Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету. Теориялық білімін практикада қолдана алуын ұйымдастыру, есептер шығара алуына көмектесу.
- Оқушының ой — өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдан білу дағдысын қалыптастыру.
- Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтағы әдіс-тәсілдер: ой қозғау, жеке жұмыс,деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, формулалар, таратпа тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
№ 223.
2) -2a2b(8a3-4a2b2-3ab2+5b3= -16a5b+8a4b3+6a3b3-10a2b4
4)-5abc(4ab2c-7a2bc2+3a2bc= -20a2b3c2+35a3b2c3-15a3b2c2
№224
1)a(a+b)-b(a-b)+2(b-a)= a2+ab-ab+b2+2b-2a= a2+b2+2b-2a
3)2xy(2x2-5xy)-3xy(7xy-y2)= 4x3y-10x2y2-21x2y2-3xy3= 4x3y-31x2y2-3xy3
№225
1)
3) -2b(a3-2b)-b(a3+4b2)= -2a3b+4b2-a3b-4b3= -3a3b+4b2-4b3
5) 5x(6x+3y)+3y(2x-4y)-6x(5y-2x)= 30x2+15xy+6xy-12y2-30xy+12x2=42x2-9xy-—12y2
№226
2) 15a2-25a2b2-10a3= 5a2(3-5b2-2a)
4)14m2n-21mn2-35mn3= 7mn(2m-3n-5n2)
6) 8x4y3-12x2y2+16x3y2= 4x2y2(2x2y-3+4x)
ІІІ. Ой ширату: Өтілген тақырып бойынша сұрақтар.
- Бірмүше дегеніміз не?
- Бірмүшенің дәрежесі?
- Бірмүшенің стандарт түрі?
- Көпмүше дегеніміз не?
- Екімүше?
- Үшмүше?
- Бірмүшені көпмүшеге көбейту?
- Өткенді саралау:
Графикалық диктант. Ʌ-иә _ -жоқ
- 7а- бірмүше
- 4х4-коэффициенті -4
- -3аb3-дәрежесі – 3
- 1,09 -бірмүше емес
- x — коэффициенті -0
- a+b+z — үшмүше
- 9аb-5bс+2а-6с- көпмүше
- 8. аb-ac =a(b-c)-дұрыс па?
- Білгенді қолдану:
- Білгенге маржан:
Көпмүше түріне келтіріңдер:
- 9х·(8х+6)=72□2+54x
- 7y·(5x+3y+z)= 35xy+21□2+7yz
- -4x·(2х2-5х+3)= -8□+20х-12х
- 2ab·(2a2-5ab+b2)= 4a3b — 10a2b2+2a□
- Тапқыр болсаң тауып көр:
№ 224 есеп Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:
- 4a+3a2= ∆·(4+3a)
- 5a2-15a= ∆·(a-3)
- 0,5x3-2,5x= ∆·(x2-5)
- –m2n2 – mn=∆·(mn+1)
- Қорытындылау:
Математикалық диктант:
- Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту арқылы құрастырылған өрнек … деп аталады
- Бірмүшелердің қосындысы … деп аталады.
- Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді … деп аталады
- Бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің … мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді …
VII. Үй тапсырмасы:
№ 227-231
VІII. Бағалау.