Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласы

Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласы

Сабақтың мақсаты: Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласын қолданудағы біліктілігін арттырып, есеп шығаруда кездесетін арнайы мағлұматтарды бере отырып, оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері: 1) Білімділігі: Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласын жатқа білу. Формуланы есеп шығаруда пайдалана білу

2) Тәрбиелілігі: Ойын жеткізу дағдысын арттыру, есептер шығаруға баулу

3) Дамытушылығы: Ойын элементтерін пайдалана отырып ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше есеп шығару дағдысын дамыту. Есеп шығару барысында ағылшын тілін математика есептеріне қолдануға үйрету

Сабақтың түрі: Білімін жетілдіру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі жазбалар

Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ (ағылшын тілі)

Сабақтың көрнекілігі: Интерактив тақта, сигналды таблолар, плакаттар, пазл түріндегі кеспе қағаздар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар 2 командаға топтастырылады. Сабақ кіріктірілген сабақ түрінде  мұғалім 2 тілде (қазақ және ағылшын тілі) өткізіледі. Оқушыларды түгелдеп, сыныптың сабаққа дайындығы тексеріліп, оқушылардың назары сабаққа аударылады. Оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады. Командаларға әрбір дұрыс жауаптары  үшін (әр командаға бөлек-бөлек) химия сабағында қолданылатын өлшем стақандарына 1 атомнан салынып отыратындығы айтылады.

ІІ. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар:

  • Бірмүше дегеніміз не? (сандар, айнымалылар, айнымалылардың дәрежелерінің көбейтіндісі)
  • Көпмүше дегеніміз не? (бірмүшелердің қосындыларынан құралған мүше)
  • Бірмүше мен көпмүшені қалай көбейтеміз? (көпмүшенің әрбір мүшесін бірмүшеге көбейтіп, қосамыз)
  • Көпмүше мен көпмүшені қалай көбейтеміз? (бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, қосамыз)
  • a2+b2=? [(a-b)(a+b)]
  • Мысалдар келтіру.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №356 есеп ауызша тексеріледі. Әр оқушыда сигнал таблосы бар. Оның бір жағы жасыл, бір жағы қызыл. Оқушы есептің жауабын  оқып болған соң, басқа оқушылар қолдарындағы табломен өз есептеріңіздің жауаптары сәйкес келсе жасыл, сәйкес келмесе қызыл жағын көрсетеді. Бұл әдіс арқылы сынып оқушыларының үй тапсырмалары тексеріледі. Интерактив тақтада дұрыс жауабы көрсетіліп, дәптерде қате кеткен жерлері жөнделеді. Бұл үй тапсырмасы 2 команда оқушыларына да берілгендіктен бірінің қатесін екіншісіне жөндеуге мүмкіндік беріледі.

  1. Өткен тақырыпты пысықтау. Өткен тақырыпты пысықтап, бекіту үшін мысалдар интерактив тақтада жазылып, мысалдар ауызша орындалады. Әр командаға 4 есептен беріледі.


Көбейткіштерге жіктеңдер:

  • x2-y2=
  • 4-a2=
  • 9x2-4=
  • 25x2-16y2=

Өрнекті түрлендіріңдер:

  • (3a-2b)(3a+2b)=
  • (4xy+9)(9-4xy)=
  • (3x2-5)(5+3x2)=
  • (ab-c)(ab+c)=

 

 

Есептің жауаптары ағылшынша айтылады.

 

  1. Есептер шығару. 1) «Фишка ойыны» ойналады. Интерактив тақтада 2 кесте сызылып оқушыларға маркер беріледі. Әр команда өзіне берілген тапсырманы кезек-кезек орындап, дұрыстығын қарсы команда тексереді.


Кестенің жолдағы өрнектерді бағандағы өрнектерге көбейтіп, қиылысына шыққан өрнектерді  жазу керек

2a3+b
3-b
2+a

Кестенің жолдағы өрнектерден бағандағы өрнектерді азайтып, қиылысына көбейткіштерге жіктеп жазу керек

4a29a2
9b2
25x2

 

Әрбір команда өз жауаптарының  ағылшынша нұсқасын айтып өтеді.

2)  «Математикалық пазл» ойыны ойналады. Ол үшін әрбір оқушыға пазл түрінде қиылған, бір бетінде әріп, екінші бетінде есебі бар қима қағаз таратылады. Тақтаға есептердің жауабы жазылады. Оқушы есебін шығарып болғаннан соң жауаптардың ішінен дұрысын тауып пазлдың әріп жағын бері қаратып жабыстырады. Сонда бір командада «ЖАРАЙСЫҢ» сөзі, екінші командада «WELL DONE» сөздері шығады. Нәтижелі сөз дұрыс шыққан және тапсырманы бұрын орындаған команда жеңіске жетеді. Ойын соңында жеңіске жеткен  командаға 4 атомнан беріледі. Оқушылар өздері алып барып пазлдарын дұрыстап жабыстыру керек. Пазлды жабыстыруға кеткен уақыт оқушылар үшін сергіту сәті болып табылады.

3) Командалардың жеңіске жетуге ынталандыру мақсатында «Блиц турнир» ойыны ұйымдастырылады. Бұл ойында  әр командадан бір-бір оқушыдан шығып, берілген уақыт аралығында плакатта жазылған есептерді шығарады. Әр команданың ойыншысы қанша дұрыс есеп шығарса, сол командаға сонша атом беріледі. Есептің дұрыстығын интерактив тақтада көрсетіліп, қарсы команданың оқушылары есептің дұрыс шығарылғанын тексереді. Жауаптар ағылшынша айтылады.

VII. Cабақты пысықтау. Тақтаға 5 есептен құралған тест жазылады. Оқушылар тестті дәптерлеріне орындайды. Орындалған тесттің жауаптары көрші отырған оқушыға беріледі. Интерактив тақтаға тест жауаптары шығарылып, көрсетіледі де, оқушылар көршісінің жауаптарын тексеріп, нәтижесін әр сынып өз мұғалімдеріне жеткізеді.

VIIІ. Сабақты қорытындылау. Өлшем стақандарындағы жиналған әрбір команданың атомдары ағылшынша саналып, ойынның қорытындысы шығарылып, белсенділік танытқан оқушылар марапатталады.

ІХ. Бағалау. Мұғалім  сынып оқушыларын берген жауабына қарай бағалайды.

Х. Үйге тапсырма .  №362, №364 есептер.

Резервті тапсырма. (а+b)(a+b) және (а-b)(a-b) көпмүшелерін көбейтіп келу

Сабақ барысында колданылатын сөйлемдер мен терминдер:


Кім тақтаға шығады?-

Who goes to the blackboard?

Мен шықсам болады ма?-

May I go to the blackboard?

Аружанның қатесін кім табады?-

Who can find Aruzhan’s mistake?

Түсінікті ме?-Do you understand?

Бүгін сабаққа кім келмеді?-

Who is absent today?

Мына есепті Аружан шығарсын?-

Aruzhan will do this task?

Жақша ішінде –in bracket

 

Мақсат есепті шығара алмады-

Maksat can`t do the task?

Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласы- Two patteren’s square’s minus  formulas

Квадрат-square

Куб -cube

Дәреже -degree

Қосу -plus

Алу -minus

Бөлу -divide

көбейту-multiply