Ақылды тақия
Сабақ тақырыбы: Ақылды тақия
Мақсаты: 1) Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық
білімін кеңейту; оны ұштау.
2) Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа,
жетістікке жетуге жолдастық пен достыққа, өзін-өзі
тәрбиелеуге үйрете отырып тәрбиелеу.
3) Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын,
өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып,
түсіндіре дамыту.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! Баршаңызды да «Ақылды тақия» сайысына қош келдіңіздер дегім келеді.
Өзінің аты айтып тұрғандай бүгінгі сайыс – қорытындысы ақылды, білімпаз оқушының қанжығасына байланбақшы. Сондықтан біз бүгін жайына көп тоқталмақшымыз.
Көрініс:
«Аталар сөзі – ақылдың көзі»
Қария: — Балам, осы адамға ақыл беретін кімдер деп ойлайсың?
Бала: — Ой, ата,ол деген ана тілі ғой адамға ақыл беретін.
Қария: — Жоқ, балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға аыл беретін ата-ана,
ұстаз, оның досы.
Ата – ана ақылын баласы мен қызына айтады,ұстаз шәкіртіне
айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді, балам.
Қария: — Балам, сен ендеше мынаны акйтшы? Адамның ақылы қайда?
Бала: — Ой, ата адамның ақылы тілінде емес пе?
Қария:- Жо-жоқ, балам, тыңдап ал, есіңде болсын: Ханның ақылы -тағында
Ананың ақылы- жасында
Жігіттің ақылы-жақсылығында
Ал, Ғалымның ақылы- басында
балам, Иә балам ғалымның ақылы басында…
Жүргізуші: Ғалым- ол өте білімді тұлға олай болса, қариялардың дана
сөздерін ағы бір қайталап өтсек; Ғалымның ақылы басында
дейді.
Ендеше, бүгінгі өткізейін деп отырған сайысымызды «Ақылды
тақия» аталуының ерекшелігі, өзіндей орны бар демекпін.
Алдымыздағы білімпаз оқушылардан ұлы ұстаздар, ұлы –
ғалымдар шықпасына кімнің таласы бар. Олай болса, ортаға 7а және 7б сыныбынан озық ойлы оқушыларымызды ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Таныстырады.
Жүргізуші: Алдыңызда 1-4 дейінгі нөмір белгіленген. Өзіне тиісті нөмірді алуға шақырып, орынарына отырғызуын сұрайды. Және қорытындысын шығаратын әділ қазылар алқасын сайлайды. Есептеу комиссиясын сайлайды.
Жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын алдымда тұрған тақия туралы айтып өтсем. Бұл тақия – «ақылды тақия» деп аталады. Барлық турдан жоғары балл (ұпай) жиған оқушы осы «Ақылды тақияның» иегері болады Сонымен қатар, бүгінгі сайыстың өзі басқа киетін бас киімдер мен олардыңтүрлері қадір – қасиеті туралы болмақшы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қазақта «Басыңды сыйла, басыңнан кейін бас киіміңді сыйла» демекші, бағдарламамен таныстырамыз:
«Ақылды тақия» сайысының
Бағдарламасы:
І. тур. 1) Бәйге
2) Орамал тастамақ
3) Құнды сәукеле
ІІ тур. 1) Құпиялы бөріктер
2) Жұмбақтар әлемі
3) Математикалық мақал-мәтелдер
ІІІ тур. 1) Ақынжанды болу үшін
Математик болу керек
2) Егер де…
І Тур.
І Бәйге.
Бәйге сұрақтары оқылады.
- Ұшбұрұштардың түрлерін ата.
- Тік бұрыш деген не?
- 105 =?
- Шеңбер деген не?
- Гипотенуза деген не?
Тағыда басқа сұрақтар қойылады.
ІІ. «Орамал тастамақ» ойыны.
Ойын шаршы: Орамалдың өзі қандай фигураға тәріздес? (Шаршы)
Олай болса, 4 ұшына 4 түрлі кәмпит байланған және әр кәмпитте нөмірлер белгіленген. Әр топ өз кәмпитін, өз нөмірін алып ішіндегі тапсырмаға жауап береді.
Мысалы: Арифметикалық амалдарды қолдана отырып, жұлдызшаның орнына қойып теңдікті орында
2*2*2*2*2=6
2*2*2*2*2=7
Тақтаға орындап көрсет.
ІІІ. Құнды сәукеле сайысы.
Сәукеле бас киімдер ішінде-өте құнды бас киім болып саналады және оның құны бұрын 100 жылқыға бағаланған екен. Ендеше келесі бөліміміздегі тапсырмалар құнды деп ойлаңыздар.
Сәукелені әшекйлеген.
І төмендегі бөлігі – күміспен көмкерілген ұпайы – 10
ІІ ортанғы бөлігі – алтынмен апталған ұпайы – 20
ІІІ жоғары бөлігі – жақұтпен жарқыраған ұпайы – 30
Күміс бөлігінде – 3 сұрақ
Алтын бөлігінде – 3 сұрақ
Жақұт бөлігінде – 2 сұрақ
Бұл сайыстың шарты ретсіз сөйлемді ретке келтіру
Мысалы: ішкен – жегенін, айтады, Ақымақ
көрген – білгенін, айтады, Ақылды. т.с.с.
ІІ. Тур.
І. Құпиялы бөріктер
(Тақтада плакатта бас киімніңсуреттері салынған. Тымақ, бөрік, тақия, сәукеле, қалпақ).
Бас киімдердің астында тапсырмалар жасырылынған.
ІІ.Жұмбақтар әлемі.
- Темір тілді, сыңғыр үнді
- Көкте туып, жерде өледі
- Тек тебіне бермесең
Топжылмайтын шабақ ат. т.с.с
ІІІ. Мақал – мәтелдер сайысы
Барлығы қатысады. 1,2,3,7,8,9,25,40,30,100,1000 т.с.
Цифрларына мақал – мәтелдер айтып жарысады.
ІІІ. Тур
«Ақын жанды болу үшін,
Математик болу керек.»
Тапсырманың шарты бірінші жол айтылып, ұйқасы мен мағынасын өзі тауып аяқтайды.
Мысалы: Мен ақынмы, ақынмын…
немесе
Қарсыласым қалыспа…
Сайыс қорытындысы шыққанша, көрермендер ойыны ойналады және
концертік бағдарлама қойылады.
Сайыста жеңген топтар шақырылып, даярланған «Ақылды тақия» бас киімі кигізіліп марапаттау рәсімі жүргізіледі.