«Квадраттық үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу»- тақырыбына есептер шығару
Тақырыбы: «Квадраттық үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу»- тақырыбына есептер шығару
Мақсаты:
- Оқушылардың квадрат үшмүше және оны көбейткіштерге жіктеу, квадраттық теңдеуге келтірілетін теңдеулердің кейбір түрлерін шеше білу дағдыларын жетілдіру.
- Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту. Оқу материалын ұзақ есте сақтау қабілетін дамыту.
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу, өз біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, ауызша жаттығу, есептер шығару, ізденіс.
Сабақ типі: Білімді бекіту.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, балаларды түгендеу (сынып үш топқа бөлінген).
- “Көтеріңкі көңіл күй”- атты тренинг (Әр бала берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарына бүгінгі сабақта не тілейді?)
Берілген қасиеттер:
Өмірге риза болу Әділдік
Ұқыптылық Ашықтық
Кеңпейілділік Шыншылдық
Өзбетінділік Өзіне сенімділік
Ұжымдық Ақылдылық
Қарапайымдылық Сапалылық
Бауырмалдық Тіл табысушылық
Сыпайылылық Батылдық
Төзімділік Тұрақтылық
Сабырлық Еңбекқорлық
- Әр топ өз тобының атын, ұранын айтуы тиіс.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: баяндау әдісі арқылы № 283 (1,2,4,6,8); № 284 (1-5).
ІІІ. Негізгі бөлім: Бұл сабағымыз «Қазынаға саяхат» деп аталады. Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екендігін, картаның үйдің шатырында жатқанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз баласына картаны тауып беруіміз үшін мына сұрақ- жауапты шешуіміз керек екен:
- Квадраттық үшмүше дегеніміз не?
- Квадраттық үшмүшенің түбірі дегеніміз не?
- Оны қалай табамыз?
- Квадраттық үшмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
- Биквадраттық теңдеу дегеніміз не?
Сонымен баласы картаны тауып алып кемемен көрсетілген бағыт бойынша саяхатқа шығады. Саяхатта ол бір аралға тап болады. Сол жерде ол ағаштан «Қозғал» деген жазуды көреді. Оның қандай бағытта жүру керектігін анықтау үшін ауызша есептер шығару арқылы табамыз.
Ауызша есептер:
- х2 -3х-4=0 теңдеуін шешпестен түбірін тап. (-1; 4)- Ш.
- Квадраттық үшмүше мына көбейтінді түрінде жіктелген:4(х+8)(х-19).Түбірін тап.(-8;19)- Ы
- Түбірлері х1, х2 болатын теңдеуді жаз. х1 =6, х2= -2 . (х2-4х-12 =0)- Ғ.
- а- ның қандай мәнінде теңбе- теңдік тура: х2+ 3х+а = (х+2)(х+1). (а =2)- Ы
- Бөлшекті қысқарт: . ()- С.
Яғни, баласы шығысқа қарай бет алады. Шығысқа қарай қанша жүру керектігін білу үшін мына тапсырманы қатесіз орындау керек:
Теңдеуді шеш: . (361 м)
Шығысқа 361 м жүріп өтіп өзен арқылы өтетін көпірден «Қозғал» деген жазуды тағы көреді. Енді қай бағытта жүруі керектігін анықтау үшін есептер шығару керектігі айтылады:
Тапсырмалар:
- Квадраттық үшмүшенің түбірін тап: 5х2 -8х+3 (Б)
- Бөлшектің мәнін тап: , у = 31 (А)
- Биквадраттық теңдеулердің түбірлерін тап: х4 -5х2 — 36 = 0 (Т)
- Квадраттық үшмүшені көбейткіштерге жікте: 2х2 -7х-4 (Ы)
- Ықшамда: (С)
Ол сол қалпы батысқа қарай бет алады. Келе жатып үңгірге тап болады. Оның кіре берісінде алып тасты көреді. Сол таста былай жазылған екен: «Осы тасты қозғасаң шұңқырдан қазынасы бар жәшікті табасың»- деген екен. Баласы жәшікті алса, ол жабық екен. Жәшіктің қақпағында: «Сіздердің білімдеріңіз- ол ….» деген сөз жазылған екен. Көп жылдар бойы жатып қалған жазудың жартысы өшіп қалған екен. Осы сөзді табуға сіздердің көметеріңіз қажет. Ата- бабаларымыз қандай дау, сұрақ болса да оны мақал- мәтелдер, даналық сөздер арқылы шешкен екен. Ендеше, бізде осы жауапты тауып көрелік. Мен сіздерге осы сөздерді айтамын. Оның ішіндегі екі сан есім квадртаттық теңдеудің түбірлері, яғни түбірлер арқылы квадраттық теңдеу құру және дана сөзді табу керек,
- Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді. (Қ)
- Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы. (А)
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім ал. (З)
- Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады. (Ы)
- Ұлға отыз үйден, қызға қырық үйден тыю. (Н)
- Жақсы жігіт он бесінде де жас емес, жүзге келсе де пәс емес.
- Бір тал кессең, он тал ек (А)
З | х2 -11х + 49 = 0 |
А | х2 -14х + 10 = 0 |
Н | х2 -70х + 1200 = 0 |
Қ | х2 -10х +24 = 0 |
Ы | х2 -1001х +1000 = 0 |
А | х2 -9х +8 = 0 |
Яғни, баласы әкесінің мұра еткен қазынасына қол жеткізіп, бейбіт өмір сүріпті. Сіздер бүгінгі сабақ арқылы «Сіздердің білімдеріңіз- ол қазына.» екеніне көз жеткіздіңіздер. Әрқашанда ең бастысы- байлық іздемей, білім қазынасын іздеңіздер.Сонда көптеген нәрселерге қол жеткізесіздер дегім келеді.
ІV. Сабақты қорытындылау: Рефлексия: Не білдің?
Білдім | Білемін | Білгім келеді |
- Бағалау.
- Үй тапсырмасы: № 285 (1,3.5); № 286 (1,2)