Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!

Сабақтың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік
: математикаға  ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді,
сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана білуге жаттықтыру.
2. Дамытушылық: оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру және оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Топтасып жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел

Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңыз «Ойнайық та, ойлайық!» сайысына қош келдіңіздер!    Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Есептен сайысады төрт команда,
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
(топтар ортаға шығады)

Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді. – деп
Енді сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы алқасын
таныстырып өтейік.(Әділ қазы алқасы таныстырылады.)

Математика елінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыт тасып, шалқысын,
Көңілді кеш жасайық!

Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Біліміңді саралар.
Ойнайық та, ойлайық,
Кеште қарап қалмайық!

Ендеше өткізгелі отырған «Ойнайық та, ойлайық» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

— Бүгінгі жарысқа төрт топ қатысып отыр. Топтарды таныстырып өтейік.
1- топ–«Тапқырлар»
2- топ–«Ойшылдар»
3- топ–«Білгірлер »
4- топ–«Алғырлар »

 

Сайыстың барысы:
1. Логикалық есептер
2. Мақал — мәтелдер сайысы
3. Есепке кім жүйрік?
4. Кім көп біледі?

  1. Сөзді табу
    6. Қорытынды тест

 

1 — Сайыс. Логикалық есептер шешу

Мықты болсаң алдағыны басып оз,
Мықты болсаң арттағыға жеткізбе,
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт – деп сайысты бастаймыз

  1. 7 жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса, 100 жұмыртқаның бағасы неше теңге? (100)
    2. 1т темір ауыр ма, әлде 1000 кг мақта ауыр ма? (Бірдей )
    3.     4 827 105 санындағы үш цифрды ең кіші сан шығатындай етіп
    сыз. Сонда қандай сан шықты? (2 105 )
    4.     Сандар қатарындағы келесі санды тап? 20, 21, 23, 24, 26, 27, … (29)
  2. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)
    6.  Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)
    7.        Еменде үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар. Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)

2 — сайыс: Мақал — мәтелдер сайысы.

Ал, балалар, балалар
Мақал – мәтел айтайық.
Қиындыққа қайыспай
Асулардан  аттайық

Берілген мақалдағы нүктенің орнына сан қойып, мақалды оқу.
1.   Ер 1 рет өледі,
Қорқақ 1000 рет өледі.
2.   7 рет өлшеп,
1 рет кес.
3.    2 құзғын таласса,
1 қарғаға жем болар.
4.   1 кісі қазған құдықтан,
1000 кісі су ішеді.
5.   Жақсыны 7 жыл жетелесең адам болар,
Жаманды 7 жыл жетелесең де надан болар.
6.   30 тістен шыққан сөз,
30 рулы елге тарайды.
7.    Білгенің бір 9, білмегенің 99.

 

3 — сайыс. Есепке кім жүйрік? сайысы

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де — есеп.
Ауырсаң, ішетұғын дәрі де — есеп.
Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз ау,
Дүниенің бар тұлғасы есеп десек — деп, берілген есептерді  шығарамыз.
1).    0, 1, 2, 3 цифрларынан бірдей цифр қайталанбайтын барлық мүмкін төрт таңбалы сандарды жазыңдар. Мысалы 3 201 санын және т. б. құрастыруға болады. Алынған ең үлкен және ең кіші сандардың айырмасын неге тең?
(3 210 – 1023= 2 187 )

  1. Поезд тұрақты жылдамдықпен бірқалыпты жүріп 2 сағатта 144км жол жүрді. 5 сағатта қанша   жол жүреді? (360км)
  2. Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)
  3. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығының 15 басы, 50 аяғы болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? (5 тауық, 10 қоян)

4 — сайыс.“Кім көп біледі?” сайысы.


Білімнің ұшқырлығын танытып сен,
Асып — тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен – деп

1.   Санауда қолданылатын сандар? (натурал)
2.   Санның ең үлкен бөлгіші неге тең? (санның өзіне)
3.   2 — ге бөлінбейтін сандар не деп аталады? (Тақ сандар)
4.   Қандай сандар 5 — ке бөлінеді? ( 0 мен 5 — ке аяқталатын сандар)
5.   Ғасырдың жартысы неше жыл? ( 50 жыл)
6.   Неше цифр бар? (он)
7.   Кез келген натурал санның бөлгіші? (1)
8.   2 — ге бөлінетін сандар не деп аталады? (Жұп сандар)
9.   Қандай сандар 10 — ға бөлінеді? ( 0 — ге аяқталатын сандар)
10.  Ең кіші натурал сан, (1)
11. Санды қандай санға бөлуге болмайды? (0 — ге)

 

5 – сайыс:  «Адасқан әріптер»

Адасып жүрген әріптердің орындарын ауыстырып, сөз құрау қажет.
Детуңе — теңдеу
Шұбршүы – үшбұрыш
Трұбышрөт – төртбұрыш
Рвадкат – квадрат
 

6 – сайыс: Қорытынды тест

Бүгінгі сабақты қорыту мақсатында 5 сұрақтан тұратын тест өткізіледі.
1. Уақытты табу үшін не істейміз?
а) Қашықтықты жылдамдыққа бөлеміз
б) Қашықтықты жылдамдыққа көбейтеміз
в) Қашықтық пен жылдамдықты аламыз
2. Р=4 × а        Бұл ненің формуласы?
а) Тіктөртбұрыштың периметрін табу
б) Үшбұрыштың периметрін табу
в) Шаршының периметрін табу
3.    Параллепипедтің көлемін табу үшін не істейміз?
а) Қабырғасы мен енін көбейтеміз
б) Қабырғасы мен енін қосып екіге көбейтеміз
в) Қабырғасы, енін, биіктігін көбейтеміз
4.    Белгісіз бөлінгішті табу үшін не істейміз?
а) Бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз
б) Бөліндінің мәнін бөлгішке бөлеміз
в) Бөлгішке бөліндінің мәнін көбейтеміз

  1. 2 тәулік 3 сағатта қанша сағат бар?
    а) 27сағат
    б) 51сағат
    в) 48 сағат

Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша , мына сұрақтарға жауап бере тұралық:

  1. Бір-бірімен жарысқан ,
    Төрт аю, бір арыстан.
    Екі қой мен бір түлкі,
    Бәрі нешеу кім білді. (сегіз)
  2. Бір үйде тұрады екен елу батыр,
    Үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр. (сіріңке)
  3. 121 қай санның квадраты? (он бір)
  4. Мың кісіге бір белбеу? (сыпырғыш)
  5. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
    Бірақ қарағысы келмейді. (күн)
  6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында
    Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)
  7. Суға салсаң батпайды,
    Отқа салсаң жанбайды. (мұз)
  8. Қабат қабат қаттама,
    Ақылың болса аттама. (кітап)

 

Әділқазылар сайыс қорытындысын жариялайды.

 


Алдыңызға жайнаған жүздер әне
Сіздермен кездесеміз біздер әлі.
Әділ – қазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.