Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Мұхтарова Гүлдана Таңжарбайқызы
Пәні | Алгебра | Сыныбы | 10 |
Тақырыбы | $5. Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері | ||
Мақсаты | Оқушылардың тригонометриялық функцияның негізгі қасиеттерімен қасиеттерімен /анықталу облысы, мәндерінің облысы, жұп-тақтығы, периодтылығы, өсу-кему аралықтары/ өз бетінше танысып, олардың графиктерінің қасиеттерін танып-білуге үйрету,білім-біліктерін тереңдетуге, топтық жұмысқа белсенді қатысуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал жасау. | ||
Күтілетін нәтиже | Проблемалық сұрақтарды талдауға қатысады; Білімдерін тереңдетеді; Сыни тұрғыда ойлау арқылы диалогтік қарым-қатынасты орната алады; Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады. | ||
Сабақтың түрі | Интерактивті сабақ |
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар
|
Кіріспе 1. Тренинг «Жұбыңды тап» Оқушыларға кеспе қағаздарын таратып шығады
2. Топқа бөліну: І топ – y=sinx ІІ топ – y=cosx ІІІ топ – y=tgx Негізгі бөлім 3. Ашық сұрақ: жоғарыда айтылғандардың мәні не? Оқушылардың пікірлері бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашуға ой тастайды. Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазады. Топтарға тақырыптың мәтіндерін бөліп береді, ЖИГСО әдісі бойынша оқып танысып, өзара және топта түсіндіруді ұсынады: І топ – y=sinx функциясы, қасиеттері, графигі ІІ топ – y=cosx функциясы, қасиеттері, графигі ІІІтоп – y=tgx функциясы, қасиеттері, графигі
«Сергіту сәті» Интерактивті тақтадан әртүрлі тригонометриялық функцияларды оқиды.
Оқушыларға жаңа сабақты бекіту үшін тапсырмалар береді: а) Берілген функциялардың графигін салыңдар: І топ: y=tgx-3 ІІ топ: y=sinx-5 ІІІ топ: y=cosx+4 (постер қорғау)
ә) Функцияны жұп-тақтыққа зертте және ең кіші оң периодын тап: 1) 2) 3) 4) 5) 6) 7)5
Қорыту Интерактивті тақтада сызылған графикті ұсынады «зерттеуші -қорытушы» әдісі
Бағалау
Үйге тапсырма беру. №79ә, №82, №83 | Оқушылар екіге бөлініп, бір-біріне қарсы тұрады. Қолдарындағы функциялар мен олардың мәндеріне байланысты жұптасып, жылы лебіздер айтады.
Ортадан тригонометриялық функциялар атаулары жазылған қағаздарды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады. Тақырыпты жазып алады.
Оқушылар тақырып бойынша берілген тапсырманы талқылайды. Өз пікірлерін білдіреді. Топтар өзара зерттеушілік әңгіме жүргізеді: «бәлкім», «мүмкін», «солай емес пе» және т.б. сөздерді қолданады. 1-2-3 ке саналу арқылы қайта бөлініп, өз білгендерін ортаға салады. Жанұяға қайта оралып, қосымша ақпаратпен бөліседі
Оқушылар берілген шарт бойынша қимыл-қозғалыс жасайды: «Жұп функция» — оң қол көтеріледі, «тақ функция» — сол қол көтеріледі, «периоды π-ге тең» — 1 рет шапалақ ұрады, «периоды 2π-ге тең» — 2 рет шапалақ ұрады
Оқушылар өз білетіндерін және бүгінгі сабақтан үйренгендерін жинақтап, тапсырманы топтаса орындайды, орталарынан спикер шығып, постер қорғайды
Оқушылар жұптасып, берілген тапсырманы орындайды
Интерактивті тақтада көрсетілген қисықты (график) зерттеу арқылы әр топтан бір оқушы шығып, жасырын функцияның қасиеттерін анықтап, функцияның формуласын табады.
|
Үш шапалақ
Топтық жұмыс
Үш шапалақ әдісі арқылы мадақтау.
Топтық жұмыс (постер қорғау)
Бармақ әдісімен бағалау
Жұптық жұмыс (тақтамен жұмыс)
Үш шапалақ
Бағасыз бағалау. | Тригонометриялық функциялар мен мәндері жазылған кеспе қағаздар
Қағаз қиындылары
Интерактивті тақта
Оқулық, тор көзді плакат, маркер, қарындаштар, сызғыш, дәптер. |
Интерактивті тақта
Интерактивті тақта, оқулық, тор көзді плакат, маркерлер
Кеспе қағаздағы тапсырмалар Жұмыс дәптері, тақта
Интерактивті тақта Функция графиктері
Интерактивті тақта |