Аталар мұрасы – халық қазынасы
Аталар мұрасы – халық қазынасы
Мақсаты: а)білімділік: ата-бабадан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балалар-ға ұғындыру.
ә)дамытушылық: ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастру.
б)тәрбиелік: жастар бойына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, имандылыққа мейірімділікке тәрбиелеп, аталы сөздерден өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, слайдтар, шарлар.
1)Жастай берген тәрбие жас шыбықты игендей.
2)Естіге айтқан ақыл сөз Шыңға тіккен тумен тең. Ессізге айтқан ақыл сөз Құмға сіңген сумен тең.
3)Біздің заманымыз-өткен заманның баласы, келер заманның атасы!
Барысы:
Жоспар: 1-кезең .«Ата өсиеті».
2-кезең.«Аталар сөзі- ақылдың көзі».
3-кезең. «Баталы құл арымас»
4-кезең.«Жарасып тұр дәстүрім».
Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Қадірменді ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақ- сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған. Оның тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр-бәрі сиған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құ-дірет жоқ.
120 жасқа келеген Абыз Бабаға Әсет би амандас келеді де былай дейді: Асалаумаға лейкум, Абыз баба, Жасыңыз келіп қапты 120-ға. Атамыз айтып еді дейтұғын ұрпақтарға Айтыңызшы өсиет бір асқан дала..
Ендеше, қадірменді көрермендер
1-кезең.«Ата өсиеті» атты көріністі тамашалаңыздар.
Жігіт: Ассалаумаға лейкум,ата! Қарт: Аманбысың, балам! Арман деген не? Жігіт: Ата, арман дегеніміз-ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, қарт жүзге жетсем дейді, жігіт бақытты болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Қарт: Дұрыс айтасың, балам,арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді. Қарт: Балам бақытты болу оңай ма? Жігіт: Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында. Қарт: Жоқ, балам! Ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Ақылды адамды азат-тан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты болам десең ақылдықты үйрен, не ақылды қызға үйлен. Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтсыз. Қарт:Балам, үйде кім, елде кім қадірлі? Жігіт: Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі. Қарт: Жоқ, балам, үйде қонақ, қарт,бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі.Қонақты қадірлеуді бәрі біледі.«Бала-үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй азар» деген халқым. Қарт:Балам, үйдегі алтын қазық кім? Жігіт: Үйдегі алтын қазық-бала. Қарт: Жоқ,үйдегі алтын қазық-ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға қызға, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқор-шың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі өзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде болады, балам. Жігіт: Қандай керемет сөздер! Қарт: Достықты нығайтатын не? Жігіт: Ата, достық пен жолдастықты ынтымақ, бірлік, туыстық, бауырмалдық нығайтады.
Қарт: Дұрыс, балам, сенің айтқаның достық пен жолдастықты дамытатын ынтымақ, бірлік, теңдік, бауырмалдық. Есіңде болсын, шын достық ақылдыға тән. Өмірде дос болуды ойласаң «Сәлеметсіз бе?», «Кешіріңіз», «Рахмет», «Сау болыңыз», «Сәлем айты-ңыз», «Рұқ-сат па?» деген сөздерді шын көңілмен айтуға үйрен. Сәлемдесуді білген кеші-ре де біледі. Жөн сөз көңіліңді өсіреді, жөнсіз сөз үмітіңді өшіреді. Жігіт: Рахмет, ата, сөздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын. Жүргізуші: Иә, туған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты,- дегендей осы естігендеріңіздерден ғибрат алып ой түйеді деп сенеміз. Адамның сәні- өнер, білім, ақылы. Жердің сәні- жеміс, өнім, дақылы. Сөздің сәні-өнегесі, нақылы. Пікірдің сәні-ең пайдалы мақұлы,-дей келе сынып оқушыларын өлеңдерімен ортаға шақырайық.
Жүргізуші:Даралық сөз суырып сама ақындықпен туыстас. Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды басынан кешірген халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Би халықтың көкейіндегісін айтқан, көкейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақ-ты билері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би,Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Төле би,ер Қазыбек, тілді Әйтеке Асқартау Қазығұрттай биік еді. Бірі күні,бірі туған айдай болып, заманға сәйкесімен келген еді. Жерімді гүлдендірген аңыз екен, Данышпан даналары аңыз еткен. Үш жүздің басын қосып біріктірген, Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер. (Сынып оқушылары Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің өсиет сөздерімен ортаға шығады.) Жүргізуші:Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлық, тамаша тәлім- тәрбие берерлік өсиет сөздер өте көп. Ендеше 2-кезең. «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты бөлімге кезек берейік. Жігіт: Ата!Қол бастау қиын ба, Жол бастау қиын ба, Сөз бастау қиын ба? Қарт: Е,балам! Қол бастау қиын емес, Көк найзалы ерің болса. Жол бастау қиынемес, Соңыңнан ерген елің болса. Бәрінен де сөз бастау қиын: Тауып айтсаң мереке қылады, Таппай айтсаң келеке қылады. Жігіт: Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз. Қарт: Е, балам! Таза мінсіз асыл сөз Батыр жігіт жау бастар. Ой түбінде жатады. Аға жігіт қол бастар, Таза мінсіз асыл тас Шешен жігіт сөз бастар. Су түбінде жатады. Құсты жисаң, бүркіт жи, Су түбінде жатқан тас Қыс тоныңды түлкі етер. Жел толқытса шығады. Бір жақсымен дос болсаң Ой түбінде жатқан сөз Азбас-тозбас мүлкі етер. Шер толқытса шығады.. Бір жаманмен дос болсаң, Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп. Бүкіл елге күлкі етер. Әділ төре ел бастар
Иә,балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ. Ақыл- адамда аздырмайтын ем. Білім-таусылмайтын кен. Адамның басшысы- ақыл. Жетекшісі-талап. Шолғыншысы-ой. Жолдасы-кәсіп. Қорғаны-сабыр. Қорғаушысы –мінез. Жүргізуші:Ән-махаббат, ән-сағыныш, Ән- жұбаныш,ән-қуаныш. Сырлы сазды әнмен бірге Тербеледі кең даламыз. ,-дей келе келесі кезекті әнге берелік. Жүргізуші: Салт-дәстүр- халық педагогикасының бастауы.Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт-дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз.Соның ішінде бата туралы түсінік бермекшіміз.
3-кезең. «Баталы құл арымас» . Баталы құл арымас, Батасыз құл жарымас. Батамен ел көгереді, Жауынменен жер көгереді.-дейді дана халқымыз.
Бата — халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талантты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға, жас сәбиге немесе үлкендерге жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақал-дардың ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы. Қарт: Ата сөзі дарып мол, Қажымұқандай ері бол. Ақ уызға қарық бол. Сәкен сынды сұңқар бол. Абылайдай алып бол, Бағың жанып әрдайым, Шоқан сынды жарық бол, Жақсыларға жақын бол. Абайға ұқсап милы бол, Осы айтқаным періште құлағына шалынсын. Құрманғазыдай күйші бол. Аман бол, қалқам, аман бол! Ақандайын сері бол, Әумин!
Жүргізуші: Қызыл, жасыл киінбесе,
Қыздың сәні кірер ме.
Мың бұралып билемесе,
Бидің сәні кірер ме,- дегендей келесі кезекті биге береміз.
Жүргізуші:
Кең даланың ежелгі Қазақ деген халқымыз. Өзге ұлттай біздің де, Бар дәстүр мен салтымыз .Ата салты ардақты, Әрбір сөзі салмақты. Сол сөздерді ұқпасаң, Тістерсің бір күн бармақты. Тілім барда қазағым бар, халқым бар, Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар,-деп
4-кезең. «Жарасып тұр дәстүрім» көрінісін тамашалаңыздар.
Көрініс:
(1-оқушы:) Сүйінші,сүйінші! Ауылдан әжем келді. (2-оқушы:) Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі, қатты қуанып тұр екенсің, мінеки, сыйлығыңды ала ғой. (3-оқушы:) Әсел артыңа жасырып тұрғаның не нәрсе? (1-оқушы:) Байғазы берсең көрсетемін. (3-оқушы:) Байғазы:- балалардың жаңа киімі үшін берілетін сый. Байғазы сұрағанның артықшылығы жоқ.Мә, ала ғой, саған моншағымды берейін, көрсетші. (1-оқушы:) : (Басына киіп бас киімін киіп) Міне, әжем тігіп берген бас киім. Ал атам маған жаңа қошақан сыйлады. Қозымды көргілерің келсе, көрімдігін даярлаңдар. (3-оқушы:) Байғазы жансыз дүниеге, ал көрімдік жандыға беріледі. ( 2-оқушы:) (3-оқушы), білесің бе?Менің ағам Түркияға қыдырып кетті. (3-оқушы:) Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой. (2-оқушы:) Ол не? (3-оқушы:) Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас қосу. Мал сойылып, ойын- сауық, өлең-жыр айтылады. (4-оқушы:) Егер, ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған беремін. Өйткені сен менің нағыз досымсың ғой. (5-оқушы:) Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға, ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «Базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі. (1-оқушы:) (5-оқушы),бағанадан үндемей тұрған мына досың кім? (5-оқушы:) Бұл –Дильфуза. Жақында көшіп келген көршіміз. (3-оқушы:) Басқа жақтан көшіп келген көршілерге тұрғындар «Ерулік» бередідеген әжем. Ендеше, Дильфузаны бәріміз қонаққа шақырады екенбіз ғой. Жүріңдер біздің үйге (2-оқушы)мен бірге.(Барлығы шығып кетеді) Ән: Қазағымның дәстурлері- ай.Орындайтын: Қойшыбаев Мекке Жүргізуші:Қырдан ескен самалы, Салтымыз бар бағалы. Ақ қағазға аталар, Шешен сөздер жазады. Еске алғанда жас күнін Ән салғанда қашты мұң. Жас ұрпақтың ісімен Жалғасады дәстүрім.
Хор. Атамекен.
Қорытынды сөз: Ізетіңді ине етіп, Иманыңды түйме етіп. Инабатты күйме етіп, Жүрші балам, жамандықты күйретіп,- дегендей біз бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсейік.
Аталар сөзімен өсіп- өнген, Бабалар бұлағынан нәр алған. Даналар өсиетінен тәрбие алған, Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен Ұрпағымыз халықтың ғибрат еткен- Кешіміздің қадірменді қонақтарына сөз кезегін береміз