Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу
Сабақтың тақырыбы: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу
Сабақтың мақсаты:
1)білімділік: Мазмұнды есептерді теңдеу құру арқылы шешу дағдысын қалыптастыру;
2) дамытушылық: оқушылардың тез ойлап, нақты нәтижеге жете білу дағдыларын, сабақ үстіндегі өз еңбегін ұйымдастыра білу қабілеттерін дамыту.
3) тәрбиелік: оқушылардың өзін-өзі тану белсенділігін жетілдіру; рухани-адамгершілік қасиеттерді насихаттау, математикалық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың түрі : интегративтік
Оқытудың әдісі: практикалық
- Ұйымдастыру бөлімі.
- Ауызша сұрақ-жауап.
III. Үй тапсырмасын тексеру
- Ойтүрткі
- Интеллектуалды моделдеу.
- Сергіту сәті
VII. Тест тапсырмалары
VIII.Топ басшыларының есеп беруі, бағалау
- Сабақтың қорытындысы
- Үйге тапсырма. Рефлексия
Сабақтың кезеңдері:
- Оқушылармен амандасу ,түгендеу, психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау. Оқушылар деңгейлері бойынша топқа бөлініп отырады, топ басшылары тағайындалады, оларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтағы ұстанымға тоқталу: «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы, бұл ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл – ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл – өте жауаптысы»(Конфуций). Олай болса сабақ барысында әр оқушы өзі таңдаған жолмен жұмыс жасайды.
- Ауызша сұрақ-жауап кезінде қойылатын сұрақтар:
- Теңдеу дегеніміз не?
- Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?
- Теңдеуді шешу дегеніміз не?
III. Үй тапсырмасын тексеру
№90 (2,4,6)
2) 252 : х – 11 = 25 4) (15 х – 22) : 19 = 2 6) 86 – 49: (2х — 5) = 79
252 : х = 36 15 х – 22 = 38 49 : (2х — 5) = 7
х = 252 : 36 15 х = 60 2х — 5 = 7
х = 7 х = 60 : 15 2х = 12
252 : 7 – 11 = 25 х = 4 х = 6 .
(15 * 4 – 22) : 19 = 2 86 – 49: (2*6 – 5) = 79
№80 2) 28 . (х + 5) = 224 4) 144 : (х – 3) = 36 6) (х + 67) : 18 = 4
х + 5 = 224 : 28 х – 3 = 144 : 36 х + 67 = 4 . 18
х + 5 = 8 х – 3 = 4 х + 67 = 72
х = 3 х = 7 х = 5 .
28 . (3 + 5) = 224 144 : (7- 3) = 36 (5 + 67) : 18 = 4
№83 қозы аяқтары — 40
тауық 3 есе кем
Шешуі:
Қозы – х 4 аяқ 40 аяқ
Тауық – 3х 2 аяқ
- 4. х + 2 . 3х = 40
4х + 6х= 40
10х = 40
х = 4 3 . 4=12
Жауабы: 4 қозы, 12 тауық
- Ойтүрткі
Ойтүрткі кезеңінде әр топқа 3 есептен тұратын тапсырмалар беріледі:
- 25 . (х + 3) = 150 х = 3
- 169 : (х – 3) = 13 х = 16
- (х + 97) : 28 = 4 х = 15
- 14 . (х + 9) = 168 х = 3
- 121 : (х – 3) = 11 х = 14
- (х + 27) : 15 = 4 х = 33
Есептердің жауаптары тақтада жазылып тұрады, дұрыс жауапты таба білген оқушы есепті тақтада орындап көрсетеді. Әр жауаптың сыртында сәйкесінше сөздер шығады: жалқау, дөрекі, мейірімсіз, өтірікші, сараң,мәдениетсіз. Табылған сөздерді өсіп тұрған ағашқа апарып ілген кезде ол қурап, өте сәнсіз болып көрінеді. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер қоршаған табиғатқа да кері әсерін тигізеді екен, сондықтан оны көбейту үшін келесі тапсырмаларға көшейік.
Әр топқа тағы да 3 тапсырмадан беріледі:
- №88 (1) х + 46= 75; х = 29
- №88 (2) 54 + х + 32 = 96 ; х = 10
- №88 (3) 78 + 3х = 104+25; х = 17
- №88 (4) х + 3х + 3х + 29 = 155; х = 18
- №87 (1) 250 – 3у = 115; у = 45
- №87 (3) (48 — х) : 8 = 4 х = 16
Есептердің жауаптары тақтада жазылып тұрады,дұрыс жауапты таба білген оқушы есепті тақтада орындап көрсетеді. Әр жауаптың сыртында сәйкесінше сөздер шығады:м еңбекқор, сыпайы, қайырымды, шыншыл, мәдениетті, жомарт. Табылған сөздермен қурап жатқан ағашымызды нәрлендіріп, өте сәнді түрге келтіреміз. Адамдар бойында да жақсы қасиеттермен қоса, жағымсыз қасиеттер де болады екен. Өз бойымыздағы жақсы қасиеттермен бөлісе отырып, бойымызды сергітейік.
- Интеллектуалды моделдеу.
Мәселе есептерді теңдеу құру арқылы шығарамыз.
1-есеп. «Балық»
Балықтың ұзындығы 30 қарыс. Басының тұрқы құйрығының ұзындығына тең. Егер басы екі есе ұзарса, онда басы мен құйрығының және қара етінің ұзындығын тап.
30 – 2х = 2х + х; х = 6
Балық жеген тоқ болар, әл дәрмені жоқ болар.
2-есеп. «Қыңырдың жасы нешеде?»
Есепке құмар бір кісі қыңырдан: -Жасың нешеде? — деп сұрапты.
Сонда ол:
-Менің 3 жылғы жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды
3 еселеңіз. Алғашқы көбейтіндіден соңғы нәтижені шегерсеңіз, сонда менің жасым шығады,- деген екен. Қыңыр нешеде?
(х + 3). 3 – (х — 3).3 = х; х = 18
Жетесінде жоқ жете сыйламайды.
Сергіту сәті:
2 топ алдын-ала дайындап әкелген сұрақтарын қояды
Тест тапсырмалары
- Әріпті өрнекті көрсет:
А) 3 . 27 + 118; Ә) 72 : 12 – 4; Б) 65 : а + 78
- 2х +3 өрнегіндегі коэффициентті ата:
А) 3 Ә) 2 Б) 1
- 285 – 185 өрнегінің мәнін тап:
А) 85 Ә) 100 Б) 102
- 303 . 3а өрнегін ықшамда:
А) 909а Ә) 909 Б) 303а
- 45 пен х сандарының қосындысы:
А) 45х Ә) 45 – х Б) 45 + х
- Теңдеуді шеш: х – 54 = 100
А) х = 46 Ә) х = 45 Б) х = 56
- Теңдеуді шеш: х : 17= 1
А) х = 1 Ә) х = 0 Б) х = 17
VIII.Топ басшыларының есеп беруі, бағалау
Топ басшылары өз тобындағы сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді, сәйкесінше бағаланады.
- Сабақтың қорытындысы:
«Математика – барлық ғылымдардың бекзадасы. Оның сүйіктісі шындық, сәні – қарапайымдылық, ұстанары — айқындық» дегендей бүгін біздің сабағымызда да осы қасиеттер орын алды деп ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыздар, балалар?
Бүгінгі сабақтан
- Үйге тапсырма. № 92
Рефлексия