Шеңбер және оның элементтерінің қасиеттері. Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы

Сабақтың тақырыбы:   Шеңбер және оның элементтерінің  қасиеттері. Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы

Сабақтың мақсаты:

білімділік:                     Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын білу. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіндіріп, меңгерту.

тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту.

 

Сабақтың типі:  жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:  тренинг сабақ

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Цифрограмма

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық

Жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы

Сабақтың жүрісі: 

 

І.Ұйымдастыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау

  1. Үшбұрыш туралы не білеміз?
  2. Үшбұрыштар туралы тірек — схема бойынша сөйлеу
  3. Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау
  4. «Шеңбер» сөзжұмбағын шешу

Сұрақтары:

  1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)
  2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)
  3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)
  4. бұрышты қақ бөлетін сәуле?  (биссектриса)
  5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын

кесінді? (медиана)

  1. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

 

 

Ш
Е
Ң
Б
Е
Р

 

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

 

                   Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын, шеңбер мен түзудің өзара орналасуын, хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін электрондық оқулық арқылы түсіндіріп, меңгерту.

 

ІV. Бекіту сұрақтары

1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама

2) Шеңбер мен түзудің орналасуы

  • һ > r
  • h < r
  • h = r

 

  1. Практикалық жұмыс.
  2. Шеңбер сызыңдар.
  3. Шеңбердің центрін белгілеңдер.
  4. Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.
  5. Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.
  6. А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі
  7. Доғаларды атап жазып қойыңдар
  8. АВ хордасын жүргізіңдер
  9. Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер
  10. В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер

10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара

перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.

 

VІ. Электрондық оқулықтағы есептерді шығару

 

№1.    Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы

мүмкін бе?

( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)

№2.   Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге

бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.

 

№3.   АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,

АВ = 16 см болса,  АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?

 

VІІ. Бағалау

 

VІІІ. Үйге тапсырма:  8.1; 8.2; 8.3; № 25 есеп