Бағанды диаграмма

 

АптаКүні  Сабақ  
Сабақтың тақырыбыБағанды диаграмма
Жалпы мақсатыЕсептерді шығара отырып, нәтижесін бағанды диаграммада кесіндеуге  дағдыландыру.

Бұрын  білетін ақпаратпен байланыстыру;

Күтілетін нәтижелерБағанды диаграмма салу. Кесте толтыру.
Сабақ түріИнформатика пәнімен кіріктірілген сабақ
Тапсырмалар *жеке жұмыс

*диалогтік әдіс

*АҚТ

*өздік жұмыс(деңгейлік тапсырмалар:   кесте толтыру, бағанды диаграмма салу)

*рефлексия

Керекті жабдықтарКомпьютер,  деңгейлік тапсырма
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру бөлімі:

оқушылармен амандасу, түгендеу

Үй тапсырмасы:

1. бағанды диаграмма не үшін қажет?

2. бағанды диаграмма қалай сызылады?

3. кесте қалай сызылады?

4. Кестенің қадамы деген не?

Оқушыларға  ↓↑ дәрежелі сұрақтар қойдыру.

Дарынды балаларға:

↑ Мәртебелі сұрақ.

1. Күнделікті өмірден бағанды диаграмманы  қайдан байқадыңыздар?

2.Қандай мұхиттарды білесіңіз, су қоры көп қай мұхит?  Ол бағанды диаграмада қандай көрсеткіш көрсетеді?

Өткен сабақты қорытындылай келе, жаңа сабаққа кіріспе жасалады.

оқушылар жоқ оқушыларды атайды

 

Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беруге дайындалады.

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақты еске түсіреді.

 

Оқушылар тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Тұсаукесер Өткен сабақпен байланыстыра отырып шолу жасап өтемін.

ой бөлісу.

Балалар, тасбақаның, түлкінің, қоянның жылдамдықтарын  бағанды диаграммада  бейнелейтін болсақ,  қайсысының жылдамдығы жоғары?

Оқушылар тыңдайды.

 

Оқушылар суретке қарайды, сұраққа жауап  береді,  талдайды.

Негізгі бөлім  

Диаграмма жасау үшін мына бағдарламаны іске қосамыз, ол үшін:  Пуск – все программы – Microsoft  Office — Microsoft Excel  командасын орындаймыз. Microsoft Excel   бағдарламасында 3 беттен тұратын кесте торлары берілген.  Бұл беттерді ауысып қарауға болады.

Microsoft Excel-де диаграмма салу үшін, ең алдымен кесте толтыруымыз қажет.

математика5
информатика4
ағылшын3

Енді кестені белгілеп алуымыз керек, Вставка- Диаграмма командасын орындаймыз.  Сол жерден бағанды диаграмманы таңдап аламыз. Формат командасынан диаграмманың бағандарының, фонның түстерін өзгертуге болады. Диаграмманы белгілеп, тышқанның оң жағын шерту арқылы Добавить подписи данных командасын таңдап алсақ, бағанды  диаграмманың бағандарының көрсеткіштерін көрсетуге болады.

 

 

 

ТАПСЫРМА 1

Іле Алатауының маңайында  Абай, Талғар және Жамбыл шыңдары бар. Абай шыңының  биіктігі 4010 м, Талғар шыңы одан 963 м биік, ал Жамбыл шыңы  Талғар шыңынан 613 м аласа. Шыңдардың биіктіктерін жүздіктерге дейін дөңгелектеп, бағандыдиаграмма сызыңдар.

 

 

ТАПСЫРМА  2

Шаруашылық бірлестігі қант қызылшасы егілген жердің 1 гектарынан алған өнімін әрбір жыл сайын кестеге толтырып отырды.

Жылдар123Орташа
Өнім (центнер есебімен)360396??

 

1)       Кесте бойынша қант қызылшасының екінші жылға өнімі бірінші жылға қарағанда неше процент өсті?

2)       Қант қызылшасының үшінші жылғы өнімі екінші жылғымен салыстырғанда 5%-ке өсті. Қант қызылшасының үшінші жылғы өнімін тауып, кестеге жазыңдар.

3)       1 гектардан алынған қант қызылшасының орташа өнімін кесте бойынша есептеп табыңдар

 

 

ТАПСЫРМА  3

5в сыныбының 2011-2012 оқу жылы бойынша математика пәнінен білім сапасы. І тоқсан 68%, ІІ тоқсан 78%, ІІІ тоқсанның білім сапасы  ІІ тоқсаннан 5%-ке өсті, ал IV тоқсанның білім сапасы  І тоқсанмен салыстырғанда 26% жоғарылады. Сыныптың сапасын көрсететін диаграмма салыңдар.

 

 

Оқушылар  бағанды диаграмманы копьютерде, Microsoft  Excel бағдарламасында қалай орындалатыны туралы түсінік алады.

 

 

 

 

 

 

Түсінбеген сұрақтарын сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте толтырады, табылған мәліметтер бойынша диаграмма салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма  бойынша жұмыстанады.

Табылған  мәліметтер бойынша диаграмма салады.

 

Қорытынды Бекіту: Рефлексия.

Не үйрендім?Мен үшін қиын болдыМен үшін қызықты

 

Қорытынды.

Бағалау. Орындалған тапсырмалары бойынша пән мұғалімі бағалайды.

 

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Сабақтың өзіндік талдауы

 

Тәжірибелік сабақты бағалау
Сабақ бойынша өзгертулер