Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың тақырыбы: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге үйрету. Оқушылардың құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен жұмыс істеу, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды нақтылыққа, ұқыптылыққа,дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, кітап.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқуышлармен сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы оқушылардың сабаққа даярлықтарын анықтау(оқу құралдарын тексеру).
2.Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа білімді қабылдауға даярлық сұрақтар.
- Жаңа сабақты баяндау
5.Есептер шығару
- Ой толғау.Қорытынды. Бағалау. Үй тапсырмасы.
Мұғалім: Үй тапсырмасын тексеріп болған соң, оқушыларға даярлық сұрақтарды қояды.
1.Жай сандар деп қандай сандарды атайды?
- Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?
- 1-саны қандай сан?
- 2-ге, 3-ке, 5-ке бөлінгіштік белгілері қандай?
Мұғалім: үйге берілген 73-бетте алдын-ала даярлық тапсырмасына жауап береміз.
Оқушы: 1) 30:2=15 2) 44:2=22
15:3=5 22:2 =11
5:5=1 11:11=1
30=2*3*5 44=2*2*11
Осыдан келіп қандай қорытынды шығара алады екенбіз?
Кез келген санды жай сандардан тұратын бөлгіштердің көбейтіндісі түрінде жаза аламыз ба екен?
Мысалы 30 саны қандай сан?
30-құрама сан. 30=2*3*5
Мұғалім: құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.
Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің екі тәсілі бар.
- Тәсіл: Берілген құрама сан екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазылады.
Мысалы: 36=4*9
- Тәсіл: Құрама санды жай көбейткіштерге баған түрінде жіктеу.
Мысалы: 24-саны
24 2
12 2
6 2
3 3
1
24=2*2*2*3
Егер берілген құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуінде бірдей жай көбейткіштер кездессе, оларды дәреже көрсеткішпен жазуға болады.
24= 23*3
32 2 32=25
16 2
8 2
4 2
2 2
1
Мұғалім: Тақтада №263(1), №264(1,3,5)
№272
Тест тапсырмасы:(жеке жұмыс,жұптық жұмыс)
1-нұсқа
- 12 санының барлық бөлгіштерін тап:
А) 12; 24; 36;… Ә) 1; 6; 12;
Б) 1;2;3;4;6:12; В) 1;2;3;4; 8;12
- 96 санын жай көбейткіштерге жікте:
А) 2 *3; Ә) 16*6
Б) 32*3 В) 2 *6
- Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді:
8568; 7776; 8694; 9963; 9087; 4686;
А) 7776; 5306; 9963; 4986;
Ә) Барлығы;
Б) 9963;
В) 8568; 7776; 8694; 9963.
2-нұсқа
- Бірінші сан екінші санға еселік бола ма:
А) 3пен 43 Ә) 11 мен 11120;
Б) 1120 мен 112; В) 15 пен 8.
- 162 санын жай көбейткіштерге жікте:
А) 81*2 Ә) 2*3
Б) 3 *16 В) 9*18
- Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді:
5886; 3506; 6777; 3969; 9648; 7908; 9468;
А) Барлығы
Ә) 5886; 3506; 6777;
Б) 5886; 6777; 3969; 9648; 7908;9468;
В) 9468.
Екі нұсқалық есептер орындап, нәтижесін өздері экраннан көре отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді.
Жауаптары:
1-нұсқа 2-нұсқа
1.Б; 2. А; 3. Ә; 1. Ә; 2.Ә; 3.Б.
Қорытындылау:
- «Ой толғаныс»: Бүгінгі сабақтан не алдым? Нені білдік? Не үйрендік?
Үйге тапсырма: №267, №269 2), №276.