Математикалық ринг

Сайыстың тақырыбы: Математикалық ринг

Сайыстың мақсаты: 1) Оқушының математика пәнін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру;

2) Математикадан алған білімдерін, қабілет жігерлерін, әдіс тәсілдерін сайыс барысында көрсете білуі;

3) Оқушының математика туралы және оның тарихы туралы білімдерінің шекарасын кеңейту;

4) Оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту;

 

Көрнекілігі:

  • Музыкалық қолдау
  • Дербес компьютер (Презентация)
  • Activote құралдары
  • Таратпа материалдары
  • Нәтиже таблосы

Сайыстың барысы:

Екі команда қатысады 7 сынып және 8 сынып (Әр командада 6 оқушыдан болады)

  1. Бірінші ринг: Сергіту (Математикалық тапсырмалар беріледі. Кім тез, әрі дұрыс жауап береді сол команда жеңімпаз атанады (5 мин)).
  2. Екінші ринг: Сардарлар сайысы (2 бөлімнен тұрады. 1) Экрандағы сұрақтарға ең көп, дұрыс жауап берген сардар жеңеді. 2) Жұмбақ беріледі. Егер сардар дұрыс жауабын бермесе, онда команда жауап беруге болады. Бірақ ол кезде 2 балл емес 1 балл қойылады.)
  3. Үшінші ринг: Білгірлер сайысы (Әрбір команда кезекпен қанатты сөз немесе даналардан қалған математикаға байланысты сөздер (сандар) айтып сайысады. (5 мин))
  4. Төртінші ринг: Шығармашылық сайыс (Дәстүрлі емес тапсырмалар беріледі. Әрбір командадан шешен тілді, өткір көзді, зерек жады бар оқушы шығады (5 мин))

 

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық!

Бүгін сайыс төріне,

Математика тілінде,

Есеп шешіп таласып,

Жұмбақ айтып аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Кең пейілді жігермен,

Келді міне көпбілген.

 Демекші енді көпшілік қауым , сырта тұрып толқыған, күш жігері шалқыған, бұл  жеңіс менікі деп, артынған екі топты ортаға шақырайық.

Әр сыныпта бар дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

« Пифагор» тобын халайық,

Құрметпен қарсы алайық.

 

Ілім-білім «Жеті қазына» бірі еді,

Үлкен-кіші мұны бәрі біледі.

Осылай деп өз топтарын атаған,

Шақырамыз, сегізінші сынып тобын жайнаған.

Алдымен әркоманда өз ұрандарымен сардарларын таныстырып кетсін:

І топ « Пифагор»

Ұранымыз:

 «Ой арманын кешеміз,

Ақылды боп өсеміз.

Есепке тұнған әлемнің,

Жұмбақ сырын шешеміз»

 

ІІ топ «Жеті қазына»

Ұранымыз:

«Шаршы алаңда  мүдірме,

Көп ойланып кідірме!»

 

Бірінші ринг: «Сергіту»

«Кім аз ойлайды, сол көп қателеседі».

 


І топ « Пифагор» тобына тапсырма

1) Екі  бөлмеде 76 адам бар. Бірінші бөлмеден 30 адам, ал екінші бөлмеден 40 адам шыққан соң екі бөлмедегі адамдар саны бірдей болды. Алғашқыда бөлмелерде неше адамнан болған?

2) Қорада мысықтар мен торғайлар бар. Олардың барлығының басы 15, ал аяқтарының саны 50 болса, қорада неше мысық, неше торғайлар болды?

 

ІІ топ «Жеті қазына» тобына тапсырма:

  • Бірдей үш цифрмен жазылған, 3-ке және 37-ге қалдықсыз бөлінетін үш таңбалы санды табыңыз.
  • Бір меймандос адамның үйіне қонақтар келіпті. Оларға алдымен шай беріліп, содан соң қазанға ет салыныпты. Қонақтарға табақ тартылар кезде үй иесі әйеліне келіп: « екеуара бір табақ таратсақ, бір табақ жетпейді. Үшеуара бір табақ таратсақ, 1 табақ артылып қалады»-дейді. Сонда қонақ неше кісі, табақ нешеу болғаны?

 


Екінші ринг: «Сардарлар сайысы» (2 бөлімнен тұрады. 1 бөлім тест сұрақтарына жауап береді. 2 бөлімде жұмбақ шешеді.)

«Табиғат өзінің заңын математика тілімен қалыптастырады»

  • бөлім: Тест сұрақтары.
  1. 1 кг-да қанша грамм бар?

А) 1000г   Б) 100г   В) 10000г  С) 0,001г

  1. Шеңбердің ұзындығының формуласы

А) 2пR   Б) 2пR2   В) пR2  С) пR

  1. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

А) 3600   Б) 2700   В) 1800  С) 900

  1. а22 формуласының жіктелуі

А) (а-в)(а+в)   Б) а2-2ав+в2   В) а2+2ав+в2  С) (а-в)(а-в)

  1. «Миллион» сөзін қазақ арасына жеткізуші, ағартушы, ғалым, педагог?

А) А.Құнанбаев

Б) Ш.Уалиханов

В) Ы. Алтынсарин

С) Қ. Сәтпаев

  1. 2-ге бөлінетін санның аты?

А) тақ сан   Б) жай сан   В) жұп сан  С) құрама сан

  1. (а-в)3 формуласының жіктелуі

А) а2+2ав+в2

Б) а3-3а2в+3ав23

В) (а-в)(а2+ав+в2)

С) а3+3а2в+3ав23

  1. Тікбұрышты үшбұрыштың 300-қа қарсы жатқан катеті тең…

А) екінші катеттің жартысына

Б) гипотенузаның жартысына

В) гипотенузамен екінші катеттің көбейтіндісіне

С) гипотенузаға тең

  1. Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары….

А) өзара тең

Б) үшінші бұрыштан екі есе үлкен

В) өзара тең бола алмайды

  1. Тікбұрышты үшбұрыш туралы теорема кімнің теоремасы?

А) Фалес

Б) Пифагор

В) Птолемей

С) Архимед

 

2- бөлім: Жұмбақтар сайысы:

1- сардарға:

 Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге санап қой.(15)

 

2-сардарға:

Дүкеннен сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,төрт кітап

Тіс ысқышты  қоса алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бары (10)

 

Үшінші ринг: «Білгірлер» сайысы қанатты сөздер сайысы

«Көп білетін адам дана емес, білетінінің пайдасы көп адам дана»