Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
6- сыныпқа өткізген ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Сабақты мақсаты:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың барысы: 1. Сабақты ұйымдастыру
- Оқушылардың өтілген тақырыпты игеру барысын тексеру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Тараудағы есептерді шығартып, оған шолу жасау.
Көрнекіліктер: Тарауға байланысты презентация.
Үйге тапсырма: № 1016-1019; № 1012-1013
- «Бастау» 1). Есептегі дұрыс жауапты табыңыздар: Ауызша есеп:
Дүкеннен жаңадан 4 қораптан көп, 6 –ты қораптан кем бірдей түрлі-түсті карандаш сатып алынды.
Неше қорап карандаш сатып алынды? Бір қорапта қанша карандаш бар ? Барлық қораптағы (төмендегі) карандаш санының қайсысы дұрыс?
92, 36, 76, 90
Жауабы; 1-қорапта 18 карандаш бар. Барлығында 90 карандаш бар.
2). Теңсіздік арқылы шығарыңыздар:
Берілген жұп сан мен 3 еселенген келесі жұп санның қосындысы 32-ден кем. Осы шартты қанағаттандыратын ең үлкен жұп санды табыңдар.
Шешуі: х-жұп сан, (х+2)-келесі жұп сан.
х+(х+2).3 < 32
х+3х+6<32
4х<26
х<26:4
х< 5,15; (-∞; 5,15) Жауабы: Ең үлкен жұп сан: 6
I I .«Шың»
Екі қаланың арақашықтығы 300 км-ден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып екінші қалаға қарай 3 сағ жүргенде екінші қалаға дейін 45 км қашықтық қалды? Пойыздың жылдамдығын бағалаңдар.
300 >s; t=3сағ
S2=45км; х-?
S1+45= S; S1+45<300; S1=3х
3х+45<300
х<85 Жауабы: 85 км/сағаттан кем
I I I. « Қияға самғау.»
Теңсіздікті шешіңіздер:
- 5у+9≤3-7у 3. ¼-у/3≥ 1/3-у
[1/8; +∞)
(-∞;-0,5]
- 3х+1≤4х-5 6. х/6+1/2>х-1/3
[6; +∞) (-∞;1)
I V. «Мерген» Тестпен жұмыс
1). Сан аралықтарының дұрыс атын схема түрінде сызып көрсетіңіздер.
- Интервал; сәуле; жартылай интервал; кесінді; ашық сәуле;
(-∞;-4] 2. [-3;5] 3. (-1;8] 4. (0;8) 5.[-9; +∞]
-3 ≤ х ≤5 -1<х ≤8 0 <х <8 -9 ≤х х <-4
2). Теңсіздікті шешіңіздер:
3-2(у-1) >8+у 5(у+2)+14<6-у 9-(5х+1)/2 > х+5
А. у <-1 В.у<-3 В. х >-2/3
3). Теңсіздіктерді мүшелеп бөліңіздер:
15 >7 және 3 <7 21 <35 және 7 >5
А. 5>1 В. 21 <35
- № 1036. (кітаппен жұмыс)
Луговой және Шу аудандарының арасы 110 км. Лугвойдан 14 км/ сағ жылдамдықпен велосипедші шықса, оған қарама-қарсы бағытта Шудан мотоцикелші шықты. Олар бір –бірімен 2,5 сағаттан кем уақыт өткенде кездесуі үшін мотоцикелшінің жүру жылдамдығын бағалаңдар.
|
|
|
Х- мат. Жылдамдығы-?
14 км/сағ –велосипедшінің жылдамдығы
Шешуі:110 /(14+х) < 2,5
110<2,5.(14+х)
110<35+2,5х
75<2,5х
х>30 Жауабы: 30 км/сағ артық
V I. «Шарықтау»
- 7≤2х+3 ≤11 3. -2<(8+х)/7<4
Жауаптары: 1. 2≤х≤4 3. -22<х<20
- -3 ≤1+2х ≤7 4. -7≤(2х+1)/2<2
Жауаптары: 2. -2 ≤х ≤3 4. -5≤х<1,5
V I I. «Сергіту»
- Сан аралығы (интервал)
- Шешімдері бірдей теңсіздіктер. (мәндес)
- Сан түзуіндегі қыздың аты. (сәуле)
- О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық. (бірлік кесінді)
- Көбейткіш теңсіздіктердің теңсіздік белгілерін қалай етіп аламыз.
(бірдей)
- Бөлгішін кері теңсіздікке айналдырып көбейту. (бөлу)
V III. Сабақты қорытындылау, рефлексияІ.
ІX. Оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бағалау.