«2030 жылға сапар» атты эстафеталық ойын

«2030 жылға сапар» атты эстафеталық ойын

  1. Сабақтың тақырыбы: Болашаққа қол жеткізу мақсатында «2030 жылға сапар» атты эстафеталық ойыны ойнатылады.

Математика сабағында есеп түрлерін шығаруда   дене шынықтыру сабағының  тартыс ойын түрлерін қолдану.

  1. Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Оқушыларға  логикалық, викториналық т.б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету.

Дамыту: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа  тәрбиелеу.

  1. Сабақ түрі: Кіріккен сабақ.
  2. Сабақтың әдісі: Сабақтан тыс «2030 жылға сапар» есептерін шығарту.

5.Сабақтың көрнекіліктері: доп, маркер, асықтар, тақта, плакатқа жазылған есептер жиыны.

  1. Сабақтың барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Сабақтың  мақсатымен таныстыру.
  3. Ойын шартымен таныстыру.
  4. Әділқазы алқасымен танысу.
  5. Қорытындылау.

Сабақтың барысы

Мұғалім: Балалар, математикалық эстафеталық   ойынымызды бастайық. Бүгінгі эстафеталық ойынымызды «2030 жылға сапар» деп атап отырмыз,  осы сапардың жолын сендер өздерің таңдап, қандай бағытпен баратындарыңды өздерің таңдайсыңдар.  Осы сапардан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін!

1-жүргізуші: «2030 жылға сапар» математикалық эстафеталық ойын сабағы 5 кезеңнен тұрады.

  1. Екі топтың танысуы : 5а және 5б. (5 ұпай)

Әр топтың аты, ұраны болуы керек және топ 10 адамнан тұруы қажет.(5 ұпай)

  1. «Жекпе –жекке» шақыру. Топ басшыларын жарыстыру.
  2. Ойын түрлерін өткізу.   Эстафеталық жарыстар арқылы  екі топ жарыса бара, тақтада  дайын тұрған есептерді шешу арқылы қайта жарысып орындарына келу керек.
  3. «Бәйге» сайысы. Жұмбақ, мақал –мәтелдер айту сайысы.
  4. Аділқазы алқасына сөз.

1ші. жүргізуші:

Уа халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық

Бүгінгі  жарыс төрінде

Математика елінде

Математика тілінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

2-ші. жүргізуші:

Шабыт тасып шалқысып

Есепен ән салысып

Көңілді жарыс жасайық

Жұмбақ  шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

Мұғалім: Ал балалар, жарысымыздың  екі топтың бір –бірімен танысуы мен топ басшыларын сынаудан бастайық:

  1. Командалардың амандасу рәсімі. Екі топпен танысу (топ басшыларымен де). Әр топ  аттарыңызды, ұрандарыңызды таныстырып өтесіздер.

5а – Теңдеу.

5б- Формулалар.

Топтардың сәлемдесуі:

Формула тобы: Шақырамыз, келіңдер жарысуға.

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық , ортамызға.

Ал кәне, кім шығады, сайысуға!

Формула тобының ұраны:  Математика – ақылдың әуені.

Теңдеу  тобының ұраны:  Анық математик- ақын адам.

Теңдеу тобы:

  1. «Жекпе-жекке » шақыру. Топ басшыларын сынаққа шақырамыз: Мына есепке ойланып  кім бірінші жауап берсе, сол басшы өз  тобына 1 ұпай жеңіп береді.

а) Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы болғаны? (8)

б) Жанардың әр түсті 20 шары бар: сары, жасыл, көк және қара. 17 шардың жасыл емес екендігі, 5 шардың – қара, ал 12 шардың сары емес екендігі белгілі. Жанардың қанша көк шары бар? (15)

в) 2,3 және 4 сандарының бәріне бөлінетін ең кіші натурал сан қандай? (12)

1ші. жүргізуші:

Айыра біл, жақсы менен жаманды,

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпаған да өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы.

2-ші. жүргізуші:

Мықты болсаң –артағыны жеткізбе!

Мықты болсаң –шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң –тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,

Мықты болсаң –заманыңды көктеп өт!

  1. Мұғалім: 1-ші эстафеталық ойынның шарты: Тақтадағы Қазақстан жерлері мен рәміздері бар карточкаларды таңдап алып, өз сапарларыңды анықтау үшін сол карточкадағы есептерді шешулерің керек.  Эстафеталық ойын шарты бойынша допты 1-мәреден жерге ұрып отырып, екі топ жарыса 2-ші мәреге жарыса жүгіреді, жетісімен тақтада жазылып тұрған есептерді шеше сала қайта өз тобына жүгіруі қажет. Қай топ 1-ші  болып аяқтаса, сол топ 1-ші болып саналады.(Маркер қолдану).

Тақтадағы әр түрлі тау ,орман, көлі бар карточкаларда есеп:

№1 «Баспалдақ» есебі

20*5=              (100)                                                  88+12=100

40/2=              (20)                                                      22*4=88

63-23=         40                                                           11*5=55

7*9=          63                                                             98+12=110

42*2=  84                                                                   7*14=98

25+17=      42                                                             70-12=58

100-25=75                                                                 100/5=20

Тақтадағы есеп:№2

а) 44/4=                                                          а) 55/5=

б)4444/44=                                                    б) 5555/5=

в) 44444/44=                                                  в)55555/5=

Тақтадығы есеп №3

0,37+3,4=                   (3,77)                          326                  0,67

5,460+76=                  81,460              100,56                       86,462

Соңғы карточкада тудың суреті болады, бұл карточканы тек жеңіске жеткен топқана ала алады. Бұл карточканы алған баланың тобына  «2030 жылға хош келіпсіздер» дейміз. Жеңісімен құттықтаймыз.

Мұғалім: 1,2 жүргізушілердің  орындауында ән «Жасыл Жайлау».

  1. Келесі  эстафеталық ойын. Әр топтан 5 баладан шығады. Скакалка қолдану арқылы жарыса  отырып,  дорбадағы асықтарды алу арқылы ойыншылар өздерінің алған асықтарының номері бойынша  логикалық есептерге жауап бере сала қайта орындарын жүгіру керек.Асықты дорбаға саламыз. Ал оған арналаған есептерді басқа ыдыстан алады.

1 сұрақ

Басынан аяғына төңкеріле жазылған түрінде оқығанда өзгермейтін қандай сандарды білесіңдер? (69,619,88)

2 сұрақ

Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (Түйеқұстар ұшпайды).

3 сұрақ

Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды. (10 торғай, басқалары ұшып кетті).

4 сұрақ

Қай  сан нөлден өзгеше бүтін санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

 

5 сұрақ

Электр поезы шығыстан батысқа қарай жүріп келе жатты. Ол сағатына  60 километр шапшандықпен жол жүрді. Сол бағытта шығыстан  батысқа қарай жел  соғып тұрды. Бірақ  оның шапшандығы  сағатына 50км. Жел поездың  түтінін қай  жаққа қарай айдап әкетеді? (элек. поезд. түтін болмайды.)

6 сұрақ

Төрт  қайың  қатар өсіп тұр.

Әрбір қайында 4-4-тен үлкен бұта  бар.

Әрбір үлкен бұтақта 4-4-тен кішкене бұтақ бар.

Әрбір кішкене бұтақта 4-4-тен амал бар.

Әрбір  кішкене   бұтақта 4-4-тен амал бар.

Барлық алма саны қанша?

(бір де алма жоқ, қайыңда алма өспейді.)

7 сұраққа. Жұмбақтар

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан жағыңы қарамай? (Натурал сан)

8 сұрақ  Жұмбақ

Бүтін , бөлшек  бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшек)

10 сұрақ

Қайсысы ондық бөлшік?

45                    5/72                 36,8

11 сұрақ

Сәуленің ұшы бола ма?

(болады)

  1. «Бәйге» сайысы.

Бұл бөлімде оқушылар әртүрлі сұрақтарға жауап береді және мақал –мәтелдер айту арқылы жарысады.

  1. Өлкеміздегі ортағасырлық математиктерді атаңыздар:

Мұхаммед ибн Мұса әл –Хорезми

Омар Хайям

Мұхаммед әл-Бозжани (Әбілбапа)

  1. Сабақты қорытындылау.

Бұл 2030 жылға жету үшін әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, қиыншылықтардан  жеңе алатындарыңды көрсетіңдер.Сіздерге  2030 жылға сәт сапар тілеймін.

1-жүргізуші

Олар жайлы төреші

Көрермендер өздерің

Ақ қарасын айырып

Куә болды көздерің.

2- жүргізуші

Көңіл бөліп бұл жарысқа

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге мың рахмет, мың рахмет.

Ендігі сөзді  әділқазы алқасына беріледі.