Сан аралықтары
Тақырыбы: Сан аралықтары
- Мақсаты- Сан аралықтарын және санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында белгілеуін білу және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
а) Білімдік: Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.
ә) Тәрбиелік: тез ойлап, дәл таба білуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту.
Міндеттері: — Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын ажырата білу;
— Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын іс-тәжірибеде дұрыс қолдану;
— Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарының таба білу.
— Оқушыларды ізденіске, ойлауға баулу.
Қолданатын модульдер:
1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни түрғыдан ойлау.
- Оқытудағы ақпараттық -коммуникациялық технологияны пайдалану.
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
6.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: Практикалық сабақ .
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер: Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.
Топтастыру( математикалық фигуралардың түстерімен мозайка қиылған суреттер бойынша
«Кубизм», «Көршінді тексер», «Болжау» , «Ойлан-бөліс-талқыла», «Миға шабуыл» Рефлексия.
Күтілетін нәтиже:
— Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын ажыратады;
— Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын іс-тәжірибеде дұрыс қолданады;
— Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын табады.
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кіріспе бөлімі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басталуын ұйымдастыру 3 мин
БІЛУ Қажетті өткен тақырыпты қайталау
12 мин | Психологиялық көңіл-күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату. Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермеңдері. Оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа түсіру. Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді: Күннін шуағындай жылу тілеймін. Қажымас қайрат тілеймін. Таудай талап тілеймін. Сәттілік тілеймін. Топқа бөліну «Мозайка» суреттер қиындыларымен Мақсаты: серіктестік қарым-қатынас жасауға ыңғайлы орта құру. Оқушылар топта тұрған балалармен қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріңе жылы лебіздер айтып,сабағымызды бастайық. 1топ,2 топ,3 топ,4 топ. Топтасады 1топ-интервал, 2топ-кесінді , 3 топ-сәуле ,4 топ-ашық сәуле Әр топтан топ басшысы топтарға жылы лебіздер айтады. Сабақтың ұраны: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. «Көршіңді тексер» әдісі Мақсаты: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Слайдта үй жұмысының шешімі тұрады. Үй тапсырмасы № карточка 1 1007(1) Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды. Кубизм» стратегиясы. «Кубизм» стратегиясының шарты: әр топқа сұрақтар кубик арқылы лақтырылады, қойылған сұрақтарға жауап беру керек. Мақсаты: оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету. «Болжау» стратегиясы. Мақсаты: ой белсенділіктерінің дамуына ықпал ету.Мысалдар келтірілген: Слайд 3<x<5 (3;5) 3<x≤5 (3;5] 3≤x<5 [3;5) 3≤x≤5 [3;5] x<5 (-∞;5) x≥-7 [-7;+∞) Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сан аралықтары». (оқушылар тақырыпты өздері айтады) Сабақтың мақсаты: Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру. | Оқушылар сәлемдеседі, өзара мұғаліммен көңіл күйімен бөліседі, жылы лебіздер айтады бір-біріне
Үй тапсырмасына берілген тапсырманы айтады. Топтағы оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір-бірлеріне баға қояды.(алдарында критериялар тұрады) Оқушылар өткен білімді еске түсіреді. Әр топқа кубик лақтырылады сұрақтарға топ жылдам жауап беру тиіс.
Оқушылар мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап беріп сабақ тақырыбын, мақсатын ашады
| Жақсы, жарайсын, смайликтер | Оқулық, қиындылар флипчарт | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тұсау кесер бөлімі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ТҮСІНУ 5 мин | Өзіндік жұмыс 1. ( — ∞;5] сан аралығының аты: А) ашық сәуле Б) интервал В) кесінді Г) сәуле 2. Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді А) (1;4) Б) [1;4] В) (1;4] Г) [1;4) 3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап: (4; 7] А) 4;5;6 Б) 4;5;6:7 В) 5;6 Г) 5;6;7 4. Белгіленуімен жаз: 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал А) (1;3] Б) [1;3] В) (1;3) Г) [1;3) 5. Теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаз: 2х6 А) [2;6] Б) (2;6) В) [2;6) Г) (2;6] 6. [4;9] сан аралығының аты: А) кесінді Б) сәуле В) ашық сәуле Г) интервал 7. Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейінгі интервал А) [2;7] Б) (2;7] В) [2;7) Г) (2;7) 8. [-4;5) аралығындағы ең кіші және ең үлкен бүтін санды тап. А) -4 және 3 Б) -4 және 4 В) -4 және 5 Г) -3 және 5 9. Белгіленуімен жаз: -∞ -тен 6-ға дейінгі ашық сәуле А) [6;+ ∞) Б) (6;+ ∞) В) (-∞;6) Г) (-∞;6]
| Әр топ жауап берген сон тақтада дұрыс жауаптары шығып отырады | Смайликтар, жестпен, жақсы, бас бармақ, ұпай мен бағаланады | Оқулық, флипчарт,орындық. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі бөлім | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҚОЛДАНУ Есептер шығару 21 мин
ТАЛДАУ | Сергіту сәті. Мақсаты: Ойды және дене мүшелерін сергіту «Музыкалық әуен» «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегия. Мақсаты: топтық білімді жинақтау,ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.Әр топ мүшелері берілген сан аралығының атын, сан аралығының координата-лық түзудегі кескінін, теңсіздікпен жазылуын жазады. Содан соң топтан бір оқушы шығып, тапсырманы қалай орындағандарын айтады. 1-топ-«Интервал»
2-топ-«Кесінді»
3-топ «Сәуле»
4 топ-«Ашық сәуле»
Толғаныс «Сөзжұмбақ» шешу: Мақсаты: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту Топтар сайысы кім көп ұпай жинайды Слайд 1 «Миға шабуыл» Мақсаты: Ой қозғау
| Әр топтан жауап береді Топпен бірігіп жұмыс жасайды.
Топтың спикерлері кім қоргайтының айтады. Оқушы тапсырманы орындайды.Бір-бірін тыңдайды, талқылайды. Тақтаға оқушы шығып жауаптарын жазады | Жарайсын дар! Смайликтер, жестермен | Ресурстар флипчарт, оқулық, ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бөлім | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
БАҒАЛАУ Рефлексия 2мин | Бағдаршам түстері арқылы, оқушылардың түсінгенін білу. • Қызыл түс – түсінген жоқпын; • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар; • Жасыл түс – барлығы түсінікті. Бағалау. Әр топтың топ басшылары бағалау парағы бойынша топ мүшелерінің бағаларын айтады. Содан кейін мұғалім жүйелеп оқушыларды нақты бағалайды.
| Көңіл күйлерін көрсетеді(бағдаршам түстерімен) | Бағалау парақтарына бағаларын шығарады орташа арифметика бойынша Қортынды баға қойылады | Смайликтер,әр түсті бағдаршам | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма 2 мин | Үйге тапсырма ір оқушы таңдап алған бағдаршам түстерінің артында үй жұмысы жазылған | Оқушылар мұқият тыңдайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№ | Аты-жөні | Білу ( уй жұмысын бағалау) ұпай 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай
| Түсіну (Өзіндік жұмыс .) 9- 5 ұпай 8-7- 4 ұпай 6-5- 3 ұпай | Қолдану( ресурс пен жұмыс) Ұпаймен бағаланады 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай | Сөзжұмбақ шешу Ұпай -3 | Қортынды баға | |
1 | |||||||
№ | Аты-жөні | Білу ( уй жұмысын бағалау) ұпай 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай
| Түсіну (Өзіндік жұмыс .) 9- 5 ұпай 8-7- 4 ұпай 6-5- 3 ұпай | Қолдану( ресурс пен жұмыс) Ұпаймен бағаланады 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай | Сөзжұмбақ шешу Ұпай -3 | Қортынды баға | |
1 | |||||||
№ | Аты-жөні | Білу ( уй жұмысын бағалау) ұпай 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай
| Түсіну (Өзіндік жұмыс .) 9- 5 ұпай 8-7- 4 ұпай 6-5- 3 ұпай | Қолдану( ресурс пен жұмыс) Ұпаймен бағаланады 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай | Сөзжұмбақ шешу Ұпай -3 | Қортынды баға | |
1 | |||||||
№ | Аты-жөні | Білу ( уй жұмысын бағалау) ұпай 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай
| Түсіну (Өзіндік жұмыс .) 9- 5 ұпай 8-7- 4 ұпай 6-5- 3 ұпай | Қолдану( ресурс пен жұмыс) Ұпаймен бағаланады 4-5ұпай 3-4ұпай 2-3 ұпай | Сөзжұмбақ шешу Ұпай -3 | Қортынды баға | |
1 |