Тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік міндеті: Оқушыларды координаталар жазықтығында нүктелердің координаталарын және координаталары бойынша нүктелерді табуға үйрету.
2.Дамытушылық міндеті: Оқушыларды нүктелерді табу арқылы әртүрлі фигураларды координаталық жазықтықта бейнелеуге үйрету.
3.Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды ұқыптылыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Магниттік тақта, магниттер және демонострациялық плакат.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың барысы: Бұл тақырып 6-сыныптан оқушыларға таныс болғаннан кейін тақтаға көмекші ретінде жақсы оқитын оқушы шақырылады, да мына тапсырмалар оқушылармен бірге, мұғалімнің бақылауымен орындалады:
1.Жазықтықта өзара перпендикуляр түзулер жүргізіңдер және горизонталь түзуге оң бағыт, ал вертикаль түзуге жоғары бағытты көрсетіп сәйкесінше х,у-деп х пен у-тің қиылысқан нүктесін О-нүктесімен белгілеңдер.
2.ох-ті абсцисса ал оу-ті ордината деп атайды.
3.Осы координаталар остерінде бірлік кесінділерді белгілеңдер, пайда болған
жазықтықты – координаталар жазықтығы деп аталады.
4.Осы координаталық жазықтығында мына нүктелерді салыңдар:
А(4;0), B(0;3), C(-3;0), D(0;-5),S(0;0).
- Суретегі нүктелердің координаталарын табыңдар:
у
N( ; )
∙1 M( ; )
0 ∙1 х
R( ; )
T( ; )
6.М-нүктесін N-нүктесімен, N-нүктесін R-нүктесімен, R-нүктесін Т-нүктесімен,
Т-нүктесін М-нүктесімен кесінділермен қосыңдар. Қандай фигура пайда болғанын анықтаңдар?
7.Координаталар жүйесінде пайда болған бөліктер-ширектер деп аталады.
Осы ширектерде орналасқан нүктелердің координаталарының таңбаларын анықтаңдар.
Осыдан кейін оқушылар үш топтарға бөлінеді : А,В және С.
Әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі:
1.Координаталар жазықтығында мына нүктелерді салыңдар:
A- S(3;4),K(-4;-5),U(-2;-7),V(3;-2). I B- R(6;3),H(4;-5),E(-2;-4),D(-6;2).
C- F(-2;3),G(2;-5),F(3;-7),J(7;-5).
2.Мына фигураларды координаталар жазықтығында салыңдар:
А- (2;3), (-2;3), (-2;-5), (2;5). B- (3;5), (-3;5), (-3;-7), (3;7). C- (5;5),L(-5;5),N(-5;-5),
M(5;-5).
3.Суреттегі берілген нүктелердің координаталарын табыңдар:
А-тобы. В-тобы. С-тобы.
y y y y
A( ; ) B( ; ) S( ; ) D( ; ) F( ; ) U( ; ) P( ; )
0 x 0 x 0 x 0 x
C( ; ) E( ; ) K( ; ) L( ; ) Q( ; ) R( ; ) M( ; ) P( ; )
Үйге тапсырма: §14.№174,176.
Қортынды: 1.Тікбұрышты координаталар жүйесі не үшін енгізілді?
2.Нүктенің координатлары бойынша координаталар жүйесінде нүктені қалай салуға болады?
3.Координаталар жүйесіндегі берілген нүкте бойынша нүктенің координаталарын қалай табуға болады?
Көмекші оқушы және сайыс барысында дұрыс жауап берген оқушылар
сәйкесінше бағаланады.
Қосымша тапсырмалар: Центрі координаталар басымен беттеспейтін,
бірақ 1.абсцисса осінде жататын; 2.ординатлар осінде жататын шеңбер-дің теңдеуін өз беттеріңше құрып көріңдер.