Жай бөлшектер
Тақырыбы: Жай бөлшектер.
Мақсаты: 1. Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылап, жүйелеу,
жай бөлшектермен амалдар орындау қабілеттерін дамыту, тарихи
мәлімет беру.
2.Логикалық ойлау , есте сақтау, тіл мәдениетін ,ұқыптылық
қабілеттерін дамыту.
- Алға қойған мақсатқа жете білуге жауапкершілікке, топпен,
ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Таратпа материалдар, «Бағалау» парағы, тестік тапсырмалар,
Кестелер, жауап парағы, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі : Саяхат сабағы
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
А ) Сәлематсыңдар ма, балалар!
Орындарыңа жайғасыңдар.
Бүгін қаңтардың 20-сы
Сәрсенбінің сәтті күні
Бір ғажайып санға арналған
Өткіземіз сабақты.
Б) Балалар , ол қандай сан? Жай бөлшектер.
В) Біз бөлшектермен қандай амал- Қосу, азайту, салыстыру, көбейту
дар орындай аламыз?
Ал, енді балалар сабағымыздың мақсатын анықтап аламыз.
Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, белгілеп қойыңдар.
Мен сабаққа дайынмын Менің сабаққа зауқым жоқ Мен өз-өзіме сенімсізбін.
Біз, балалар «Бөлшектер» сарайына саяхатқа шығамыз.Алдарыңда бағалау парағында саяхаты-мыздың барлық кезеңдері көрсетілген.Сол бағыт бойынша жұмыс жүргіземіз. Саяхатқа шығу үшін базарға соғып ,жол азығын сатып алайық.
Сурет бойынша балалар , нанның, шырынның , консервінің,торттың бөліктерін анықтайды.
Жарайсыңдар, балалар! Жол азығын алдық,енді саяхатымызды бастаймыз.
- а)Тарихтан мәлімет.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздер бөлшектер сарайына қош келдіңіздер!
Алдымен өзімді таныстырып алайын. Мен математика –тарих ғылымдарының магистрі Қадылбек Анар . Тарихи мәліметтер залына өтейік. (Бөлшектер тарихынан мәлімет оқиды)
Б) «Бөлшек» тақпақ. Л Ф Магницкий-орыс математигі.
В) Қазір 2 оқушы «Құпия» бөлмеге барып, құпия сырын ашады.
(Жоғары деңгей тапсырмалары)1. Теңдеуді шеш:1. 8/(х+1 3/7)=4
2.АВСД квадратының периметрін тап .
а в
В С
|
|
а
вв
в
А Д
в
3.Ал, біз «Оқу» залына өтеміз.Айнала толған қызықты да ,мәнді кітаптар.Бірақ, кейбір жазулар өшіріліп қалыпты.Сол жазуларды қалпына келтіру керек.
Жұппен жұмыс. Толықтыруды қажет ететін тест.
- Алым бөлшек сызығының … орналасады және нешеуі … білдіреді.
- Бөлім бөлшек сызығының . . . орналасады және нешеге . . . білдіреді.
- Егер бөлшектің алымы бөліміне тең болса немесе үлкен болса, онда ол . . . бөлшек.
- Егер бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса ,онда ол . . . бөлшек .
- Бұрыс бөлшек 1-ден . . . болады.
- Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы . . . болса, сол . . . болады.
7 Дұрыс бөлшектер 1-ден . . . кіші болады.
Жауабы тақтадан тексеріледі, бағалау парағына белгілеп қоямыз.
- Жарайсыңдар! Тест орындалды,енді «Логика» бөлмесіндегі тапсырмаларды да орындай алатындарыңа сенімдімін.
А) Кестемен жұмыс.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2/5 | 4/5 | 7/6 | 1/4 | 17/15 | 1/2 | 5/6 |
- Бөлшектердің қайсысы ширекті білдіреді?
- Бұрыс бөлшектерді атаңдар.
- Бөлшектердің қасысы жартыны білдіреді?
- Дұрыс бөлшектерді атаңдар.
- 2-ші бөлшекті 1-мен салыстыр
- 5-ші бөлшекті 1-мен салыстыр.
Б) Бөлшектер қатарының қалай орналасқанын анықтап, келесі мүшесін тап.
1) 2/5, 4/8,6/11, 8/14, . . . 2) ¾, 4/5, 5/6, . . .
В) Сарай тұрғындары сендерге келесі тапсырманы жіберіпті. Топпен жұмыс.
1 | 2 | 3 |
Алым Сызық Түзу Бөлім | Қисық сызық Бөлшек Түзу Сәуле | Салыстыру Қосу Азайту Сәуле |
Тапсырма.Әр бағаннан артық сөзді тауып, өз бағаныңа ат қойыңдар
5.Рахмет. Саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.
«Жаттығу» залы.
А)Орнымыздан тұрамыз. Менің тұжырымыммен келіссеңдер қолдарыңды алға, келіспесеңдер жоғары көтересіңдер.
- 13/17-дұрыс бөлшек 2. 3/7 –бұрыс бөлшек
- 1 ½ үлкен 1 4. 2 3/2 кіші 1-ден
- 4/5 үлкен 1 6. 5/9 үлкен 7/9
Балалар біз әлі жаттығу залындамыз. Демалдық, біз ал кәне дос
Дайынбысың, сабаққа өз үлесіңді қос. Енді білімімізді сынайтын кез келді. Күш пен білім туралы қандай мақал білесіңдер?
Мақал: « Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады»
Ендеше, өз түстеріңді таңдап, деңгейлік тапсырма орындаймыз.
Қызыл-«5», Көк-«4», жасыл-«3»
Деңгейлік тапсырмалар.
«Қызыл түс»
Бағалау парағына белгілеп отырамыз.
- «Құпия» бөлмеге ораламыз. Оқушылар өз есептерінің құпиясын ашады.
- «Салыстыру» мұнарасына да жеттік.Баспалдақпен жоғары биікке көтерілеміз. Мында бірдеңе болған ғой, бөлшектер шашылып жүр. Кәне, орындарын тауып берейік. Математика ұқыптылық пен дәлдікті ұнатады ғой. Дәптерде жұмыс.
Қыздар: бөлшектерді өсу ретімен, ұлдар-кему ретімен жазыңдар.
9.Соңғы кезеңге де жеттік. «Жобалау» зертханасына соға кетейік.
Берілген өрнек бойынша есеп құрастырыңдыр.
1) 7 кг · 60 тг 2) 75 км/сағ ·6сағ
10.Бағалау парағын алып өз жұмыстарыңды бағалаңдар.
А) Кім өз жұмысын «өте жақсы» деп бағалады?
Б) Кім өз жұмысын «жақсы» деп бағалады.
Үйге тапсырма. Б) №802, №804
А)№793, №781(1-3)
Рефлексия.