Ең үлкен ортақ бөлгіш. Ең кіші ортақ еселік

Сабақтың тақырыбы:  Ең  үлкен ортақ  бөлгіш.Ең кіші ортақ еселік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ең  үлкен  ортақ  бөлгіш  туралы , өзара жай сандар туралы алған білімдерін пысықтау. Ең  кіші ортақ  еселігін  таба білуі, берілген  құрама  сандарды  жай  көбейткіштерге  жіктей  отырып ,  олардың  ең  үлкен  ортақ  бөлгішін, ең кіші ортақ еселігін  таба білу білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.Оқушының  ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелілік: Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке  өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне  тәрбиелеу.Патриоттыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: баяндау ,әңгімелесу,есептер  шығару , сұрақ –жауап, АКТ.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар , электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу , түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.Құралдарын түгендеу. Сыныптың әзірлігін  байқау.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

№ 307

№ 321 слайд бойынша тексереді.

 Қызығушылығын ояту.

Білімге жетілмейтін үш жол бар:

  • Еліктеу жолы – ең жеңіл жол,
  • Ойлау жолы – ең игілікті жол,
  • Тәжірибе жолы – ең қиын алыс жол.

Конфуций

а)Тұжырым дұрыс па?

Жай сандардың тек екі бөлгіші бар.

Құрама санның бір бөлгіші бар.

Ең кіші екі таңбалы жай сан – бұл 11

Ең үлкен құрама сан  – бұл 99.

Кейбір құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге болмайды.

96 саны –жай сан.

8 және 10 өзара жай сандар.

1 желтоқсан –Тұңғыш Президент күні.

Жұп , тақ сандарды көрсетіңіздер. Слайд бойынша

Ой толғаныс

а) Қатесін табыңдар

2850=10·3 ·5  ·19                              2850=2 ·3 ·52 ·19

99= 9*11      18=2*9   ЕҮОБ(99.18)=9

28=2*2*7   21=3*7   ЕКОЕ (28.21)=84

ә)  Сөзжұмбақты шешейік. Елбасының отыратын резиденциясы

Р.   ЕКОЕ (5; 3; 15) =15  А .  ЕҮОБ (50: 12) =2    Д .   ЕҮОБ(24,30)=6

Қ.    ЕКОЕ(20,14) = 2*2*7*5 =140  О.   ЕКОЕ  (40, 28)=280

21402801562
АҚОРДА

Тарихи мәлімет        (Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс)

Сандарды тауып, жай , құрама сан , жұп , тақ сандарды  анықтаңыздар.

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

б) Оқулықпен жұмыс

А № 345 ЕКОЕ(18,12) =36 ЕКОЕ(60,15) =60 ЕКОЕ(5,13) =65 ЕКОЕ(7,11) =77

В №352.  ЕҮОБ =6.  ЕҮОБ  =12

С №314 .  ЕҮОБ (93;87; 129) = 3  Жауабы 3 бала

Сергіту сәті

Берілген сандарға байланысты қозғалыс жасайды , егер жай сан болса, қолдарын алға созады, құрама сан болса жоғары көтереді.

Мағынаны тану

а)Өз бетімен жұмыс

1 нұсқа

  • ЕҮОБ (60, 165) = 15
  • ЕКОЕ (30,12)=60
  • Ия, себебі

ЕҮОБ(8, 25) = 1

2 нұсқа

  • ЕҮОБ(75,135) = 15
  • ЕКОЕ(18,15 )=90
  • Ия, себебі

ЕҮОБ (4, 27) = 1

 

ә)Кім жылдам?

12 мен 8-дің ЕКОЕ-ін ,ЕҮОБ-ін табыңдар.ЕКОЕ(12;8)=24 ЕҮОБ(12,8)=4

6 мен 9-дың ЕКОЕ-ін ,ЕҮОБ-ін табыңдар. ЕКОЕ (6;9)=18 ЕҮОБ(6;9)=3

40 пен 25-тің ЕКОЕ-ін ,ЕҮОБ-ін табыңдар. ЕКОЕ(40;25)=200 ЕҮОБ(40,25)=5

100 бен 45-тің ЕКОЕ-ін ,ЕҮОБ-ін табыңдар. ЕКОЕ(100;45)= 900 ЕҮОБ(100,45)=5

«Бәйтерек» пен «Қазақ елі» монументін құрастырып шығарады.

Үйге тапсырма беру.№309 №328

Сабақты қорытындылау.

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңе  сенеміз» деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.

Сынып оқушыларының және жеке балалардың жұмыс сапасын  бағалау.