Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару

Астана қаласы

№58 мектеп- гимназиясы

Бексолтанова Лязиза Жеңісханқызы,

математика пәнінің мұғалімі

 

Сабақ жоспары

Пәні Математика
Сынып6
Сабақтың тақырыбы Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын , қасиеттерін пайдаланып есептер шығару  және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу.
Оқу нәтижелеріОқушылар сабақ барысында:

—         Перпендикуляр түзу анықтамасын біледі және перпендикуляр түзулерді сыза біледі ;

—         Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіруді үйренеді;

—         Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба біледі;

—         Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.

Бағалау критерийлері—         перпендикуляр түзулердің ережесін білу және құралдарды пайдаланып перпендикуляр түзуді сызып орындай алу;

—         Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру және нүктеден түзуге дейінгі арақашықтықты таба білуі;

—         Техникада, тұрмыста кездесетін перпендикуляр түзулерге мысалдар келтіре алу.

 Дерек көзіОқулық, дидактикалық материалдар, ғаламтор,
Тапсырмалар —         топтық жұмыс;

—         СТО

—         Деңгейлік тапсырмалар;

—         Рефлексия.

Ресурстар—         Компьютер;

—         Көрмелер;

—         Сызу құралдары;

—         Тапсырмалар;

—         А3, А4 парақтар;

—         Бағалау парағы;

—         Оқулық;

—         Жапсырмалар;

—         Бағдаршам түстері/ фигуралар/

 

 

Сабақ  барысы
Сабақ кезең-деріМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс- әрекетіБағалау
 Кіріспе

8 мин

1.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу,топқа бөлу, бағалау парағы таратылады 1. Мақал –мәтелдің жалғасын табу арқылы 4 топқа топтасады

1-топ:Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

2-топ: Бір тал кессең, он тал ек.

3-топ: Жеті жұрттың тілін біл;

Жеті түрлі білім ал.

4- топ:Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

2. Сәлемдесу тренингі

Қатар тұрған екі оқушы бір- біріне амандасудың бір неше түрін айтып амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

мадақтау
2. Қызығушылықты  ояту Қызықты логикалық есептің жауабын табады

Есеп:  Тік төртбұрышты аулада  7 алма ағашы өсіп тұр. Үш түзу сызығының көмегімен  7 бөлікке бөлу керек. Әр бөлікте бір алма ағашы қалатын болсын.

Қол шапалақ
3.Үй тапсырмасын  өзара тексеру тапсырыладыҚатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс) №1092

 

Шешуі:∠EDC=120°-90°=30°

ADE=90°-30°=60 ;

Жауабы: 30°, 60°

№1097∠COF=∠KOF-∠KOC=90°-50°=40°

∠FOB=∠COB-∠COF=90°-40°=50°

Жауабы:

Кері байланыс
Тұсау-кесер

10 мин

4. Математикалық диктантСұрақтарға жауап жазады және қатар отырған екі оқушы бір- бірін тексереді.

1.  Сағат 9 болса, сағат тілі қандай бұрыш жасайды? Тік бұрыш

2.  Төрт бұрышты столдың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады? Бес бұрыш

3.  Бұл не?/сызба құралдары/

4.  Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштың бірі 65° болса,  қалған бұрыштары неге тең?  115°,65°,115°

5.  Жазыңқы бұрыштың 1/6 -і неге тең? 30°

6.  Перпендикуляр сөзі латынның қандай сөзінен алынған? Тік бағыт

7.  Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?

Тік бұрыш.

5. Cұрақ  -жауап.

Әр топқа сұрақ қойылады

Берілген сұрақтар бойынша әр топ А3 параққа жазып, не сызып жауап береді.

1)    Тік бұрышты сызғыш немесе транспортирді пайдаланып тік бұрыш сызып көрсетеді;

2)               Перпендикуляр түзудің анықтамасын айтады, белгіленуі мен жазылуын көрсетеді ;

3)                Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру алгоритмін пайдаланып, сызып көрсетеді;

4)          Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табуды көрсетеді.

5)            Техникада, тұрмыста өзара тең төрт бұрыш жасап қиылысатын түзулерге мысалдар келтіреді./суреттер/

бағдаршам
 

Негізгі бөлім

20 мин

 

Деңгейлік тапсырмалар Қай топ 1-ші дұрыс шығарады , сол топ тақтаға есептің шешуін жазады.

 

 1-деңгей. Тапсырма 1.

№1087

AB⊥CD, ∠AOE=35°, ∠KOB=20°

Шешуі:

 ∠EOD=90°-35°=55°

∠KOC=90°-20°=70°

Жауабы: 55°,70°

2- деңгей. Тапсырма 2.

Қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 4 есе артық. Пайда болған бұрыштардың әрқайсысының шамасын табыңдар

Жауабы:36°,144°

3-деңгей. Тапсырма 3. №1098

∠AOB=90°, ∠AOF=125°, CD⊥EF

Шешуі:

∠AOE=180°-125°=55°

∠FOB=180°-35°=145°

Жауабы: 55°,145°

 

 бағдаршам
8.Сергіту сәті, музыка қойылалы Оқушылар музыка ырғағымен бой жазады
9.Әр топқа тапсырма беріледі (топтық жұмыс) А3 параққа сызып көрсетедіІ топ.  а түзуіне түзуден тыс жатқан В нүктесі арқылы перпендикуляр сыз.

ІІ топ.   С нүктесінен в түзуіне дейінгі арақашықтықты тап.

ІІІ топ.  Бұрыштардың шамасын тап

IV топ.   Қандай түзулер перпендикуляр болады?

бағдаршам
5 мин ҚорытындыСабақты қорытындылауАссоциация

 

 

 

 

 

Әр топ бір біріне «екі жұлдыз, бір тілек айтады»
10.Оқуға арналған тапсырмалар1. Тақырып бойынша қайталап оқу

2. №  1099

11. Рефлексия Не үйрендім?

Мен үшін қиын болды

Мен үшін қызықты