Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері. Paint графикалық редакторында геометриялық фигураларды салу
Сабақтың тақырыбы: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері. Paint графикалық редакторында геометриялық фигураларды салу
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерімен таныстыру және оны компьютерде кескіндей білуге үйрету.
- Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен ой қорту және іздену дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелілік: Ұйымшылдыққа, бірін – бірі түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ ( информатика және геометрия)
Сабақтың әдісі: топтастыру, ой толғау, ой қорту
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, карточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең: Оқушыларды түгендеу. Шаттық шеңберін құру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: математикалық диктант:
Информатика пәнінен сұрақтар:
- Графикалық редакторды іске қосу.
- Графикалық редакторда неше түспен сурет салуға болады?
- Жұмыс аумағы дегеніміз не?
- Геометриялық фигураларды салу жолдары қандай?
- Графикалық редакторда қандай саймандар бар?
Геометрия пәнінен сұрақтар:
- Үшбұрыш дегеніміз не?
- Қандай әріптер мен белгіленеді?
- Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар?
- Үшбұрыштың периметрі неге тең?
- Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
- Ой шақыру.
үш қабырғалы
Теңбүйірлі үшбұрыш |
үш бұрышты үш төбесі бар
бүйір қабырғалары тең Р = а+в+с
биіктігі, медианасы,
биссектрисасы табаны бар
сүйір бұрышты
- Мағынаны ажырату.
V | + | ? | — |
Теорема: Теңбүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.
Дәлелдеу: В
ΔABC — теңбүйірлі
Дәлелдеу керек: <A=<C
BD биссектрисасын жүргізсек
<1=<2 ΔABD, ΔDBC BD- ортақ қабырға
AB = DC <1=<2
ΔABD = ΔDBC <A =<C
Теорема дәлелденді.
А D С
Теорема: Теңбүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медианасы
үшбұрыштың әрі биссектрисасы, әрі биіктігі болады.
Дәлелдеу:
B ΔABC — теңбүйірлі
AB=BC BD – медиана болғандықтан
AD=DC <A =<C
Үшбұрыштар теңдігінің І белгісі бойынша
ΔABD = ΔDBC <1=<2 BD — биссектриса
<ABD = <DBC — сыбайлас бұрыштар
BD — биіктік
A D C Теорема дәлелденді.
- Ой толғаныс. Оқушыларды үш топқа бөлу. Үш топқа үш түрлі тапсырма беру.
І топ тапсырмасы:
Компьютердің Paintграфикалық редакторында орындау:
- Төбесі В нүктесі болатын бұрыш салыңдар.
- Бұрыш төбесінен бастап, оның қабырғаларына тең кесінділер салыңдар ВС = BD болсын
- B мен D – ні қосыңдар
- Пайда болған DBС үшбұрышының медианасын, биіктігін, биссектрисасын жүргізіңдер.
- Қортынды жасаңдар.
ІІ топ тапсырмасы: №46, № 48 есепті плакатқа орындап, қорғау.
B
№46
берілгені: ΔABC
P=18cm
AC=8cm
A C AB=BC=?
P=AB+BC+AC
AB=BC P=2AB+AC
18=2AB+8
2AB=18-8
AB=10 : 2
AB= 5 cm AB=BC BC=5 cm
B № 48
ΔABC
AC=9cm
AB=BC=2AC
P=?
A C P=AB+BC+AC
P=2AB+AC
P=4AC+AC=4*9+9=36+9=45
ІІІ топ тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу.
- Үшбұрыштың түрі
- Графикалық редактордың сайманы
- Үшбұрыштың табанына түсірілген перпендикуляр
- Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеті
- Графикалық редактордың түстер жиынтығы
- Үшбұрыштың төбелерін қосатын кесінді
- Графикалық редактордың сайманы
ІV. Бағалау,
- Үйге тапсырма беру: №49,№50