Сабақтың тақырыбы: геометриялық прогрессия,n-ші мүшесінің формуласы
Сабақтың тақырыбы: геометриялық прогрессия,n-ші мүшесінің формуласы
Сабақтың мақсаты:геометриялық прогрессия ұғымымен танысу,n-ші мүшесінің формуласын білу,есептер шығаруға қолдана білу; оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,зейіні мен зердесін дамыту; дұрыс және нақты жауап беруге,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі:саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
1.Салыстыру,ұжымдық жұмыс.
2.Оқушылардың жеке ізденісі.
3.Оқу материалы бойынша өз бетінше ізденісі.
4.Сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:психологиялық ахуал туғызу.
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы күн достарым!
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын
Сендердің алған бағаларың
Кілең төрттіктер мен бестіктер болсын!
I.Біз бүгінгі сабағымызда әуе кеңістігінде математика әлемін шарлаймыз,ғаламшарларға тоқталамыз.
Неше ғаламшар бар? 8 ғаламшар. Оларды ата. Плутон жайлы 2006 жылға дейін планета
қатарында болған, қазір планета қатарына жатқызбайды . Біз Плутонды ренжітпей тапсырмасын орындайық
/Жер,Меркурий,Шолпан,Марс,Юпитер,Сатурн,Уран, Нептун ,Плутон/
Зымыранды Қазақстандағы қай ғарыш айлағынан ұшырамыз?/Байқоңырдан/.
II.Зымыранды іске қосу үшін 3 сұраққа жауап беру қажет.
1.Арифметикалық прогрессияға түсініктеме бер.
2.Арифметикалық прогрессияның айырмасы деген не?
3.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
Сұрақтарға жауап берген соң зымыран көтеріліп 1-ғаламшарға қонады
- Меркурий ғаламшардың қоятын тапсырмасы:
Мынадай тізбек берілген осы сан тізбегінің мүшелерінің арасында қандай заңдылық бар?
5,10,20,40,80,… осындай қасиеті бар сан тізбегін біз бүгін қарастыратын боламыз./әрбір алдыңғы мүшесін 2-ге көбейткеннен шығып тұр/, әр оқушыға осыған ұқсас мысалдар айтуын тапап ету , тапсырманы дұрыс орындағандарыңыз үшін Меркурий сіздерге «Тәуелсіз» сөзін сыйға тартты.
- Шолпан ғаламшардың қоятын тапсырмасы:
Сөйлемді толықтырып геометриялық прогрессияның анықтамасын шығару / оқушыларға парақтар таратылады /
Екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі алдыңғы мүшесін нөлден өзге қандай да бір тұрақты санға ____________ шығатын сандар тізбегін ___________прогрессия деп атайды.
Шолпан ғаламшары «ел» сөзін сыйлады.
- Марс ғаламшардың қоятын тапсырмасы:
Еселік деген ұғымды ажырат , еселік қалай табылады?
- -5;10;-20; …
- ; ; … прогрессияның еселігі неге тең?
Марс ғаламшары «тірегі» сөзін сыйлады . Прогрессияның бірінші мүшесімен еселігі белгілі болса кез келген мүшесін есептеуге болады.
Прогрессияның бірінші мүшесі 32 және еселігі . Прогрессияның бесінші мүшесін анықтайық . Ол үшін екінші,үшінші,төртінші, бесінші мүшелерін есептеуге болады,бірақ осындай жолмен табу тым ұзақ , сондықтан , келесі формуланы қолданып есепті тез шешуге болады ,тақтаға келесі формула ілінеді
bn = b1•qn-1 осы формула геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы
Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 2-ге, еселігі -3 –ке тең.Осы прогрессияның
бесінші мүшесін
- Юпитер ғаламшарына келіп жеттік тапсырмасы: есептер шығару №202 ә,b
№204 ауызша ,№205 тақтада
Юпитер ғаламшары «білімді » сөзін сыйға берді
- Сатурнға да келіп қалдық тапсырмасы :деңгейлік тапсырмаларды орындау №207
Сатурн ғаламшары «өнегелі » сөзін сыйлады.
- Уран ғаламшары мынадай тапсырма беріп тұр .Шектелген геометриялық прогрес-
сияның кейбір мүшелері ғана белгілі: а1; 0,72; а3; а4; 720; а6 . Прогрессияның белгісіз мүшелерін табыңыздар . Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға Уран ғаламшары «дарынды» сөзін сыйға тарту етті.
- Нептун ғаламшары «үйге тапсырма ал» деп тұр
Үйге тапсырма №204,№206 есептер ,сұрақтар 1-3.
- Плутон ғаламшары :
Рефлексия
а) бүгінгі орындалған тапсырмаларға баға берулеріңізді сұраймын. Сабақта саған қалай болды:
- жеңіл
- бірқалыпты
- қиын
ә)берілген материалды қалай меңгергеніңізді айт:
- толық меңгердім ,қолдана аламын;
- меңгердім,бірақ қолдана алмаймын;
- аздап меңгердім;
- мүлдем меңгерген жоқпын
Плутон ғаламшары «ұрпақ » сөзін сыйлады. Сонымен бүгін ғаламшарлар не сыйлағанын жақсылап ажыратайық
« Тәуелсіз ел тірегі-білімді,өнегелі, дарынды ұрпақ» Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзін сыйға тартқан екен , қандай тамаша сый !
Сабақты бағалау , баға қою.
Қорытынды: геометриялық прогрессия экономикада өте кең қолданыс табады.Оның көмегімен банкілер өз салымшыларымен есеп айырысады, үлкен жобаларға қаржы салуға бола ма, болмай ма –соны шешеді.