Білімді ұрпақ – ұлт болашағы
Тақырыбы: Білімді ұрпақ – ұлт болашағы
Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
Сабақ түрі: танымдық ойын
Барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)
І айналым « Кім көп біледі?»
ІІ айналым « Полиглот ойыны»
ІІІ айналым « Ата салтың – халықтық қалпың»
ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»
Ү айналым Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
Тәрбиеші: Ойынды бастамас бұрын сайысымыздың ұпай сандарын есептеп әділ бағалайтын әділ қазымызды таныстырып өтейін. Олай болса сөз кезегі өздеріңізде, оқушылар!
І – « Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегеніңді білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
- Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
- Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
- Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
- Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
- « Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
- « Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
- Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
- 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
- Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
- Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
- 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
- « Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
- Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
- 22 наурыз қазақ халқының Жаңа жылы дегенге келісесіз бе? Ия
ІІ Полигот. Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде.
- Жақсы … үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
- Айдың он бесі …. , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
- Көңіл сырын … білдіреді ( көз, глаз, eye)
- ……. – алтын қазына ( кітап, книга, boor)
- Еңбегі жоқ ….. – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
- Көз қорқақ, …. батыр ( қол, рука, hard)
- …. басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода, water)
- …… алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
- Есепші ….. қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
- Күндіз … алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)
ІІІ – « Ата салтың – халықтық қалпың» Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар.
- Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
- Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
- Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
- Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
- Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
- Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
ІҮ — « Іздеген жетер мұратқа» ойын ережесі: 2 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, спорт. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.
Қазақ тілі
50 ұпай – Буынның неше түрі бар және оларды ата? ( ашық, тұйық, бітеу)
100 ұпай – Бір-біріне қарама-қарсы сөздер ( антонимдер)
200 ұпай – жалпы халыққа ортақ түсініктер сөздер не деп аталады? ( жалпылама лексика)
Спорт
50 ұпай – Футбол ойынына қанша адам қатысады? (11 адам)
100 ұпай – Бокс алаңы қалай аталады? ( ринг)
200 ұпай — Бейжінде өткен олимпиадада бокстан алтын алған кім? ( Бақыт Сәрсекбаев)
Ү — Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
- Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
- Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
- Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
- Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
- 31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
- Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
- Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
- Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапталады.
Қорытынды: Нені білдік?Нені үйрендік?