Алгебралық бөлшектерді көбейту
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді көбейту.
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларды алгебралық бөлшектерді көбейтуде көпмүшені жіктеу тәсілдері мен қысқаша көбейту формулаларын қолдануды үйрету.
Ә) Дамытушылық: есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.
Б) Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, жүейлі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, репродуктивті, практикалық, инсерт әдісі, сейкестендіру тест.
Пайдаланатын көрнекіліктер және құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, үлестірмелі таратпалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
«Кім жылдам?»
«Формула білеміз бе?»
- Мақсат қою кезеңі.
- Жаңа материалды түсіндіру.
- Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.
Сергіту сәті
VIІ. Бекіту кезеңі.
VIII. Үйге тапсырма.
ІХ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?»:
Ал, енді, балалар, сабағымдызды бастамас бұрын, сендердің сабақ алдындағы көңіл-күйлеріңді байқайық. Ол үшін алдарыңда тұрған үш түрлі көңіл-күйді көрсететін суреттердің ішінен өздеріңнің көңілдеріңе сәйкесін көтеріп көрсетіңдер (1-слайд)
Көңіл-күйлеріңнің жақсы екендігін байқап тұрмын. Онда сабағымызға кірісейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (2-3-слайдтар).
№ 432 (6)
№ 440 (4)
Өткен тақырып бойынша сұрақтар (4-слайд):
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз?
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтамыз?
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосамыз?
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай азайтамыз?
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.
«Ой қозғау»: берілген өрнектерді математика тілінде оқу (5-слайд).
«Кім жылдам?». Берілген есептерді ауызша есептеу (6-слайд)
«Формуланы аяқтаңдар». Интербелсенді тақтада қысқаша көбейту формулаларын аяқтап жазу (7-слайд).
- Мақсат қою кезеңі.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Алгебралық бөлшектерді көбейту» (8-слайд).
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда алгебралық бөлшектерді көпмүшені жіктеу тәсілдерін және қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейтуді үйренеміз.
- Жаңа материалды түсіндіру.
Оқушы тақтаға шығып есепті шығарады. Жай бөлшектерді көбейту ережесін айтады (9-слайд).
Демек, алгебралық бөлшектреді көбейту амалдары жай бөлшектерді көбейту ережесі бойынша орындалады (10-слайд).
Жай бөлшектерді дәрежелеуге оқушы шығып, есепті шығаруға қолданған ережесін айтады (11-слайд).
Алгебралық бөлшектерді дәрежелеудің формуласы мен мысал қарастырылады (12,13-слайд).
Алгебралық бөлшектерді қысқаша көбейту формуласын қолдану арқылы көбейтуге мысал қарастырылады (14-слайд).
- Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі (15-слайд).
Сергіту сәті (16-слайд)
Оқулықпен жұмыс (17-слайд)
5 оқушыға үлестірмелі таратпа беріледі.
VIІ. Бекіту кезеңі.
Өтілген тақырыпқа байланысты сәйкестендіру тесті «Дәлдеп көзде» беріледі (18-слайд).
Сыни тұрғысынан оқыту әдісі бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді (Нені білдім? Нені оқуым керек? Нені білгім келеді?) (19-слайд)
VIII. Үйге тапсырма (20-слайд).
ІХ. Оқушылар білімін бағалау кезеңі.
Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?» (21-слайд):
Ал, енді, балалар, сабағымдыздың соңында бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлеріңді байқайық.