Квадрат теңсіздіктер
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға квадраттық теңсіздікті шешуде функцияның
графигін қолдану тәсілін, интервалдар әдісін меңгерту.
Дамытушылық: Есептер шығаруда тиімді тәсілді қолдану
Тәрбиелік: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, магнит, плакат,маркер
Сабақтың әдісі: жобалау, оқыту технология
Сабақтың кезеңі
І. Ұйымдастыру( Жоқ оқушыларды белгілеу,сабақа дайындығын тексеру,
оқушыларды 4топқа бөлу )
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.Бақылау сұрақтары
- Қандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады?
2. Квадрат теңсіздікті шешу кезінде қолданылатын ұғымдар қандай?
3.Квадрат тңсіздікті шешудің әдістері? - Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шешеудің мағынасы неде?
5. Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешудің мәні неде?
6. Сызықтық теңсіздік деген не?
7.Теңдеу деген не?
- Жобалау, оқыту технология
(пайдаланып парабола әдісін І,ІІ,ІІІ жағдай және интервал әдісі тексеру 4 топқа плакат,маркер таратылады.Оқушылар ойланып, берілген тапсырмаларын тақтаның алдында қорғайды)
3.Сәйкестендір
|
|
|
ІІІ. Есептер шығару
1.“Білім биржасы” ойыны
(тақтада 3 конверт ілінеді, оларда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар.Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай тапсырма алып,дайындалып, есептерді шығарып,қойылған сұраққа жауап береді)
ІҮ. Тест жұмысы
Тест тапсырмалары
- х²-х-6<0 теңсіздігінің графиктік шешімін көрсет.
2.Толықтыр. -2х²-0,5х-10,5≤0 теңсіздігінің графиктік шешіміндегіпарабола тармақтары …………… қарай бағытталады.
- Теңсіздіктің шешімін тап:
х(х-1)(х+2)<0
4.Сөйлемді дұрыс құра:
1.тармақтары 2. және 3. D>0 4. егер 5. парабола 6. a>0 7. жоғары 8. онда 9. болса 10.бағытталады
5.Квадраттық функцияның графигі…………. деп аталады.
Жауаптары
1:А 2:төмен 3: (-∞;2 )(0;1 ) 4:4-3-2-6-9-8-5-1-7-10 5:парабола
Ү. Бағалау (оқушылардың әр дұрыс жауаптары житонмен бағаланады )
ҮІ. Үйге тапсырма (№ 314 (3) №317(4) )