Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Сабақтың тақырыбы: Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру (бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін айыру) біліктілігін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, есептер шығару
Жаңа технология: деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (теледидер), слайдтар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту).
- Үй тапсырмасын тексеру.
№416, 421 (1,2).
Сұрақтарға жауап беру.
- Қандай жай бөлшекті дұрыс бөлшектер деп атайды?
- Қандай жай бөлшекті бұрыс бөлшектер деп атайды?
- Қай уақытта бөлшек 1-ге тең болады?
- Қандай санды аралас сан дейді
Жауаптарыңды мысал арқылы негіздеңдер.
- Жаңа сабақ:
Қане балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын, қалдықпен бөлуді еске түсірейік.
Мысалы,
29:7=4(1 қалд.) 127:100=1 (27 қалд.)
29 7 127 100
28 4 100 1
- 27
Бұрыс жай бөлшекті аралас санға айналдыру
Мысалы,
59 9 бөлімі өзгермейді
54 6 бүтін бөлігі
5 қалдығы алымына жазылады.
Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру үшін: 1) Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейтіп, шыққан көбейтіндінің мәнін бөлшек бөлігінің алымына қосамыз да, шыққан қосындының мәнін бұрыс жай бөлшектің алымына жазамыз; 2) Бұрыс жай бөлшектің бөлімін аралас санның бөліміндей етіп қалдырамыз. |
Бұрыс жай бөлшекті аралас санға айналдыру үшін: 1) Алымын бөліміне қалдықпен бөлеміз; 2) Бөліндінің мәні аралас санның бүтін бөлігін, қалдық аралас санның бөлшек бөлігінің алымын береді, ал бөлімін бұрыс бөлшектің бөліміндей етіп қалдырамыз.
|
Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру
Мысалы, немесе
Ауызша №430, 431.
- Есептер шығару:
Деңгейлік тапсырма
І деңгей
№432
Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырыңдар:
1) 2) 3) 4) 5)
6) 7) 8) 9) 10)
№435(1)
Мәтінді есеп.
Құрғақ қарағайдың 1 м3 көлеміндегі массасы 650 кг, ал дымқыл қарағайдікі -750 кг. Дымқыл қарағайдың массасы құрғақ қарағайдың массасынан қанше есе артық.
Шешуі:
Жауабы:
ІІ деңгей
№439
Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдырыңдар:
Тең сандардың арасын сызықпен қос:
|
Сергіту сәті:
Оң қолым алға, сол қолым алға,
Оң аяғым алға, сол аяғым алға.
Біз билейміз ча-ча-ча,
Бізде бәрі тамаша!
- Логикалық сұрақ.
Алтытаңбалы санның соңғы цифры 7. Егер оның орнын біріншіге ауыстырса, жаңадан құрылған сан берілген саннан 4 есе үлкен болады. Санды тап.
Берілген сан abcde7, жаңа сан 7abcde.
Шарт (7abcde) : (abcde7)=4.
abcde7 abcd87 abc487
x 4 e=8 x 4 d=4 x 4
7abcd8 7abc48 7ab948
ab9487 a79487 179487
x 4 c=9 x 4 b=7 x 4
7a7948 717948 717948
Жауабы: 179487. Тексеру:717948: 179487=4.
- Қорытындылау.
— Бүгін тақырып бойынша алдымызға қойған мақсатқа жете алдық па?
— Сабақ несімен ұнады?
- Оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма: §22, №433(тақтарын), 434 (жұптарын), 443 (қ).
Пайдаланған әдебиеттер:
- А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, Математика, 5 – сынып, 2010 жыл.
- А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова, Әдістемелік нұсқау, 5 – сынып, 2009 жыл.
- Қызықты математика. Логикалық есептер жинағы. 5- 6 сыныптар. АЛМАТЫКІТАП, 2014 жыл