Берілген сандар қатарының медианасы

Сыныбы: 6

Сабақ  тақырыбы:  Берілген сандар қатарының медианасы

Білімділік мақсаты: Оқушылар берілген сандар қатарының медианасының

мағынасын білу.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылар берілген сандар қатарының медианасын  тауып,

есептер шығару білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Дүние танымын кеңейте отырып, пәнге деген

қызығушылығын арттыру,зейінін,сөйлеу қорын дамыту.

 

 

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс –тәсілдері: Сұрақ –жауап, топпен жұмыс

Сабақ барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылардың сабаққа дайындығын , қатысуын тексеру . Сынып оқушыларын

2 топқа бөлу . І  топ ,, Оң сандар,,

ІІ топ  ,, Теріс сандар ,,  топ басшыларын сайлау.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру :

Әр оқушының дәптерлерінен оқыту .

 

  1. Сәйкестендіру тестісі :

 

 

І – топ.                                                                          ІІ — топ

3,( 7 )                          3,379                        2,16                              0,32

2, ( 6 )                         2,7                        0,3 ( 22 )                         2,2

3,3 ( 78 )                   3,8                           1,5 ( 6 )                         0,9

0, ( 8 )                             1,57

 

 

 

 

4 . Шектеусіз ондық бөлшектердің схема бойынша еске түсіру .

 

  1. «Қоян қайда секіреді ? » ойыны.Таза периодты ондық бөлшектерді,аралас

периодты ондық бөлшектерді  тауып,оқу.

 

 

 

0,1(4)

 

 

— 3,1( 3)

 

0,(2)

 

-4,(37)

 

0,8 (3)

 

 

 

 

5.Сабақтың мақсаты мен  таныстыру.

  1. Жаңа сабақ

Халық шаруашылығында,тұрмыста кездесетін шамалардың өзгерістерін сипаттауда жие пайдаланатын

статистикалық сипаттамалар:

 

 

 

арифметикалық орта       өзгеріс        мода                  медиана

ауқымы

 

Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық сипаттама.

Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін;

  • берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек.

2)  осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы  санды табу

керек.

 

1 — мысал. Қазан айының бір аптасындағы ауаның орташа  тәуліктік температурасы:

140С, 150С, 160С , 140С, 170С, 170С,200С болды. Қазан айының осы аптадағы тәуліктік температуралардың медианасын табайық.

Ол үшін апта ішіндегі ауаның орташа  температураларын өсу ретімен орналастырып жазамыз.Олар: 140С, 140С, 150С , 160С, 170С, 170С,200С

Осы сандар қатарының  қақ ортасында тұрған сан -16 саны.берілген сандардың саны жетеу. 7- тақ сан.Оның қақ ортасында бір ғана сан бар.Ол сан 16 саны.

Берілген сандар қатарының медианасы 16 саны.

2- мысал.

Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайлары:

5,4; 5,2 ; 5,7; 5,3; 5,5; 5,6; 5,2; 5,6 .Мұз айдынында мәнерлеп билеуге қатысушылардың алған ұпайларының медианасын табайық.

Ол үшін ұпайлар мәндерін кему ретімен орналастырайық:

5,7; 5,6; 5,6; 5,5; 5,4; 5,3;5,2; 5,2

Бұл жағдайда берілген сандар қатарында 8 сан бар,олардың ортасындағы екі сан: 5,5 және 5,4. Берілген сандар қатарының медианасы осы қатардағы 5,5 және 5,4 сандарының арифметикалық ортасы болады:

 

5,5 + 5,4

2

 

Берілген сандар  қатарының медианасы

 

 

 

 

Тақ сан болса, осы сандарды                        жұп сан болса, осы сандарды өсу ( кему)

өсу(кему) ретімен орналастырғанда            ретімен орналастырғанда ортада тұрған

қақ ортасында тұрған сан                               екі санның арифметикалық ортасына тең

 

  1. Жаңа білімді меңгерту. «Білім шыңына өрлеу » ойыны

 

 

 

 100, 70, 80, 70, 100, 90, 60

 

            7, 4, 8, 5, 7, 5
 

9; 4; 5,1;  3,2;  7;  6,2;  8,9;

 

3,5;  2,6; 3,5; 1,3; 2,6; 3,5

 

 

  1. Сабақты қорытындылау. Болжау стратегиясы

 

       Нені білем?  Нені білдім?   Нені білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма.

 

  1. Бағалау парағы.

 

 

 

 

Оқушының

аты –жөні

 

Үй тапсырмасыСәйкестендіру

тестісі

«Қоян қайда секірді?» ойыны«Білім шыңына өрлеу » есептер шығару.

 

жиыны
1      
2      
3      
4     

 

Тапсырмаларға  (-), (+) белгілерін топ жетекшілері қойып отырады.

 

Сәйкестендіру тестісі :

І  топ.

                                                                                       

 3,( 7 )                          3,379 

                   

 2, ( 6 )                         3,8

                                                                   3,3 ( 78 )                                 2,7 

  1. Бағалау парағы.

 

 

 

 

Оқушының

аты –жөні

 

Үй тапсырмасыСәйкестендіру

тестісі

«Қоян қайда секірді?» ойыны«Білім шыңына өрлеу » есептер шығару.

 

жиыны
1      
2      
3      
4     

 

 

Тапсырмаларға  (-), (+) белгілерін топ жетекшілері қойып отырады