Көрсеткештік және логарифмдік теңдеулерді шешу
Сабақ тақырыбы: «Көрсеткештік және логарифмдік теңдеулерді шешу.»
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ (алгебра, информатика)
Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімін жинап бір жүйеге келтіру, математика тілінде
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Аймақтық компоненттерді қолдана отырып, оқушыларды ұлттық салт –
дәстүрді құрметтеуге, адамгершілік қасиетке, батылдыққа тәрбиелеу.
Математика ғылымына зор үлес қосқан өз өлкемізден шыққан ғалымдардың
еңбегін насихаттай отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін
бағалай білуге, қарым-қатынасты күшейтуге үйрету.
Көрнекілік: компьютер, презентация, қазақ үй макеті, интерактивті тақта, сөзжұмбақ,
жетондар т.б.
Сабақтың барысы: 1. Үй тапсырмасын тексеру. № 244
- Жаңа сабақты бастау: жарыс түрінде
Сынып 2 топқа бөлінеді.
«Көрсеткіш» тобы және «Логарифм» тобы
Жарыс шарттары: 1.Қыз қуу
- Арқан тарту
- Көкпар
- Қол күрес
- Бәйге
І. Қыз қуу.
Мұғалім интерактивті тақтадағы «Қыз қуу» суретіне көңіл бөлуді сұрайды. Халқымыздың ұлттық ойынының бірі «Қыз қуу» туралы ақпарат береді.
Қыз қуу
1-шарт бойынша 2 топ кезектесе отырып интерактивті тақтада реттік номері бойынша логарифмдік және көрсеткіштік функцияның қасиеттерін айтып шығады. Әрбір қасиеттің артынан жасырынған сөздерден «1907 ж 13 наурыз» деген сөз тіркестері шығады.
- Ақпараттық сәт.
1907 жылы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Хасен Жомартбаевтың отбасында дүниеге келген « Абай елінен шыққан атақты математик С.Х.Боқаевтың өмірбаяны туралы ақпарат беріледі.
ІІ. Арқан тарту.
Сергіту сәті ретінде тапсырмалар беріледі. Үлестірмедегі есептерді компьютерде логарифмдік функцияны қолдана отырып, жылдам жауаптарын табады.
1 минутта қай топ көп жауап берсе сол топ арқан тарту ойнында жеңеді деп есептеледі.
- log5625= 6. log401600=
- log3243= 7. log84096=
- log41024= 8. log96561= тапсырмалар
- log2512= 9. log121728= жауабы
- log13169= 10.log 7117649=
ІІІ. Көкпар. Бұл сайыста әр топ сөзжұмбақ шешеді.
- Садуақастың әкесінің аты
- ах -өрнегіндегі х қалай аталады?
- lg –қандай логарифм?
- ln –қандай логарифм
- log –оқылуы
- 23*5 -өрнегінің мәні
- Садуақас қай жерде туды?
- log5(x+2) =0 -өрнегіндегі логарифмнің негізі нешеге тең?
ІУ. Қол күрес.
Әр топтан 1 оқушыдан шығып,
үлестірмедегі есептерден шығарады.
І топ ІІ топ
4х+16=10*2x 9x-36*3x+243 =0
22x-10*2x+16=0 32x-36*3x +243=0
2x=y 3x=y
y2-10y+16=0 y2-36y+243=0
D=100-64=36, D>0 D=1296-972=324, D>0
y1= 2, y2=8 y1=9, y2=27
2x=2 2x=8 3x=9 3x=27
x=1 x=3 x=2 x=3
Жауабы: 1;3 Жауабы: 2;3
У. Бәйге.
Топ басшыларына логарифмдік теңдеуді шешуге есептер беріледі.
І топ ІІ топ
log5(2x+3)+log5(4-x)=1 log2(2x-1)+log2(x+3)=2
log5(2x+3)(4-x)=log55 log2(2x-1)(x+3)=log24
(2x+3)(4-x)=5 (2x-1)(x+3)=4
8x-2x2+12-3x-5=0 2x2+6x-x-3-4=0
2x2-5x-7=0 2x2+5x-7=0
x1=-1 x2=3.5 x1=-3.5 x2=1
ІУ. Сайыс қорытындысын шығару.
У. Жеңімпаз топты марапаттау.
УІІ. Үйге тапсырма беру.
Ауылымыздан шыққан математика ғылымының профессоры
О.Жолмағанбетов туралы реферат дайындау.
УІІІ. ББК кестесін толтыру.
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
|