Таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың тақырыбы: Таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушылардың таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуальдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктерге сенуге, үлкен жетістікке ұмытылуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Сайыс-сабақ
Сабақ әдісі:
Танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, сызғыш, сөз жазылған конверт, тірек-кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, информатика
Сабақ жүрісі:
- Ұйымдастыру
- «Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын тексеру)
- «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұраққа 10 ұпай)
- «Біліктілік сайысы» (әр топқа тапсырмалар беру)
- «Білімің – ұшыр қанатың» (оқулықпен жұмыс)
- «Сергіту сәті» (топтарға сөзжұмбақ, жұмбақтар, мақалдар беру)
- «Шешуші сәт» (семантикалық карта мен сәйкестендіру тестісін беру, тест тапсырмалары)
- Үйге тапсырма
- Қорытындылау, мадақтау, бағалау.
Сайыс сабағымызды бастау үшін сынып оқушылары 3 – топқа бөлінеді.
Олар: «Оң сандар», «Теріс сандар», «Қарама-қарсы сандар» топтары.
І бөлім «Алғашқы қадам»
(үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесіне 10 ұпайдан беру)
№432, №440.
ІІ бөлім «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұрақ 10 ұпай)
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
- Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
- Кез келген санның 0-мен қосындысы.
- Қарама-қарсы сандардың қосындысы.
- Қарама-қарсы сандардың модульдері
- Санның модулі.
ІІІ бөлім «Біліктілік сайысы»
(әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру, 10 ұпай)
«Оң сандар» тобына кесте толтыру.
Алғашқы температура | Температура өзгеруі | |||
+20С | -30С | +40С | -50С | |
-60С | -40С | -90С | -20С | -110С |
-100С | -80С | -130С | -60С | -150С |
-200С | -180С | -230С | -160С | -250С |
«Теріс сандар» тобына «Топтастыру стратегиясы»
«Қарама-қарсы сандар» тобына Венн диаграммасы
ІV бөлім «Білімнің – ұшар қанатың»
(оқулықпен жұмыс, әр түрлі есепті топ өздері таңдайды)
- 30 ұпайлық есеп, №447
- -8,3+5,6=-2,7 4) 0,56+(-0,89)=-0,33
- -9,7+14,3=4,6 5) -9+0,9=8,7
- -0,36+1,43=1,07 6) 6,17+(-8)=-1,83
- 40 ұпайлық есеп №448, №449
- 50 ұпайлық есеп
- (-0,8)+(+0,5)+(0,75)+(+0,32)=(-0,8-0,75)+(0,5+0,32)=-1,55+0,82=-0,73
V бөлім «Серпіту сәті»
(әр топқа тест, сөзжұмбақ, мақал беріледі, әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Оң сандар» тобына «Рационал сан» сөзжұмбақ шешу.
Р | а | д | у | и | с | ||||||
А | р | а | л | а | с | ||||||
Ц | и | р | к | у | л | ь | |||||
к | И | л | о | м | е | т | р | ||||
О | н | ||||||||||
Н | а | т | у | р | а | л | |||||
А | з | а | й | т | у | ||||||
б | ө | Л | ш | е | к | ||||||
т | е | р | і | С | |||||||
м | а | с | ш | т | А | б | |||||
б | ү | т | і | Н | |||||||
- Шеңбердің элементі?
- қандай сан?
- Шеңбер сызатын құрал?
- Ұзындық өлшем бірлігі?
- Екі орынды ең кіші сан?
- Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар?
- Қосуға кері амал?
- қандай сан?
- Оң санға қарама-қарсы сан?
10) Картаны сызуға қандай өлшем қолданамыз?
11) 20 қандай сан?
«Теріс сандар» тобына математикалық жұмбақтар шешу.
- Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай (Натурал сан)
- Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал сан)
- Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді
Бірін-бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да (Параллель түзу)
- Бірдей санды, бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
- Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? (0)
«Қарама-қарсы сандар» тобына мақал-мәтел жалғасын табу.
- Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
- Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
- Айдағаның бес ешкі
Ысқырығың жер жарады.
- Елу жылда ел жаңа
- Бір тал ексең, он тал ек.
VI бөлім «Шешуші сәт»
(тест, семантикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру. Дұрыс жауап 10 ұпай)
Тест тапсырмалары:
1) 17+(-50) а) 24 б) -33
2) 58+(-31) а) 27 б) -25
3) 36+(-60) а) -24 б) -45
4) а) 0 б)
5) а) б)
- Семантикалық карта.
р/с | а | в | а+в=32 | а+в=-99 | а+в=0 | а+в=5 | а+в=-60 |
1 | 40 | -8 | + | ||||
2 | -25 | 30 | + | ||||
3 | 45 | -45 | + | ||||
4 | -99 | 0 | + | ||||
5 | -70 | 10 | + |
- Сәйкестендіру тестісі
1) –(-20) теріс сан
2) –(+20) қарама-қарсы сан
3) -20+20 оң сан
Топтардың ұпай сандарын есептеп жеңіске жеткен командаға сертификат беру.
Үйге тапсырма №451, № 453
Қорытынды
Бағалау