Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері
Сабақтың атауы: Тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістері
Сабақтың жалпы мақсаты: Тригонометриялық теңдеулер ұғымының теориялық
білімдерін тереңдету және жүйелеу
а) білімдік: тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарын есептеуде
қолдану, тригонометриялық тепе-теңдіктер мен
формулаларды, түбірлерінің формулаларын тригонометриялық
теңдеулерді түрлендіріп шешуде пайдалана білу дағдысын
қалыптастыру;
ә) дамытушылық:математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту,
оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру
дағдысын қалыптастыру, өздігінен қорытынды шығаруға
машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін
арттыру;
б) тәрбиелік: Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардың бұрын оқыған білімдерін жаңа және нақты жағдайларда мәселелерді шешу үшін қолдана білу;
- тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау;
- өз бетінше оқуға бағыт-бағдар беру;
- топта жұмыс істеу арқылы аталған тақырыпты қайталау барысында нақты және дұрыс шешім қабылдау;
- оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілдері: Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан
ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау,
қорыту, деңгейлеп саралап оқыту
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай слайдтар, фотоаппарат, үлестірме парақтар,
топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, көңіл-
күй дидары
Күтілетін нәтиже: Тақырыпқа сай теорияны айқындау жолымен қорытынды құруға
арналған ақпаратты пайымдау арқылы, салыстыра алады, қажетті
шешімді қабылдайды, қызығушылық танытады.Өздерін және
сыныптастарын бағалай алады.
Бағалау критерийі: Бағалау парағы:
- Білімділігі 1. Рет саны
- Ойлау жылдамдығы 2. Сәйкестік тесті (1 ұпай)
- Математикалық тілі 3. Деңгейлік тапсырма (А – 1, В – 2, С – 3)
- Топпен жұмыс жасауы 4. Жұптық жұмыс (1ұпай)
- Жекелей жұмыс жасауы 5. Топтық жұмыс (1 ұпай)
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Амандасу тренингі.
Топқа бөлу:
Оқушыларға түрлі графиктер сызылған қағаздарды таратып беру арқылы топқа бөлемін.
Үй тапсырмасын тексеру: «Сәйкестік тесті»
Жеке жұмыс: деңгейлік тапсырмалар
Оқулықпен (жұптық) жұмыс:
Әр топтан 2 жұп құрып, оларға оқулықтан теңдеулерді шешудің үш әдісі арқылы шығатын есептерді бөліп беремін
Оқушының іс-әрекеті:
Оқушылар өздерінің бүгінгі көңіл-күйін смайликтер арқылы білідреді.
Sin, cos, tg функцияларының түрленген графиктерін табу арқылы үш топқа бөлінеді
Оқушылар сәйкес теңдеулер немесе график, теңдіктердің бөліктері арқылы жауаптарын тауып, сәйкестендіреді.
Әр топ мүшелері өз деңгейлеріне қарай есептерді шешеді, сәйкес ұпайларын бағалау парақтарына жазып отырады
Топ мүшелері 2-3тен жұптасып, мұғалім берген тапсырманы орындайды
Топтық жұмыс:
әр топқа графиктер арқылы берілген теңдеулерді шешуге ұсынамын
қосымша тапсырма: «мәлімет шындық па, жалған ба? » әдісі
Қорыту: «Тоғыз ромб» әдісі
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады.
Бағалау: әр тапсырма сайын топты үш шапалақ әдісі арқылы, ал жекелеген оқушыларды мадақтау әдісімен және бағалау критерийлері арқылы бағалаймын
Кері байланыс: Смайликтер және стикерлер арқылы
Оқушылар берілген графикті шеше отырып, теңдеу құрастырып, оларды шешеді
Оқушылар топтасып тақырыпқа байланысты екі есепті жауабымен құрастырады, жауаптардың бірі қате беріледі. Әр топ өзінен кейінгі топқа тапсырмаларын ұсынады.
Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша ең маңызды деген ұғымдарды ромбқа маңызы бойынша топтастырады
Топтарды үш шапалақ әдісімен, өздерін өзі бағалау парақтары бойынша бағалайды
Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабаққа өз пікірлерін жазып, арнайы конверттерге жапсырады және сабақ соңындағы көңіл-күйлерін смайлик арқылы білдіреді, бұл әрі өзін-өзі бағалау