Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі
Сабақтың тақырыбы: 5.5. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі.
Сабақтың білімділік мақсаты: Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі туралы теореманы тұжырымдау.Оқу материалы бойынша оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелілік мақсаты: ұқыптылыққа тәрбиелеу және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі,әдісі:түсіндірмелі-иллюстрациялы,тірек беру,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық,слаид.
Сабақтың өтілу барысы:
1.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,зейінін сабаққа бағыттау.Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын бағамдау. Сыныптағы оқушыларды «Медиана», «Биссектриса», «Медиана» деп үш топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.5.4 Үшбұрыштың биіктігі,медианасы және биссектрисасы.
3.Ой шақыру. Оқушы қызығушылығын оятатын проблемалық сұрақтар ұсыну.Слаид арқылы:
а)Үшбұрыш және оның элементтері.Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы.
ә) Үшбұрыштар теңдігінің бірінші және екінші белгісі.
б) Үшбұрыштың биіктігі,медианасы және биссектрисасын салу және ережелерін айтып шығу.
3.Мағынаны тану. 5.5. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі.
а)теорема-1.(үшінші белгі).Егер бір үшбұрыштың үш қабырғасы екінші үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасына тең болса, онда бұл үшбұрыштар тең болады.
(теореманы тұжырымдау және оны шешу әдістерін ұсынуына,ізденіске бағдарлау.) Дәлелдеуі: кері жору әдісімен.
∆АВС≠∆А1В1С1 болсын.∟А≠∟А1, ∟В≠∟В1,∟С≠∟С1 болуы керек. Бұлай болмаса, үшбұрыштар теңдігінің бірінші белгісі бойынша ∆АВС=∆А1В1С1 болар еді.Айталық, ∆А1В1С1=∆АВС болсын.62-сурет бойынша.С1Д=ДС2. ∆А1С1С2.=∆В1С1С2. С1С2-ортақ болатын тең бүйіңрлі үшбұрыштар. А1С1=АС=А1С2 ,
В1С1=ВС=В1С2 . А1Д┴ С1С2 . В1Д┴ С1С2 . ∆АВС=∆А1В1С1
Теорема дәлелденді.
ә)ПТ-4. Тапсырманы орындата отырып,бүгінгі білімдерін пайдалана отырып, практикалық негізде,өз ойын анықтай білуге үйрету.берілген үшбұрыштардың теңдігін анықтау және биссекртисасын,медиана ,биіктіктерін жүргізу.
5.Ой толғаныс. Есептер шығару.
1.АВС және MNG үшбұрыштары тең. Егер AB=10 см. NG=8 см. MG=15 см болса, АC, BC,MN қабырғалары неге тең ?
- ∆АВС=∆А1В1С1. Егер АВС үшбұрышының қабырғалары 4 см,
10 см және 12 см болса,онда бойынша ∆А1В1С1 үшбұрышының периметрі неге тең ?
- А,В,С және Д нүктелері бір түзудің бойында жатады. Егер АВЕ1 және АВЕ2 үшбұрыштары тең болса, онда СДЕ1 және СДЕ2 үшбұрыштары тең екендігін дәлелдеңдер.
6.Ой қорыту. Сызбалар бойынша оқушы білімін пысықтау.Сұрақ-жзауап түрінде. «Тізбектер» желісі бойынша өтілген тақырыпты қорытындылау.
«EXPO-17»,Қытайдағы және Франциядағы экспо материалдарына шолу.Қандай геометриялық фигуралармен байланысты?Үшбұрыштың қандай түрлері қолданылған?
7.Бағалау. Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау.
- Үйге тапсырма. 5.5. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі.
№ 120-123