«Жас зияткерлер» математикалық сайысы
«Жас зияткерлер» математикалық сайысы
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
- Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
- Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. «Жас зияткер – 2012» деген лента, оқушылардың сыныбы, аты жазылған алдарына қоятын қағаздар.
Түрі: топтық сайыс сағаты
Типі: сайыс түрінде
Жоспары:
1.Топ мүшелерін іріктеу. Таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5.Сергіту сәті. «Ойлан тап».
6. «Артық сөзді тап»
7.»Математикалық терминдер»
- «Кім тапқыр?» жанкүйерлер сайысы.
- «Топ басшылар сайысы»
Қолданылған нақыл сөздер:
1. “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.”
Н.Ә.Назарбаев
- «Логика өнері — адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»
Әбу Насыр Әл-Фараби
- «Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»
Р.Бэкон
Барысы:
Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі сайысымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастайын: “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет.” Осы сайыста көрсеткен білімдерің күнделікті жақсы оқығандарың — өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
- Топ мүшелерін іріктеу сұрақтары:
- Өрнектің мәнін тап:
- теңдеуі қалай аталады? (Квадрат теңдеу. )
- функциясының графигі қалай аталады? (Парабола.)
- -тің квадраты неше? (1225)
- Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда? (Диаметр)
- Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер.)
- Шаршының ауданы неге тең? ()
- Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. (Теорема. )
«Ұшқыр», «Зерде» тобы құрылады. Топ мүшелері өздерін таныстырады. Амандасу. (қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, өз есімдерін айтып, сүйікті істерін айтады; келесі оқушы оны қайталап, өз есімі мен сүйікті ісін айтады. Осылайша жалғасады). Топтың лидерін сайланады.
- Логикалық сұрақтар. Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді. Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.
- 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)
- Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
- Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? (3)
- Полиглот. Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.
Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізі
Дәл жауапты қостадым.
(шеңбер – окружность — circle)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш — линейка — ruler)
Алды-артымыз шексіз де
Жете алмайсың біздерге.
Сәулеменен кесілді
Шықан тегін білсе де.
(түзу — прямая — line)
Көк құтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
(циркуль – циркуль — сircle)
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай?
(натурал сан – натуральное число – natural number)
Атадан он баламыз
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз.
(цифрлар – цифры — figure)
Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады?
(Дәреже-степень-degree)
- «Кім жылдам?» оқушы 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.
«Ұшқыр» тобына:
- Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)
- Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)
- Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш (параллелограмм)
- Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі (планиметрия)
- -дің мәні неге тең? (3,14)
- Үшбұрыштың орта сызығы 12 см, табаны неге тең? (24 см)
- 12
- (процент)
- -қа тең бұрыш? (жазыңқы)
- ? (180)
- 9-ға кері сан? 1/9
- 7 құрама санба, жай сан ба? (жай сан)
- Миллионда неше ноль бар? (6)
- Ең кіші жай сан? (2)
«Зерде» тобына:
- Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы)
- Геометрия терминінің мағынасы? (жер өлшеу)
- Ең үлкен хорда (диаметр)
- Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
- 3600-қа тең бұрыш? (толық)
- Ең кіші натурал сан (1)
- 13-тің квадраты? (169)
- Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)
- Квадрат түбірдің астындағы өрнек қандай болмауы керек? (теріс емес)
- Дөңгелектің радиусы 5 см, Диаметрі қанша? (10)
- Дәлелденетін тұжырым (теорема)
- Ең кіші екі таңбалы сан? (99)
- Сызықтық функцияның графигі (түзу)
- 11-ге кері сан? 1/11
- Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
- Сергіту сәті: «Ойлан, тап». Ұшқыр тобына Т-Н, А-Қ, Қ-Р, А-Ұ әріптері мен Зерде тобына А-Ы, А-Ы, Қ-С, Р-Д әріптері беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1-ұпай.
Ұшқыр тобына:
Қазақстандағы өзен (Нұра)
Дәреже, даңқ, (атақ)
Аяқ қиім бөлігі (тақа)
Шашыңды (тара)
Ата, қария, (қарт)
Топтық …….., девиз. (ұран)
Зерде тобына:
………-жігер, қайрат (ырық)
Назарбаева ………
Малға жем салатын ыдыс (ақыр)
Ілгекті (қада)
Сары …… (арқа)
……… – аяқ. (ыдыс)
……. сап ойнау (асыр)
Береке, құт, (ырыс)
Жүдеу сөзіне синоним (арық)
«Артық сөзді тап». Әріптердің орнын ауыстырып, сөз құра және артық сөзді тап. Дұрыс жауапқа 1-ұпай.
А) зүту В) ратквад С) тепмек
усәле бершең ретеорма
дісінке пециятра масиоак
деутең бомр дарсал
- «Математикалық терминдер». С, П, А, К, Т, Ш әріптерінен басталатын математикалық термин сөздер жазу, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі, 1-минут.
- «Кім тапқыр?». Әр дұрыс жауап 3-ұпаймен бағаланады.
- Топ басшылар сайысы.
Пантомима /теріс сан және бөлшек ұғымдарын іс-қимылмен көрсету/
/циркуль және процент ұғымдарын іс-қимылмен көрсету /
Жанкүйерлерге сұрақтар:
- Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 )
- Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
- Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
- Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
- Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
- Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
- 4 ұлда неше саусақ бар? ( 80 )
Әділ-қазы алқасы топтардың жалпы ұпайларын есептейді, мадақтаулар
жүргізеді. Жеңіске жеткен топ «Жас зияткерлер-2012» атағымен марапатталады, «Грамота» табыс етіледі. Келесі топ мүшелеріне белсенділік танытып қатысқаны үшін «Алғыс хат» жарияланады.