«Білімді жас ғалым» зияткерлік сайыс
Тақырыбы: «Білімді жас ғалым» зияткерлік сайыс
Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың қисын ,есте сақтау, ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін дамыту.Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке байқампаздыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі: топтық сайыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
- Қатысушылармен оқушылармен амандасып сайыстың шарттарымен таныстыру.Әділқазыларды тағайындау.
- Таныстыру.
2.Бәйге./Мақалды толықтыру/
- Тіл- өнер \жасырылған сөз үш тілге аудару\
- Дода \ұяшықтар таңдау\
6.Кім нағыз лидер? \есеп кім тез әрі жылдам табады\
- 3. Бәйге бөлімі мақал-мәтелді толықтыру. Кезектесіп жауап береді. Әр дұрыс жауап бес ұпай.
- Ер 1 рет өледі, Қорқақ 1000 рет өледі
- 7 рет өлшеп,1 рет кес.
- 2 құзғын таласса, 1 қарғаға жем болар.
- . 1 кісі қазған құдықтан,1000 кісі су ішеді.
- Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар, Жаманды 7 жыл жетелесең надан болар.
- Тіл өнер
1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler )
- Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, tweive )
- Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.( қалам, ручка, pen)
- Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fivty)
- Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды?( отыз, тридцать, soty )
- Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book )
- Дода
- Аспанда үш түйеқұс ұшып бара жатыр еді аңшы екеуін атып түсірді неше түйеқұс қалды? Түйеқұс ұшпайды 20
- 12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? барлык
- Геометрияның негізін салушы “Негіздер” кітабының авторы кім? Евклид
- Қандай санда жазылуында қанша әріп болса сонша цифр бар? 10 100
- «Арифметика математиканың ал математика ғылымдардың патшасы”— деген кім? Гаусс
- Қосарланып шегілген екі ат бір сағатта
- 14 км жол жүреді. Осы уақыттың бір ат қанша км жол жүреді? 14
- Немересі атасынан: «Жасың нешеде?» деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді депті. Атасының жасы нешеде? 66
- Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? 10 коян 5 тауык
- Айдар қағаз парағын 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады? 32
- Кім нағыз лидер
Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)
- Қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі. Жеңген топ марапатталады. Назарларыңызға көп рахмет амандықпен жүздесейік.