«Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу» тақырыбына есептер шығару
Сабақ тақырыбы: «Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу» тақырыбына есептер шығару
Мақсаттары:
Білімділік: Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей білуін және координаталарын таба білу дағдысы мен іскерлігін жетілдіру. Біліктерін сараланған есептер шығару арқылы логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісі арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқу материалын ұзақ есте сақтауына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ түрі: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік , есептер шығару , дидактикалық ойындар, ауызша жаттығулар, графикалық диктант, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу,
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 515, 516
ІІІ. Өткенді саралау: 1. Графикалық диктант: — — иә, — жоқ
- Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
- бөлшектері қысқарылмайтын бөлшектер.
- Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
- 15 минут сағаттың бөлігі
- Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.
- Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.
- бөлшегі дұрыс бөлшек
- Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе бірден үлкен
- бөлшегі координаталық сәуледе бөлшегінің оң жағында орналасады.
- Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.
2.«Мергендер»- сайысы: Тақтаға бес оқушы шығып, координаталық сәуледе орналасқан суреттердің координаталарына сәйкес нүктелерді атау және әр суреттің мағынасын түсіндіру.
(Мына суреттер сізге қандай ой береді?) («А» деңгейінің тапсырмалары)
ІҮ. Білімді бекіту:
- Есептер шығару: № 521, 523, («В» деңгейі), № 529 («С» деңгейі).
- Жұбыңды тап: «Лото» ойыны. Әр оқушыға қағаз қиықтары беріледі. Сол қиықтардың жалғасын дәл тауып, олардығ мағынасын ашып суреттерді құрастырғанда сыныптағы оқушылар 4 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.
1 топ: мемлекеттік Ту , 2 топ: мемлекеттік елтаңба, 3- топ: Алтын адам бейнесі
1 | 2 |
3 | 4 |
Сынып 4 адамнан тұратын А, В, С деңгейіне топтасады.
«А»- деңгейі:
- Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда бөлшектердің теңдігі сақталады:
=
- Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жаз: ;
3.Бірлік кесіндіні 3 см етіп алып ; ; 1 бөлшектерін координаталық сәуледе кескінде.
«В» деңгейі:
- Қатардың құрылау заңдылықтарын анықтап, келесі бөлшектерді жаз:
; ; ; ;
2 .Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда теңдік сақталады: 3=
- , және бөлшектерін бірлік кесіндіні дәптердің 10 тор көзі етіп алып, координаталық түзуде кескінде.
«С» деңгейі:
- Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыр: 9; 3
- Өрнектегі әріптің орнына мәнін қойып, бөлшекті қысқартып, шыққан бөлшекті аралас сан түрінде жазыңдар: , мұндағы х = 36; 51
- , және бөлшектерін бірлік кесіндіні дәптердің 12 тор көзі етіп алып, координаталық сәуледе кескінде.
Ү. Қорытындылау: 1. Рефлексия:
Білемін | Білдім | Білгім келеді? |
Үйге: № 520, 522, 528, ААДТ (108 бет)