосыңдар:
1) 15>-3 және 15> -2 3)-1<2 және 3>-2
2) 6<10 және -3<2 4) 5>2 және -3<3
№ 1043. Теңсіздіктерді мүшелеп азайтыңдар:
1) -3<2 және 1>-1 3) 7>3 және 4>-1
2) 4>1 және 2<5 4) -8<1 және 5<7
№ 1044. Теңсіздіктерді мүшелеп көбейтуді орындаңдар:
1) 3<7 және 2<3 3) 6<7 және 0,5<2
2) 4<6 және 2<5 4) 1<9 және 5<4
№ 1045. Теңсіздіктерді мүшелеп бөлуді орындаңдар:
1) 15>7 және 3<7 3) 10>8 және 4>2
2) 21<35 және 7>5 4) 12>9 және 3<6
№ 1046. Теңсіздіктерді шешіп, шешімдер жиынынсан аралығымен көрсетіңдер:
1) 4,5х – 1,4≤7,6 3) 7-1,2х >2+3,8х
2) 3х -1,2 ≥ 3,3 4)3х + 7 <х – 1
№ 1051. Дәлелдеңдер.
1) 5а — 2в>4а – в теңсіздігіндегі а > в
2) 4а — 5 в< 3а – 4в теңсіздігіндегі а<в
- Сабақты қорытындылау.
1 –топ. (бақылайтын ІІ топ жетекшісі)
Шешімдері теңсіздіктер | Балл саны | х≤3 | х≤6 | х< -2 | х≤5 | х>-1 |
х+2х>-3 | 2 балл | |||||
7х — 8≤5х + 2 | 3 балл | |||||
2х + 5 < х + 3 | 3 балл | |||||
5(х — 2)≤2х — 1 | 4 балл | |||||
х/3 – х/4≥х/2 – 2,5 | 5 балл |
ІІ – топ (бақылайтын І топ жетекшісі)
Шешімдері теңсіздіктер | Балл саны | х < -5 | х ≥3 | х ≥7 | х > -4 | х≤2 |
х + 3х< -20 | 2 балл | |||||
3х +4≥2х + 11 | 3 балл | |||||
7х + 3х > х -1 | 3 балл | |||||
4(х — 3) ≤ х -6 | 4 балл | |||||
х/2 – х/ 5≥х/10 + 0,6 | 5 балл |
- Үйге тапсырма беру.
№ 1051 (3,4); № 1053
- Бағалау.