Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:а)білімділік: Оқушыларға рационал бөлшектердің көбейтіндісін және бөліндісін рационал бөлшекке түрлендіруді үйрету, рационал өрнектерді түрлендіру дағдыларын қалыптастыру.
ә) дамытушылық: Оқушылардың бөлшектерді көбейту және бөлшекті бүтін өрнекке не бүтін өрнекті бөлшекке бөлуді меңгерту.
б)тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Практикалық, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интертақта. Формулалар жазылған слайд.
Сабақтың жүргізілу барысы: 1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын шолып өту және еркін отыруларын сұрау.
Сабаққа кіріспе: Оқушылар! Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтқан екен. Олай болса, білімімізді тереңдету мақсатында білім туралы мақал – мәтелдер айтайық. «Білімді азамат – ел ертеңі» (нақыл сөз) «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» «Білім мен даналық – адам көркі» (Ә.Науаи). «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі – білім» (Ж.Донтон) Енді назарымызды бүгінгі сабаққа аударайық. Біздің бүгінгі сабағымыз 3 деңгейден тұрады: А) Үйренушілік—оқытушылық бөлім. Сұрақтар:1. Алгебралық бөлшектерді көбейту қалай орындалады? Бұл алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне тең бөлшек. 2. Өзара кері сандар деп қандай сандарды атайды? Көбейтіндісі 1 – ге тең болатын екі санды өзара кері сандар деп атайды. 3.Алгебралық бөлшектерді қалай бөлеміз? Бөлінгішті бөлгішке кері санға көбейтеміз.
Мысалы: 1. х2 – 16 . 4х = (х-4)(х+4) = х-4 .
8х3 х+4 2х2(х+4) 2х2
- 2х2 : х = 2х2 . у2 = 2ху.
У у2 у х
Ә) Алгоритмдік бөлім. №452. А деңгейі. 1) а – в . 7 – х = а – в .
7 – х а+ в а+в
2) m – n * 2b = b . 3), 4), 5),6) есептерді шығарту.
4a m – n 2a
№453. 1) – 6)
Б деңгейі. №455. 1) – 8) есептерді шығарту.
Үйге тапсырма түсіндіріліп беріледі.
Үй тапсырмасы берілгенннен кейін сабақтың Б бөліміне көшеміз.
Б.Эвристикалық бөлім.
Әр ғылым математика дамығанда ғана дами алады немесе «Математика – барлық ғылымдар атасы» — деп тегін айтылмаса керек. «Ақын жанды болмасам, математикте болмаған болар едім» деп С.В. Ковалевская айтқандай, біздің оқушыларымызөздерінің тіл білімі шеберліктерін сабағымыздың келесі бөліміндекөрсетсін. Яғни, «Тіл – өнер» сайысын бастайық.
Шарты: Логикалық есептің шешімін қазақша, орысша, ағылшыншаға аудару. Интертақтада есеп мәтіні беріледі.
- Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (сегіз, восемь; eight)
- Қандай санның жазылуында қанша әріп бар?(10,он, десять ten)(100, сто,onehundred)
- Түйе құс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг, екі аяғымен тұрғанда қанша кг?
(12, он екі, двенадцать, twelve)
- Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді,оның екеуін атып түсірді. Торғайлардың қаншасы қалды? (2, екі, два,two)
- Бойы екі қарыс, сыйып тұр 25 арыс.(сызғыш, линейка,rule)
- Бөлмеде 7 май шам жанып тұр. Сен жаныңдағы біреуін өшірдің. Қаншасы қалды?(бір, один, one )
- Жеті жүз тесік, жалғыз – ақ есік. (ау, трал,net )
- Бір үйде тұрады екен елу батыр, үй сыртына сүйкенсе – ақ өліп жатыр.(сіріңке, спичка,matgh)
- Қос құлақты жүз тісті.
Жүзінен бір – ақ із түсті. (ара, пила,saw )
Сабақ соңында оқушы білімін бағалау.
Сабақты қорытындылау.